Сәрсенбі, 09 Маусым 2021 12:51

Бәйдібектік ардагерлер Түркістанға саяхат жасады

| Автор:  
Материалға баға беріңіз
(0 дауыс)

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес арнайы ұйымдастырылған сапарға Бәйдібек ауданының 50-ге жуық ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері жаңарып, түрленген түркі әлемінің рухани астанасы Түркістан қаласын аралады.

 Аудан ардагерлері алғашқы саяхатты Түркістан қаласының «Сапар орталығынан» бастап, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етті.

Содан кейін санғасырлық тарихы бар Түркістан өлкесінің өткені мен бүгіні туралы шежіре шертетін «Ұлы дала елі» орталығы мен «Алтын Самұрық» ғимараты ішіндегі ұшатын театрды тамашалады. Сондай-ақ «Керуен сарай» кешеніне саяхат жасады. Түркістанның жаңарған келбетін алғаш рет көруге келген бәйдібектік ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері және ардақты аналар аз уақыт ішінде рухани астананың жаңарып, түрлі зәулім ғимараттардың бой көтеріп, адам танымастай өзгергенін айтып, ерекше әсерге бөленгендерін жеткізді. Түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған аудан әкімдігі мен ардагерлер кеңесіне алғыстарын білдірді.

Ардагерлердің Түркістанға сапары барысында арнайы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, медицина қызметкерлері бірге жүріп, карантиндік талаптар толығымен сақталды.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 572 рет Соңғы рет өзгертілді: Сәрсенбі, 07 Шілде 2021 15:09