Руханият

Руханият (132)

Түркістан: БӨГДЕ БАҒЫТ БҮЛІККЕ АЛЫП КЕЛЕДІ

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университетінің студенттерімен кездесті.  Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды. Жат ағымдардың айла-шарғысы, олардын қалай сақтану керек екенін айтты. Дініміз ислам бейбітшілікпен ынтымаққа үндейтін жақсылыққа шақырып ізгілікті насихаттайтын зұлымдықпен жауыздыққа озбырлықты құптамайтын  асыл дін. Сол тыныштықпен бейбітшілік рәмізі болған дініміздің  бірлігіне сына қағатын тура жолдан адастырушы топтар бар екені мәлім. Оларды қазіргі таңда жат ағым, кері ағым, теріс ағым, адасқан ағым деген атаулармен атап жүрміз. Жалпы адамзат баласының азғындықтан сақтана алмай, бір нығмет іспетті болған дінді ұстануда адасулары, діннің атын жамылып өз жолдарына пасық пиғылдарына пайдалануға тырысып бағулары, тарихта бүлік істерімен қан төгістермен есте қалып, фитнашыл бүлікшілдер тізбегін жалғастырып келеді. Саф діннің тұнығын лайлаған діншіл радикалды әрекеттер қоғам тыныштығын бұзып, халықты діннен бездіріп жеккөрінішті етуде. Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз «Дін десе тұра қашты есті азамат», - деп осы жағдайды меңзегендей. Шынайы исламның дәстүрлі бағытын ұстанған ертедегі ата-бабаларымыз өз бата-тілектерінде «діннің апатынан сақта!», - деп тілеп отыратын. Бұл ретте діннің де өз ішінде жоятын апаты (сынағы) болатынын тап басып байқаған. Мысалы айтар болсақ, бір отбасында аға-бауырлардың әртүрлі діни бағыттарға кіріп бірін-бірі сыйламауы, адамгершілік қасиетті өзінің теріс діни танымымен өлшеуі, ата-анасын кәпірге шығару, өзінің бағытына ермегендерді (жаһил) наданға балауы сынды көптеген адасушылық пиғыл әрекеттер т.б. ардақты елші Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын) Хазреті Усамадан жеткен мына бір хадисінде: «Бір күні Усама р.а  былай дейді, бір күні Алла Расулымен отырған едім. Сол күні ол Мәдинаның биік үйлерінің төбесіне шығып, айналаға барлай қарап тұрып бір мезет: дәл қазір үйлеріңнің арасында бүліктің нөсердей жауғанын көріп тұрмын,» деді, - деп, Алла елшісі өзінің өмірден өткен соң келеңсіздіктер орын алатынын байқаған болатын. Расында да Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігімен сәлемі болсын дүниеден өткен кезеңдерден ағымдардың бастау алып, исламда бүлік топтар пайда болып қалыптасқан.Адасқан ағымдардың арасында ажырасу талақ айту, ата-анасын кәпірге шығару, бейіт басына құран оқымау, ас беру рәсіміне қатыспау, құран бағыштауға қарсы болу, дұға қылғанда алақанды жаймау және бет сипамау, сақалды бей-берекетсіз өсіру, балақты қысқарту, намаз оқығанда талтайып тұру, қолын кеудесіне қойып оқу сынды көптеген белгілері бар. Бұл белгілерінің барлығының шығу тегі Құран және сүннет біздің жолымыз деуінде жатыр, өзгелерді ширк бидғатпен айыптайды. Әсілінде құран және сүннетті ғалымдарымыздың түсіндіргеніндей ұстану болатын.Жалпы дін ұғымының ауқымы кең деп білсек, діни білімнің қалыптасуында мазхаб діни мектептердің орны ерекше. Біз ұстанатын діни жол Имам Ағзам Әбу Ханифаның Ханафи мазхабы, өзге үш мазхабтың ішіндегі ең үлкені. Аталмыш мазхабтарда қоғамдық ынтымақтастықты бұзбайтындай және бүлікке себеп болмайтындай қарама-қайшы пікір болса, оны пікір алуандығы рақымшылық деп қабылдаған. Тіпті «Қазы (сот) үкім беретін кезде ижтиһад етеді де дұрыс болғанын таба алса екі сауап, ижтиһадында қателессе бір сауап алады»,  деген. Сол ағымдардың қателіктерінің бірі құлшылық амалдарында «Менікі ғана дұрыс деуінде». Негізінде «Мен тек абзалын ғана ұстап жүрмін» деген ұстанымда болуы керек.Ислам әлемінде сенімге байланысты арпалыстың өршіген хижри екінші ғасырында иман сенім ұғымдарын нақыл және ақылмен қисын қағидаларын бекітетін кәләм ілімі пайда болды. Бұл ілімнің басында екі имам: бірі имам Матуриди екіншісі Әшғари болатын. Біздің сенімге қатысты Матуриди жолын ұстанып амал фиқһта Ханафи бағытын ұстануымыз сонау  ата–бабамыздан бері келген діни ұстанымымыз. Тарих қайталанатынын ескерсек өзгенің қаңсығын таңсық қылмай Матуриді ілімін зерттеп, Әбу Ханифа ұстанған бағытпен құлшылығымызды түгендеп иманның жемісін көру барлық азаматтың асыл парызы. Асыл дініміздің мақсаты да осы.Белгілі бір ағымның жетегінде құрыққа сырық болып жүрген адамның жылдар бойы сол ағыммен жүрседе ешқандай нәтижеге қол жеткізбеуі, алтын уақытының босқа кетуі, аяғында өкінішті жағдайларға алып баратын оқиғалардың орын алуы көптеп кездеседі. Атап айтсақ, Такфиризм ағымының ұстанушылары басым бөлігі жастық шағында эмоцияға берілгендіктен адасып кеткендер. Діни білімі артпақ түгілі оның айналасы салт-дәстүр тарих әдебиет өнер тағы басқа да қоғамдық салалардан кенжелеп дүмбілез догманың соңынан қартайғанша өнбейтін құр сүлдері созылған уағызынан сапырып жүре береді. Ең өкінішітісі ағымдардың жетегіне еріп адасқан адамның өзінің қателігін мойындамай өзін тура жолдың жаршысы іспетті көрсетіп қоғамды түзеуге ұмтылуы еді.Ислам тарихына көз жүгіртіп Әһлү сүннет ғалымдары тарапынан адасқан деп үкім етілген ағымдарды зерттеп қарайтын болсақ, басым көпшілігі жеке бастың қамы немесе белігілі бір топтың билікке келу жолындағы саяси мүдде мен мақсаттың негізінде шыққандығы болып отыр. Олар көздеген мақсаттарына жету үшін құран аяттарымен сүннеттен дәлел іздеп, шариғатты бұрмалап өз жолдарын ақтауға тырысқан. Алайда тарих  өз-өзіне төреші демекші мұндай адасқан ағымдар уақыт өте келе әшкереленіп жойылуға мәжбүр болған.Жиын барысында студенттер басқа көкейінде жүрген суалдады қойы, тұщымды жауап алды.

Түркістан: Жат ағым жолдан адастырады

Жат діни ағымдардың іс-әрекеттеріне, экстремизмге тосқауыл қоюдың ең негізгі құралы ол – профилактика, яғни ақпараттық-насихат жұмыстарының тиімді жүргізілуі. Осы орайда, Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №7 С.Ерубаев атындағы мектеп интернатында балалармен кездесті.  Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды. Жат ағымдардың айла-шарғысы, олардын қалай сақтану керек екенін айтты.

Жастар —  қоғамның қозғаушы күші. Қазіргі таңда ислам атын жамылған түрлі жат ағымдар жастарымыздың санасын улауда.  Ал осы жат ағымның шырмауына түскен жастарымыз хақ дін мен теріз ағымның арасын ажырармалып жүр. Бұл еліміздің болашағы үшін де, қоғам үшін де ойланатын үлкен мәселе.

Жат ағымның алдын алу мәселесінде біздің елдің позициясын білесіздер, біздің ел — күшпен емес, біліммен идеологиямен жеңуді көздейді. Елбасының  өзі қазақ елінің тарихында дәстүрлі дінді ұстанған зиялы қауымның болғандығын үнемі ескертіп, олардан үлгі алуымызды  айтып өткен.  Қазіргі таңда еліміздің әр аймағы бойынша дін істері басқармасы жұмыс істейді. Басқарманың өзінің көптеген функциялары бар. Ал сол функцияның бірі- осы жат ағымның жетегінде кеткендерді кері қайтару. Бұл бойынша Алматы қаласының әр ауданында кеңес беру және оңалтумен айналысатын арнайы дипломы бар теолог мамандар жұмыс істейді. Кейбіреулерімен жеке кездесулер ұйымдастырылса, кейбіреуімен құқық қорғау органдарымен бірлесіп түсіндіру жұмыстары жасалады. Одан кейін экстремизм мен терроризм бабы бойынша отырған абақтыдағы адамдармен де кеңес беру істері жүргізіледі. Ең алдымен ата-ана баланың интертте отыру мәдениетін қадағалап отыруы керек. Сонымен қатар жастар ҚР Қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы рұқсат еткен сайттарға ғана кіруі керек. Адамда идеологиялық ваккум деген нәрсе болмайды. Адамдар сол ваккумды бір нәрсемен толтырғысы келеді. Діни сауатын ашқысы келетін жастарға тек дұрыс жолды нұсқауымыз қажет. Діни сауалдар туындаған кезде діни жоғары білімі бар мемлекеттік саяси немесе мемлекеттік бағытта Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының нұсқауымен ұсынылған ұстаздардан ған білім алуға кеңес беремін. Тағы бір ескеретін жайт ата-ана мен баланың қарым-қатынасы ашық болуы керек. Егер бала өз ата-анасынан әрекеттерін жасырын жасайтын болса, ата-анасымен ақылдаспайтын болса  қыйын жағдайларға тап болуы мүмкін. Сондықтан ата-ана баласының араласатын достары мен ортасын да бақылауға алғаны жөн. Егер бала жастайынан намазға жақын болып, діни сауаттылығын арттыруға бейімделсе, бала қай бағытта намаз оқуда? Қандай діни кітаптардан білім алуда? Дәстүрлі «Ханафи мәзхабы» жолын ұстануда ма? Осы сауалдардың барлығын ата-ана өз бақылауына алуы керек. Өйткені намаз сырт көзге үлгі боларлық жағдай болғанымен, оның ішінде қаншама мәселе жатыр. Өйткені сол көзқарасты адамдардың идеологиясында үлкен мән жатыр. Біз идеологияны адамның жүрегінен көре алмаймыз ғой, тек сыртқы көрінісіне ғана қарап баға бере аламыз. Кез-келген теологтан сұрасаңыз жат ағымға кетудің алғашқы себеді ол-діни білімсіздік. Ал екінші адам бір белгілі себептермен намаз оқуға бел буады. Ал осы кезде оның алғашқы бағыт беруші ұстазы қандай болса соның көрсеткен жолымен кетуі. Егер оның ұстазы жат ағымның насихаттаушысы болса, ол соның артынан оңай еріап кетеді. Өйткені ол адам не айтса да ұстазымның айтқаны дұрыс деген көзқараста болады. Үшінші мәселе ол-қаржылай тәуелділік. Өйткені жат ағымның өкілдері өзінің артынан ерушілерге алғашқыда қаржылай материалдық жағдайын жақсартуға көмектеседі. Ал берген қолға ешқашан қарсы шыға алмайтындар бар. Жомарт адам қашанда бәрінен жақын тұрады. Бұл басқа ағымды насихаттайтын бірден-бір жол осы. Төртіншіден жат ағымды нәсихаттайтындардың бейне жазбаларының көп таралуы. Бұл да үлкен себептің бірі.
Экстремизмге қарсы күрес жүргізуді екі жолмен жүзеге асыруға болады: ең алдымен, «оқшауланып» кетпеген, экстремистік идеологияның қақпанына түспеген халықты ескерту мен олардың арасында профилактикалық жұмыстарды белсендірек атқару керек. Мұндай жұмыстарға жоғары білімді, білікті теологтармен қатар, психологтар, педагогтар мен дінтанушылар, қоғамдық ұйымдар мен құзыретті органдардың қызметкерлері бірлесе үйлесімді атсалысып, ақпараттық-насихаттау жұмыстарын тағы да тиімдірек жүзеге асыру қажет.
Ал, екінші жол бойынша «оқшауланған» идеологияға жақтасқандармен кешенді түрде тікелей жұмыс жүргізу, әрі оларды қайта иландыру жолдарын, айла-тәсілдерін зерттей отыра, ондай шараларды іске асыруды қолға алу бүгінгі күніміздің талабына айналды. Сондай-ақ, семинарда «Жастардың діни сезімдерінің радикалануына жол бермеу мәселелері мен шешу жолдары» тақырыбы айтылды. Кейбір мәліметтер бойынша, өзге ағымның жетегіне кетушілердің 80 пайызы 18 бен 29 жас аралығындағы азаматтарды құрайды. Оған негізгі себеп – әлеуметтік желілердегі уағыздар мен жастар арасындағы жұмыссыздық. Сондықтан, жиында дәріскерлер мектеп психологтары мен ұстаздары оқушылардың діни сауаттылығын арттыруды жиі қолға алу керек деп есептейді. Ал, мешіт имамдары мен теологтар ел арасындағы үгіт насихат жұмыстарын жүйелі жүргізсе, жастардың түзу жолдан таймауына сеп болатындығын жеткізді. Семинар-тренингке қатысушылар баяндамашыларға сауалдарын қойып, қажетті мағлұматтарға қол жеткізді.

 



Түркістан: Жастар қауіпсіздігі өте өзекті мәселе болып табылады

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №9 Некрасов атындағы мектеп гимназия

оқушыларымен кездесу өтті. Кездесуде жат ағымдар, терроризм мен экстремизм жайлы сөз болды.  Дамыған немесе даму үстіндегі тыныш жатқан бір елді тоқырауға жіберудің бір әдісі діни ағымдар арқылы қоғам ішінде іріткі тудыру. Сондықтан да сыртқы күш түрлі діни ағымдардың ықпалымен қоғамға бүлік салып, отбасын ойрандатып, экстремистік, террорлық іс-әрекет жасап, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян тигізуге барын салады. Қазір жер бетінде  2 миллиардқа жуық мұсылман бар. Бұлардың бәрі де өздерін «Мұхаммед пайғамбардың үмметіміз» деп түсінеді. Мұхаммед пайғамбардың өсиеті мен аманатын  «Ислам өркениеті», «Ислам мәдениеті»  деген  ұғымдармен тығыз қарастырады.  Ежелден өзге өркениетке, өзге мәдениетке сыйластықпен, түсіністікпен қарау да үлкен мәдениеттілік. Бүгінгі тілмен айтқанда, толеранттылық. Толеранттылық деген терминді алғаш енгізген және жиі айтатын Батыс әлемі. Батыста «Ислам өркениеті мен Батыс өркениеті  түбінде бір қақтығысады» осыған дайын болу керек,  Батыс өркениеті Ислам өркениетін жеңуі керек деген түсінік бар. Бұл Самуил Хантикгтонның «Өркениеттер қақтығысы» деген кітабында, сондай-ақ Фрексис Фукмяманың еңбегінде де айтылады. Қазіргі таңдағы діннің саясат құралына айналып, дінді жік-жікке бөліп, діннің қадірін кетіру де жоғарыда атап өткен жазушылардың еңбегіндегі сөздеріне дәлел бола алады. Бұл ретте, халықтың діни сауатын арттыру негізгі мәселе,- деді маман.  Оның сөзінше, жат ағымның жетегнде кетудің себебі, адамға білім жетпейді. Оның ішінде, діни сауаттылығымыз өте төмен екен.  Діни білімнің жетілуі дегеніміз біздің ауызбіршілікті күшейту деген сөз. Қарапайым халықты ылаң салушы, жат дін ағымның өкілдеріне қарсы діни сауаттандырудан кейінгі мәселе жат діни  идеологияларына қарсы ЖОО-да, мектептерде, мемлекеттік мекемелерде лекция, семинар, кездесулермен қатар насихат жұмыстарын жүргізу керек. Осы орайда,  жастарды ескертіп отыратын мәселе  діни білім алып, діни сауатын арттыру барысында әлеуметтік желілер мен интернет  ресурстарын пайдалану барысында  дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу қажет деді ол. -  Дәстүрлі емес діни ағым өкілдері ресми тараптан ақпарат алуға құлықсыз. Олар дереккөз ретінде интернет ресурстарын басшылыққа алады. Осы интернет ресурстарында мемлекеттің ресми ұстанымын баяндайтын мәліметтердің санын арттыру жұмысы қолға алынуы тиіс. Себебі интернеттен гугл не басқа да іздеу сайттары арқылы мәлімет іздегенде бірінші болып сол ағым сайттары шығады. Іздеуші адам көп жағдайда уақыт үнемдеу үшін іздеу сайттарының бірінші парақшасында келген сайттардағы мәліметтерді көрумен шектеледі. - Дәстүрлі емес діни ағым мүшелерінің басым көпшілігі жастар. Олар ондай ағымдарға рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-баба дәстүрін ұлықтау арқылы да, елдің рухани байлығын мемлекеттік брендтерге айналдыру арқылы да жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалудағы бір тәсіл болып табылады. Осыған байланысты дінтану пәнін оқыту процесінде  дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу және психологиялық тұрғыдан әлеуметтік желідегі жат ағым өкілдерінен қорғану тәсілі ретінде Қазақстан аумағындағы діни сайттардың ақпараттарының мазмұнына мән беріп, мешіттердегі атқарылған іс-шараларды ғана насихаттаумен шектелмей нақты өмірлік тәжрибеде кездесетін мәселелерге жауап беруге тиіс. Жат діни ағым өкілдерінің сайттарында ресми сайттарға қарағанда жастардың үлесі басымырақ, өйткені  психологиялық тұрғыдан қазіргі таңда  жастардың дені «клиптік ойлау» бейімделген, яғни адамдардың ұзақ ақпараттарды қабылдауға ынтасы жоқ, қызығушылық танытпайды және ресми жаңалықтарға ден қоймайды. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушы, теолог мамандары әлеуметтік желілерді қысқа метражды сұхабаттарын жариялауда. Осы тұрғындан жұмыс жасау тиімді деп санаймын.Қазіргі таңда ғаламтор және жастар қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті мәселе болып табылады. Елбасымыз «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында интернет пен әлеуметтік желіде діни экстремизмнің жолын кесуді, діни радикалды көзқарасқа мүлдем төзбеушілікті тапсырған. Экстремистер өздерінің теріс пиғылдарын психологиялық тұрғыдан сауатты түрде ғаламтор арқылы насихаттауды жетік меңгерген. Жат діни ағым өкілдерінің жазба дыбыс арқылы келетін жолдауларды, түрлі бейнедегі суреттерді, түсірген видеороликтерді көрген жастар түрлі психологиялық ойларға барып, қауіптерге бел буады. Психологиялық тұрғыдан сауатты жасақталған материалдармен жат діни ағым өкілдері жастардың психологиялық әлсіз тұстарын біліп, олардың мінездемелеріне сай түрлі айла тәсілді қолданары хақ.  Осы тұста мамандар психологиялық қоғаныс жайлы да сөз етті. Психологиялық қорғаныс тәсілдері: Қорғаныстың негізгі және бірінші түрі бұл - терістеу, теріске шығару. Өзіңді жағымсыз ситуациялардан қорғау үшін, адам шын мәнінлегі болған нәрсені теріске шығара бастайды. "Бұл қате",  " Бұлай болуы мүмкін емес", "бұл мен емеспін" деген сықылды сөз тіркестері адамның теріске шығару арқылы қорғаныс әдісінде тұрғанын көрсетеді.  Бұндай сәттерде, өзіңді және жақындарыңды қорғау үшін дауласып, әртүрлі дәлелдер келтіру керек емес.  Одан да адамның жанында болып, оның ойлануына мұрсат берген жөн.Қорғаныстың келесі тәсілі - регрессия.  Мысал ретінде алатын болсақ, егер отбасында екінші бала пайда болатын болса, үлкен баласы бақырып, шақырып мінез көрсете бастайды; немесе жазғы лагерьде үйін сағынған баланың қылықтары. Егер жақын адамыңыз осындай қорғаныс тәсілін таңдаса, оған өз махаббатыңды көрсету керек.Қорғаныстың позитвті тәсілдерінің бірі компенсация  мен сублимация. Дәстүрлі құндылықтар – ішкі  тұрақтылықтың тұғыры, рухани  қауіпсіздіктің  тірегі және ең бастысы-ұрпақтар сабақтастығының негізі. Ел боламын деу көптің тілегі. Дін ел боламын деген мемлекетті қалыптастыратын негізгі институттарының бірі. Мемлекеттің негізін қалыптастыратын ұлт бірнеше жікке бөлінсе мемлекетке зақым келеді. Әр адамның азаматтық қоғамды құрайтын жеке тұлға ретінде құқықтары толықтай сақталып, заңды, құқықтық қоғамда өмір сүргіміз келеді. Саяси мақсатты көздейтіндер дінді табыс көзіне айналдырғандар мен  қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жойғысы келетін күштердің әрекеттері бар екендігі белгілі.  Жеке тұлға мемлекеттің азаматы ретінде,  әрі белгілі бір діннің өкілі, діндар әрі зайырлы болуы мүмкін. Діни таным мен діни сенім арасын ажырату және нақты анықтамасын беру керек. Сенім мен  танымның арасында айырмашылықтарды нақты көрсету керек. Сенім табиғаты жағынан субьективті яғни, әр адамның түйсіну, сезіну, қабылдау деңгейіне қарай әр түрлі бола береді. Себебі онда әр адамның құдайдың тану тәжірибесі, рухани психологиялық процесс ретінде нақты сүйенеді. Барлық адам баласы құдайға сенгенімен танымы әр қандай болады. Ал таным негізделуі анықталуы қайта тексерілуі  талданып үздіксіз жүріп отырады. Бұл жерде діннің сеніміне зайырлықтың танымға негізделген  түсініктер екенін көруге болады. Зайырлылық- сенімге дінге,  идеологияларға қатысы жоқ. Жеке тұлғаның үздіксіз дамып отыратын таным процесінің сонымен қатар бір жаратушыға деген сенімінң қалыптасуына жат діни ағым өкілдерінің әсерін болдырмау өзекті мәселе. Бүгінгі күні бақ түгендейтін тақ түгендейтін уақыт емес, беліңді бекем буып, қауымның жотасы шаруасына жан пида ететін заман.Жаңа мыңжылдыққа келіп жатқан тәуелсіз елдің қоғамдағы өз орнын дұрыс тауып, өз аяғын жөн алып түру үшін де ең әуелі дәстүрлі қазақы діни сана қалыптастыру керек. Сонда ғана расымен санамыз, психологиямыз құлдық санадан азат болады,- деп аяқтады сөздерін. Жиын барысында мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

 

 

 

Түркістан: Ислам діні көркем мінез-құлықтан тұрады

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №16 Т.Бигелдинов атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесу өтті. Мамандар оқушыларға діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың зияны жайлы айтып берді. Оқушылардың «Теріс ағымдардың мақсаты не?» деген сұрағына жауап берді. «Теріс ағымды насихаттаушылардың мақсаты біреу – қоғамды «біз» және «басқаларға» бөліп, мемлекеттегі дінаралық татулықты, ұлтаралық келісімді, бейбіт өмір мен тұрақтылықты бұзу. Мысалы, қоғам мүшелерін «мұсылман» және «кәпір» деп бөлу әдісі осындай жат ағымдардың қолданатын тәсілдерінің бір ғана көрінісі. Айрандай ұйып отырған бір отбасын немесе мешіттің бір бүтін жамағатын топтарға бөліп тастайды, қоғам мүшелері арасында ауызбіршілік жоғалады. Кез келген жат ағым өзінің адептілерінің (жамағанының) көбейгенін қалайды. Сол үшін аянбай күреседі. «На войне все средства хороши» дегендей, олар жамағат санын көбейту үшін барлық әдіс-тәсілдерді қолданады: қайырымдылық қор ашады, тегін дәрі-дәрмек таратады, киім-кешек береді, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсеткен болады, психологиялық күйзеліске түскен адамға келіп «Құдай сені жақсы көреді» деген сияқты жанды жұбататын жылы сөздерді айтады және т.б. Бір ескеретін жайт, «теріс діни ағым» деген уақытта біз тек исламды жамылған жат ағымдарды түсінбеуіміз керек. Бұлай ойлау қате. Себебі терроризм, экстремизм адамның тіліне, дініне, нәсіліне қарамайды. Мысалы, дәстүрлі христиан дінін жамылған теріс діни ұйымдар, топтар, ағымдар мен секталар да жетіп жатыр. Теріс діни ағымдар мен секталар бір адамды өз қатарларына қосып алған соң, сол арқылы оның отбасына, ағайын туыстарына шығады. Кейін уақыт келе халықтың тарихы және мәдени қалыптасқан дінін бұрмалап, ділін терістеп, дәстүрі мен салтын, тарихы мен мәдениетін жоққа шығарады, мемлекеттік рәміздерді құрметтемейді және т.б. (Мысалы, ән ұран айтылғанда орнынан тұрмау, әскери борышты өтемеу, референдумғе яғни, дауыс беру сайлауына қатыспау және т.б.) Ұлтқа өзіндік нақыш беріп тұрған (мысалы, сәлем салу, дастарқанды немесе асты қәдірлеу сияқты т.б.) рухани құндылықтардан айырып, халық арасында мемлекетке қарсы нарызылық тудырады, елді ынтымағы мен бірлігінен айырады»,-деді мамандар. Жиын барысында мұсылмандардың өзге дін өкілдерімен қарым-қатынасы да саөз болды.Исламда өзге дін өкілдерімен жасалатын қарым-қатынастың қағидаттары  шариғаттың негізгі қайнар көздері – Құран мен сүннетте бекітілген. Дәстүрлі дініміз кез келген дін өкіліне құрметпен қарауды, адамдарды нәсіліне, ұлтына, дініне байланысты бөлмеуді насихаттайды. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, VII ғасырдан бастап Ислам діні өзінің географиялық орналасу аймағына сәйкес, сол елді мекен аумағында қоныстанған көрші иудейлермен, христиандармен, отқа табынушылармен және басқа да діни сенімдегі адамдармен бейбіт қарым-қатынас орнатқан. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған  игілігі мен сәлемі болсын) исламды қабылдаған мұсылмандармен бірге 622 жылы Мекке қаласынан Мәдина қаласына хижрет жасаған, яғни қоныс аударған болатын. Мәдина қаласына қоныстанған соң Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) қаладағы өзге дін өкілдерімен «Мәдина» келісімшартын жасады. Сонау VII ғасырда жасалған бұл келісімшарт – исламдағы төзімділік пен бейбітшілікті, исламның адам құқығына деген құрметі мен диалог мәдениетін, өзге дін өкілдеріне көзқарасын, сондай-ақ сенім бостандығы мен ар-ождан еркіндігін қамтыған алғашқы қағидаттар жинақталған құжат. Өз заманында Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өзге дін өкілдеріне мейірімділікпен, қамқорлықпен қарай отырып, олардың құқығын мұсылмандардың құқығымен тең дәрежеде ұстады. Ғибадатханаларын қиратпауды, діндарларды өлтірмеуді, оларға қол жұмсамауды, алым-салық алмауды, мал-мүлкіне қол сұқпауды өсиет еткен. Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тәлімін алған ізбасарлары да мұсылмандардың қоластына кірген елдерде осы ұстаныммен билік жүргізді. Сонымен қатар, «Кім адамды (мұсылмандармен бірге өмір сүретін өзге дін адамын) өлтірсе, ол жәннаттың исін де иіскемейді. Әрине, жәннат исі жетпіс жылдық қашықтықтан келіп тұрады» деп ескерткен. Осы хадиске назар аударсақ, дінімізде өзге дін өкілдеріне үлкен құрмет көрсететінін анық көруге болады. Ислам кез келген дін өкіліне құрметпен қарайды. Ешкімді дініне, ұлтына, нәсіліне және жынысына немесе материалдық жағдайына қарап бөлмейді. Адамға рухани құндылығы тұрғысынан баға береді. Жалпы ислам діні көркем мінез-құлықтан тұрады. Көркем мінездің де түрі өте көп. Олардың қатарына кешірімділік, жомарттылық, шыншылдық, аманатқа беріктік, қарапайымдылық, сыпайылық, сабырлылық, ұяттылық жатады. Күнделікті өмірде адамдардың арасында кездесетін барлық қарым-қатынас, іс-қимыл, әрекет, сауда-саттық кезінде жақсылық жасаудың кез келген жолы, тіпті адамға жылы шыраймен қараудың өзі көркем мінез саналады. Өзінің шыншылдығымен, әділдігімен қара қылды қақ жарған тұлға Хаттабтың ұлы Омардың оқиғаларын мысалға келтіре кетсек: Ислам діні жан-жаққа тарап, аумағы кеңейіп, көптеген жерлер ислам дінінің билігіне қараған болатын. Сол жылдары өзге ұлттар мен өзге дінді ұстанушылардың ешбіріне мұсылмандар тарапынан қысым жасалмай, тұрғындар еркін өмір сүрген еді. Ислам діні христиандар көбірек шоғырланған Палестина аймағына да жетіп, сол жерде тарағаннан кейін, екінші халифа Омар 637 жылы оның тұрғындарымен бейбіт қарым-қатынасты сақтау мақсатында былайша келісім шарт жасайды: «Бұл Алланың құлы, мұсылмандардың әміршісі Хаттабұлы Омардың Илиа халқына берген қауіпсіздік қағазы: «Олардың жандарына, малдарына, шіркеулеріне, крестеріне, дені саулары мен сырқаттарына және қалған ұлтына амандық берілді. Шіркеулерін ешкім тұрғын үйге айналдырмайды, оларды ешкім бұзбайды, олардың ішкі және сыртқы қор мүліктерінен еш нәрсе кемітілмейді, олардың малдарына ешкім қол сұқпайды. Мұндағылардың дініне зорлық жасалмайды», – деп Палестина халқының қауіпсіздігіне кепілдік берген болатын. Сондай-ақ, бірде Омар халифа кезінде көшеден қайыр сұрап отырған кәрі кісіні көреді де, оған жақындап: «Сен қай дін иесісің?» – деп сұрайды. Сонда әлгі ақсақал: «Мен яһудимін», – деп жауап береді, сол кезде халифа Омар одан не себепті осылай отырғандығын сұрайды. «Себебі мен мұқтажбын, жұмысқа жарамайтын кәрі адаммын ғой», – деп жауап береді. Сол кезде Омар оны мемлекет қазынасынан қажетін өтейтіндей керегін береді де, оның мойынынан өзге дін өкілдері мұсылман елінде тұрғаны үшін беретін салықты алып тастайды. Міне, бұл әділдіктің ең шыңы! Қазіргі уақытта басым бөлігін мұсылмандар қамтитын елдердегі христиан дін өкілдері ешбір қысым көрместен, мұсылмандармен бейбіт қарым-қатынаста араласып, ымыраластықта өмір сүруде. Жоғарыда келтірілген оқиғалар шынайы ислам діні өзге дін өкілдерімен қандай дәрежеде жақын болғандығын көрсетеді. Ал өзін мұсылманмын деп есептейтін адамды бес уақыт намаз оқымағаны үшін ғана кәпір деп айыптап, мал-мүлкін өзіне адал қылған жат діни ағым ұстанушыларының әрекеті ислам дінімен еш байланыспайды. Адами құндылықтары жоғалған және өздерін ғана ақиқатты ұстанушылар ретінде есептейтін олар нағыз исламның өзге дін һкілі болса да адам өміріне құрметпен қарайтынын білмесі анық. Сол себепті бір шаңырақ астында бейбітшілікте өмір сүру адамға берген ең үлкен құндылық деп қабылдау керек.

Түркістан: Ағымдардың бірі және бірегейі – сәләфизм

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №6 М.Мәметова атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесу өтті. Мамандар оқушыларға діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың зияны жайлы айтып берді. Жақсылық пен жамандық қатар жүретін сынаққа толы мына жалғанда біздің қабырғамызды қайыстырып, көңілімізді пәс қылатын жағдайлар мен оқиғалар болып жатыр.Жастарымыз дінге қызығушылық танытып, жоғалтқан жайнамаздарын тауып, түзу жолмен жүріп, қоғамға, отбасы мен тума-туыстарына пайдасын тигізіп жатса, ал кейбір жастар тура жолдан тайып, өзге ұлттың қолшоқпарына айналып, басқа елдің «жалауын көтеріп» ұрандатып, адасып, «дүмше атанып, дін бұзып жүргені» жасырын емес. Өзекті өртеген, қоғамды бүлдірген, жастардың санасын жалмаған ағымдардың саны артты. Сол ағымдардың бірі және бірегейі – сәләфизм.Сәләфизм немесе уаһһабизм ағымының қалай пайда болғаны туралы қаншама еңбектер жазылып, зерттеліп жатыр. Сол себепті ол мәселеде қалам тарту ойымда жоқ. Бірақ, айта кету керек, аталмыш ағымның доктриналық идеологиясын XIII ғасырда Ибн Тәймия қалады. Ибн Таймияның доктриналық пікірінің Әһлі суннә уәл жәмаға ғалымдарының көзқарасымен келіспейтін тұстары көп болды. Сол себепті, оған өз уақытында әһлі суннә уәл жәмаға ғалымдары ескерту беріп, кейбір көзқарасын теріске шығарды. Бірақ, қазіргі уақытта да сәләфилік идеология қоғам арасында қолдау тауып отыр деп ойламаймын. Халықты мәңгүрттікке шақырып, жастардың санасын улап, өмірге, қоғамға, отбасы мен тума-туысқа қарсы қоятын идеология қайтіп қолдау тапсын?! Отан мен азаматтың, қоғам мен тұлғаның, ата-ана мен баланың, күйеу мен әйелдің, бауыр мен бауырдың арасын араздастыратын ағым қалайша мұсылманды тура жәннатқа апарады?!Сәләфизм – болашағы жоқ діни ағым. Мен бұны осылай деп кесіп айта аламын. Оған тарих та, қазіргі уақыт та дәлел. Ислам діні сенім, ақида саласында екі мектептен (Матуриди мен Әшғарилік), құқық саласында төрт мәзһабтан (Ханафи, Мәлики, Шафиғи, Ханбали) тұралы. Осы бағыт Алла елшісі (с.ғ.с.) мен сахабаларының жолы және ол өміршең.Ол дамиды, өркендеп, халыққа тарайды. Ал уаһһабилік не сәләфизм ағымы уақытша, болашағы қараң, келешегі бұлыңғыр. Ол ағымға жастар құр қызығушылықпен, желөкпелікпен кіріп, жиіркеніштен шығып жатыр. Ол жүрекке тыныштық, ойға тұрақтылық бермейді. Себебі неде? Сәләфизм – Алланы дұрыс танытатын ағым емес. Аллаға мекен беріп, дене мен мүше бекітіп, орынға мұқтаж қылған «ғалымсымақтардың» ойлап тапқан сандырағы. Кешегі сахабалар мен атақты табиғиндер, соның ішінде сахаба Әли (Алла оған разы болсын) мен табиғин Зайнул Абидин Әли ибн Хусайын ибн Әлидің (Алла разы болсын): «Сен – мекенге тәуелді болмаған Алласың» деп дұғасына қосқан сенімнен емес, ақиқаттан алыс. «Мекен берген, халық қылған, Ол – лә мәкән» деп жырға қосқан Абайлардың жолынан жырақта.Сәләфизм – адамның ойын улап, санасын торлап, ақылға тоқтау салып, халықты «мәңгүрт» қылатын жымысқы адамның ойлап тапқан «қаруы». Алла Құранда мұсылмандарды ойлануға, ізденуге, салыстыруға шақырса, ал Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ақылы жоқтың – діні жоқ» деп ақылды өз орнымен пайдалануға үндеп отыр.Ал бұлар ше? Құран аяттары мен хадистерді түсінуде сыртқы мәнімен шектеліп: «Дінді ақылмен түсінуге болмайды, ол – философия, яғни адасушылық» деген түсінікті қалыптастырды. Мақсаттарына жету үшін мешіт имамдары мен белгілі исламтанушы, теологтардың уағызын тыңдауға, кітабын оқуға тыйым салады. Олардың уағызын тыңдап, кітаптарын оқыған адам таза сенімі бұзылып, адасады деп түсіндіреді.Сөйтіп, дінге жаңа келген адамның көңіліне өзгелерге деген сенімсіздік, жауы ретінде қарау танымын сіңіріп, өз айтқандарынан шықпайтындай хәлге келтіреді. Сол себепті аяттар мен хадистердің мәніне үңіліп, діннің рухын ақыл тұрғысынан саралай алмаған адамның мәңгүртке айналары сөзсіз.Сәләфизм – адамның иманды не имансыз екенін намазбен өлшеп, тілдерін кәлимаға келтіріп, мұсылман болған, бірақ намаз оқымайтын қандастарымызды «кәпірге» шығарып, ата-ана мен бала, бауырлардың арасына от салуды көздеген қитұрқы саясат.Анасының «бисмилләмен» пісірген тамағын жемей, әкесінің Алланың атымен бауыздап шалған құрбан етінен ауыз тимей, ата-анасының көңілін қалдырып жатқан балалардың жағдайы қандай өкінішті! Әкесіне қол, анасына дауыс көтеріп жатқан жас буын өкілдері де осы ағымның жетегінде жүргендер.Сәләфизм – әйелі мен күйеуін ажыратуды мақсат еткен, балаларды тірідей жетім, аналарымызды жесір етуді мақсатына айналдырған адастыратын ағым.  Мемлекетіміз зайырлы ел болғандықтан тек АХАЖ бөлімдерінде тіркелген неке ғана заңды. Ал бүгінгі таңда мемлекеттің бүтіндігін бұзғысы келетін осы сәләфилер өз мақсаттарына жету үшін неке мәселесінде де түрлі зымияндықтарға барып жүргені белгілі.Яғни, жас қыздарды алдап, ата-анасының хабарынсыз, АХАЖ-дың куәлігін керек етпей, жасырын неке қидырып жатады. Тіпті олар неке қидыруға имамға да бармайды. Өз араларында бірнеше сүре жаттаған, некенің шарттарын біле бермейтін біреуге некелерін қидырта салады.Осындай ағымдардың салдарынан «Азаматтық неке» және «Жыныстық жиһад» деген сынды некенің жаңа түрлері шықты. Мұндай некелер Ислам шариғатымен де, ата-баба дәстүрімен де үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

 

Түркістан: Жат ағым жарға жықпасын десек...

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №17 Ататүрік атындағы мектеп гимназиясының оқушыларымен кездесу өтті. Мамандар оқушыларға діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың зияны жайлы айтып берді. Бүгінде әлемдік мәселеге айналған жат ағымдар біздің еліміз үшін де шетін тақырып еместігі белгілі. Жүздеген ұлттар мен этностың, бірнеше дәстүрлі конфессиялардың басын қосқан еліміздің ерекшелігін теріс мақсатта пайдаланғысы келетін топтардың төбе көтермей қалмасы да айқын. Дәстүрлі діннен алшақтатып, адамдардың  санасын улап жүрген бұл теріс пиғылды керағар жат ағымдар бактерия, вирус сияқты. Қай жерде әлсіздік болса, қай жерде сақтану, алдын алу шарасы болмаса, сол жерде өркен жаяды. Соқыр сенім жетегіне еріп, жат ағымның ығына жығылған азаматтарымыздың қатары көбеюде. Еліміздің ата заңымен көптеген керағарар діни ағымдарға тыйым салынып отыр. Ресми ақпараттық порталдарда олардың тізімдері де жарияланған. Бұл жат ағымдардың жекелеген қауіп-қатерлері аз емес. Жалпылама айтқанда, еліміздің береке-бірлігіне, тұтастығына, қоғамымыздың күнделікті өміріне төнген қауіп деуге болады. Жеке өмірі ойрандалып, тағдырлары талқандалған азаматтар қоғам арасында жиі кездесіп отыр. Кез келген деструктивті жат ағым адамды отбасынан, жақындарынан оқшаулау арқылы өз идеялогиясының тұтқынына айналдыруды көздейді. Тіпті, адамдарды өз Отанын мойындамайтын деңгейге дейін жеткізіп, ой-санасынан тәуелсіздікті жоққа шығарады. Сол арқылы өздерінің радикалды мақсаттарына жетелеп, кез келген тапсырманы сөзсіз орындауға дайындайды. Жат ағымдардың ең қатерлі тұстары осы болып отыр. Дін – мемлекеттің негізін құраушы басты фактордың бірі болғандықтан, ол елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі. Ауызбірлік, елжандылық, бейбітшілік пен тыныштық – асыл дініміздің басты мұраты. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұрған жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, халқымызды, жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Жат ағым жарға жықпасын десек, бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, онымен сырласып, ішкі жан дүниесін түсініп оның көзқарастары жайлы әрдайым хабардар болған абзал. Әсіресе, ата-аналар балаға дін мәселесінде дұрыс бағыт сілтеп, діни ақпаратты дұрыс дерек көздерден алуға кеңес бергені жөн. Егер ата-ана балаға дін мәселесінде дұрыс тәрбие беріп, оңды бағыт-бағдар көрсете алмаса, жат ағым өкілдері оны өз мүддесіне пайдаланып кетуі әбден мүмкін. Діни білім алу қажеттілігі туындаған кезде, бір діни мәселеге тап болған сәтте әркімге жүгінбей, арнайы дін мамандарынан кеңес сұрағанымыз абзал. Дін өз бетімен үйренетін құндылық емес. Бұл деген дін қолжетімсіз дүние деген емес, керісінше, арнайы оқу орындары, мешіттерден, осы дін саласының мамандарынан үйренсе – дін жеңіл болумен қатар, сенімді құндылыққа айналады. Ал егерде діни сауатты бейтаныс ақпарат көздерінен, не болмаса бейтаныс өздерін ғана ақылды санайтын, дін үйретушілерден алатын болсақ, соңы қасіретке апаруы мүмкін. Әрбір азамат өзі дұрыс діни ақпараттармен өзінің имани иммунитетін күшейтіп, өзіне рухани сүзгі қалыптастырса, дінді сенімді қайнарлардан үйреніп, дұрыс ақпараттармен сусындаса жат ағым ықпалына еріп кетпейді. Әр адамның жаны, өмірі – өзіне аманат болса, бүгінгі адамзат қоғамын тұтас қалыпта, дұрыс бағытта ұстап тұру да – баршаға аманат. Ел бірлігі мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіретін ағымдардың жетегіне кетіп қалмау шараларына баршамыз атсалысуымыз қажет. Деструктвті діни ағымдармен күрес тек мемлекетке керек деп ұқпауымыз керек. Ол қауіпті жаумен әрқайсымыз аянбай күреспесек, еліміздің, болашақ урпақтың тағдырына қауіп төнбек.Егемен еліміздің ішкі тұтастығы мен қауіпсіздігін, тыныштығын сақтауда ерінбей еңбек етіп, көзіміздің қарашығындай қорғауымыз – азаматтық парызымыз екенін жадымыздан шығармайық! Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу болса зайырлылық туралы сөз қозғады. «Зайырлылық» сөзі «ашық», «айқын», сыртқы деген мағыналарды білдіреді. Зайырлылық ұғымының ауқымы кең. Зайырлылық аясына гуманистік құндылықтар, соның ішінде адамның ар-ұждан және наным-сенім бостандығын еркін пайдалануы кіреді. Яғни зайырлылық – әр адамның дүниетанымдық еркіндігін құптай отырып, қоғамның рухани саласындағы көптүрлілікті мойындау. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, ашық, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. «Зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, діннің мемлекет саясатына араласпайтынын білдіреді. Яғни зайырлылық – дінсіздік немесе дінді терістеушілік емес, ол – мемлекеттің діни емес, құқықтық қағидаттармен басқарылуы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Зайырлы мемлекет пен қоғам бұл – біздің тарихи таңдауымыз. Зайырлы атеистік дегенді білдірмейді. Зайырлы дегеніміз бұл – озық, толерантты, ашық қоғам. Біз дәстүрлі діндерге қолдау көрсетіп, кез келген экстремизм түрін үзілді-кесілді мойындамаймыз» деп атап көрсетті. Діни құқықтың әрекет ету аясы діни институтпен шектеледі. Діннің мемлекеттен бөлектігіне байланысты мемлекет дін істеріне араласпайды. Зайырлы мемлекеттегі барлық діндер тең құқылы және олардың бәріне бірдей талаптар қойылады. Мемлекеттік органдар діни бірлестіктердің ішкі ісіне (заң бұзылмаса) араласпайды, сондай-ақ, діни бірлестіктер мемлекеттік міндеттерді атқармайды. Мемлекет тарапынан көмек немесе қолдау көрсетуге конфессиялық ерекшеліктер негіз болмайды. Зайырлылық қағидаты – діни догманы мемлекеттен алшақтату, бірақ дінді қоғам өмірінен ажырату емес. Зайырлылықтың құндылықтар жүйесі адамның ойлау мәнері мен машықтарынан бастап киім үлгілеріне дейінгі мәдени феномендерді қамтиды. Мемлекеттің зайырлылығы діннен бөлектігінен ғана емес, сонымен бірге басқа дүниетанымның басымдығын мойындамауымен сипатталады. Зайырлы мемлекетте діннің өзіндік орны бар. Дін мемлекеттен бөлек болғанмен, халықтың  болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен бөлек емес. «Зайырлылық» ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екенін, діни сенім бостандығының қамтамасыз етілетінін білдіреді. Мемлекет пен діннің арасында зайырлы әрі рухани құндылықтарға сүйенген жанды байланыстар орнаған. Зайырлы мемлекеттің маңызды сипаттарының бірі – діни сенімдері мен көзқарастары әр түрлі азаматтардың бейбіт қатар өмір сүруі. Яғни зайырлы мемлекет рухани саладағы көптүрлі қарым-қатынастың құқықтық негіздерін қамтамасыз етеді.Қорыта айтқанда зайырлылық дін емес, мемлекеттің ұстанымы. Ол дінге тыйым салмайды. Зайырлы қоғамда өмір сүре отырып діндар болуға, діни қызмет атқаруға мүмкіндік бар.

Түркістан: Жат ағымдар жарылқамайды

Пиғылы жат діни теріс ағымдар бүгінде ғаламдық проблемаға айналып отыр десек, артық айтқандығымыз емес. Арғы-бергі, тоқсан толғаулы тарихымызды парақтар болсақ, халқымыздың қандай да бір діни алауыздықтарға жол бермегенін байқаймыз. Қазіргі ата-ана баласы «Алла» атын аузына алып, намазға жығыла бастаса кәдімгідей қобалжитын жағдайға жеткен. Бұл арада мәселе діннің өзінен емес, дін атын жамылушы теріс пиғылдылардың  қитұрқы әрекетінен ушығып тұрған жайы бар. Жаһандану заманындағы басты қатер – ашық-шашықтығымыз. Осы ұрымтал тұсты пайдаланушы мысық тілеу миссионерлер ұлтымызға жақын ислам діні атын жамылып кез келген бағыт бойынша, соның ішінде ғаламтор арқылы да жастарымыздың санасын улап, қоғамымызға іріткі салып бағуда.


Бүгінгі ағымдардың ислам атын жамылып атқарып жатқан іс-әрекеттері тарихта бұрын да болған дүниелер. Тек тарихтағы сол қисыны жоқ түсініктер қайта айналып келіп отыр. Оны ислам қайнарына сүйенген білім арқылы және ауызбіршілік, ынтымақ арқылы ғана жеңе аламыз. Ағымдарды жеңу терең білім, толассыз насихаттар арқылы жүзеге асады. Жат ағымдар мына жағдайларда анықталады:
Халықтың діни ұғым, дәстүрлеріне байланысты:
1. Қарт кісілердің жастарға беттерін сипап, берген баталарын теріске шығарады.
2. Келіннің ата-енесіне иіліп сәлем бергенін теріске шығару, бұл олардың пікірінше, Алладан басқа тағы да біреуге табыну болып табылады.
3. Мұсылмандардың молаға зиярат етуіне болмайды.
4. Құранды өлген адамдарға арнап оқуды теріске шығарады.
5. Өнерді теріске шығарады.
Халықтың дәстүрлі ұлттық киімдеріне байланысты:
1. Арабтар мен пәкстандықтардың киімдеріне еліктеу (еркектердің ұзын көйлектері мен орамалдары);
2. Шолақ балақ шалбар киеді, «тірсектен түскен киім-тозақ отына барады» деп насихаттайды.
3. Ұзын әрі күтімсіз сақал өсіру, бұл Құдайдан қорыққандықтан-мыс. Олар сақал қоюды уәжіп санайды.
Туыстық қатынастарға байланысты:
1. Ата-аналары дайындаған тамақтан, олар намаз оқымай дайындады деп бас тартып қарсыласады.
2. Ата-ана, ағайын-туыстары, дос-жаран, тамыр-таныс, көрші-қолаңмен қарым-қатынаста үйлену тойлары, туған күн, мерекелер, еске алулар, діни-рухани рәсімдердің бәрі олар үшін жағымсыз, шариғатқа қайшы әрекет.
3. Әйел, қыз балалар, олар үшін жай ғана бір зат немесе олар екінші сортты адамдар, тіпті құл-күң дәрежесінде ұғынылады.
4. Басқа туыстарымен араласқан кезде, өздерінің Ислам туралы жеке түсінігін тықпалайды және олардың ойынша «мешіттерде сауатсыз имамдар отырғандықтан» тек қана өздерінің уаһһабилікті дәріптеуші ұстаздарын тыңдауды талап етеді.
«Ислам – адамзат баласын бірлікке, бейбітшілікке, татулыққа шақыратын дін. Бірлік бар жерде береке, бейбітшілік бар жерде тыныштық, татулық бар. Қазіргі таңда ислам атын жамылып, халықты түрлі сенімге бөлген жат ағымдардың қоғам тұтастығына сызат түсіріп отырғаны алаңдатады» дейді дін өкілі.
Жат ниетті ағым бұқара халықты сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту мақсатында түрлі айла-шарғыларын жасауда. Мәселен, исламның атын жамылған уаһһабилер, құраниттер, ахмадияшылар, хизбутшылар, гүленшілер, тәкфіршілер секілді ағымдар ашық та, жасырын да ел ішінде теріс бағытта қызмет жасауда. Әсіресе, қазақтың дүниетанымына сай келетін Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзһабын мойындамай, жоққа шығарғысы келетіндер әрекеті байқалады. Жасыратыны жоқ, соңғы кездері ел ішін ала тайдай бүлдіріп, жаңашылдық әкелмек болған «сәләфи» ағымы қанатын кеңге жаюда. Ал, аталған ағымның шырмауына түскен бауырларымыз хақ дін мен ағымның арасын ажырата алмай дал болуда. Діни сауатсыздығының кесірінен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жатқа жалтаңдап, дана атанған халқымыздың салты мен дәстүріне дұшпандық жасап жатқаны жанымызға аяздай батады. Иә, жат ағым таратқан ақпараттардан дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарасымызға мүлдем кереғар көзқарас, ұстанымдар шыға бастады.
Қазіргі кезде бүйректен сирақ шығарып, діни реформа жасағысы келетін діни ағымдардың жымысқы әрекеті елге айдан анық көрінуде. Халқымызда «Аңқау елге арамза молда» деген нақыл бар. Бұл сөз бүгін де құнын жоймады. Өйткені, дәстүрден тыс діни ағымдар тыныш қоғамды іштей іріту үшін діни сауаты кем қауым мен жастық желігі басылмаған жастардың қолымен от көсеуде. Олар, әлбетте, теріс бағыттағы ұйымдардың өз мақсаттарын қандай амал-айла арқылы жүзеге асырып жатқан жайын біле бермейді. Нәтижесінде түрлі діни ағым кесірінен айрандай ұйып отырған отбасылар ойрандалуда. Ата-ана ұл-қызынан тірідей айырылып, жер соғып қалуда.
Сондықтан елдің, ұлттың, халықтың тұтастығын сақтап қалу үшін, өздерін ғана ақылды санайтын дін үйретушілерден барынша сақтану қажет. Шынында, діннің атын жамылған ағымдар мен топтар діни сауаты аз азаматтарымызды өз қармақтарына түсіріп, тіпті өздеріне белсенді жақтасқа айналдырып, өзімізге қарсы қойып үлгерді.
Ел бірлігі мен мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіретін ағымдардың жетегіне еріп кетпеу шараларына баршамыз атсалысуымыз қажет. Діни білімге сусаған кезде, бір мәселеге тап болған сәтте әркімге жүгінбей, дін мәселелерін зерттеу орталығы мен ресми діни бірлестік өкілдерінен кеңес сұраған абзал.
Дін – мемлекеттің негізін құраушы басты фактордың бірі болғандықтан, ол елдегі ішкі тұрақтылықтың кепілі. Ауызбірлік, елжандылық, бейбітшілік пен тыныштық – ислам дінінің басты мұраты. Ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп тұрған жат ағымдардан бойымызды аулақ ұстап, халқымызды, жастарымызды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтпасақ, ұтылмасымыз анық. Олай болса, жат ағымның бірлікке емес, бүлікке алып баратын жол екенін еш ұмытпаған жөн.
Қорытындылай келе әр елдің тәуелсіздігінің мәңгілік болуы ынтымақ, бірлікте. Дана халқымыз «Береке басы – бірлік» деп бекер айтпаса керек. Көптеген ұлттар мен ұлыстарды бауырына басқан бүгінгі еліміздің еңсесі биік болуы – осы ынтымағының арқасында мүмкін болып отыр. Сондықтан «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген қағиданы берік ұстанғанымыз жөн.


Қ.САЛЫҚБАЕВ,
Түркістан облысы Дін мәселелерін зерттеу орталығы КММ бөлім басшысы.                                          

Түркістан: Жат ағымды жақтаушылар арасында жасөсіпірімдер де жиі кездеседі

Ислам діні – адамдарды татулыққа, бірлікке негіздейтін дін. Қазіргі таңда Ислам атын жамылып, адамдарды түрлі сенімге адастырып, өз мүдделерініңорындалуын үгіттейтін жат ағымдардың еліміз ұстанып отырған ішкі, сыртқыбірлігіне сызат түсіріп, алауыздық отын өршітер індет іспеттес болып кеткенағымдар аз емес.

Соңғы кездері ел ішін жайлаған, жаңашылдық әкелмек болған деструктивті ағымдар кең таралуда. Ал, аталған ағымның шырмауына түскен адамдар хақ дін мен қара ниет ағымның арасын ажырата алмай дал. Діни сауатсыздығының кесірінен ұлт қауіпсіздігіне қатер төндіретін жатқа жалтаңдап, халқымыздың салты мен дәстүріне керағар дүние жасап жатқандар аз емес. Жат ағымды жақтаушылар арасында жасөсіпірімдер де жиі кездеседі. Жастарымыздың осындай қателіктерге ұрынуына басты себеп – дұрыс пен бұрыстың аражігін ажырата алмай ғаламтор беттеріндегі түрлі жат ағымдардың сайттарына кіруі. Діни сауаттылығы әлсіз адамдарды бұл үлкен қатерге алып баруда. Ұлттық құндылықтарымызға, ұстанып отырған салт-дәстүрімізге қайшы келетін жат ағымдар қоғамға да адамға да кері әсерін тигізбей қоймайды. Осы орайда, Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №13 Ә.Науаи атындағы мектеп гимназияның  оқушыларымен кездесу өтті. Мамандар оқушыларға діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың зияны жайлы айтып берді.Діннің атын жамылған жат ағымдардың құрығына діни сауаты төмен, әлеуметтік тұрмысы нашар, қиындық көріп жүрген жастар алданып, түсіп жатыр. Оларды Отанына, отбасына, дәстүрлі дінімізге, қалыптасқан салт-дәстүрімізге қарсы қояды. Өздерінің істеген әрекеттерінің дұрыс екенін дәлелдеу мақсатында қасиетті Құран мен хадистерден мысал келтіріп, адамдардың санасын улап, теріс идеология таратады. Ал, бауырмалдылыққа баулитын шынайы діни жол ешқашанда зұлымдық пен әділетсіздік бой алдыруға, адам баласын жазықсыз өлтіруге жол бермейді. Радикалды топ мүшелері діттеген мақсаттарына жету үшін дінде тыйым салынған әрекеттерді жасаудан тайсалмайды. Құранда дұрыс деп көрсетілген жайттарды ескермей, керісінше харам деп санайды. Бұл ағымдағылар өз қатарын мейлінше көп адаммен толықтыруға әрекет жасайды. Сол үшін өз қатарына адамдарды қосу жұмыстарында өтірік арбап, мәліметті бұрмалап жеткізу, психологиялық айла-тәсілдер қолдану арқылы жастардың санасына кері ықпал етеді. Теріс пиғылды ұйымдар жақтастарының санын көбейту барысында кез келген әрекетке баруы шартты дүние. Сондықтан да кездесулер «Жасөспірімдер мен жастар арасында теріс ағымдардың ықпалының алдын алу», «Қоғамдағы деструктивті діни ұйымдардың теріс идеологияларының алдын алу», «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, кереғар діни ағымдар мен секталардың іс-әрекеттерінің алдын алу», «Зайырлылық – Қазақстанның қоғамдық рухани дамуының кепілі», «Діни сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы», «Деструктивті діни ағымдардың қауіптілігі және көріністерінің формалары», ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында конфессияаралық келісімді жаңғырту идеясы, «Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасына» шолу, «Деструктивті және экстремистік ұйымдардың жақтаушыларының рухани-психологиялық портреттерінің өзгешеліктері», «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы, тағы басқа да заңдылықтармен нормативтік құқықтық актілер тұрғысында түсініктеме беру, «Рухани жаңғыру және діни сана», «Ғаламтор мәдениеті: деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтану жолдары», «Дін – рухани жаңғырудың өзегі» тақырыптарында өткізілді. Жастармен кездесу барысында қазіргі таңдағы еліміздегі діни ахуал, кереғар діни ағымдардың ықпалының алдын алу, ғаламтор желісін дұрыс пайдаланудың маңыздылығы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бөтен ойлыларға дінге қызығушылығы төмен адамдардың санасын улау оңай. Өздерінің көмек көрсетуге дайын екенін көрсетіп, жақсылық жасаған сияқтанады. Жақсылық жасап отырған себебін дінге беріктігімен байланыстырады. Осылайша сол адамның жанашыры болып көрініп, тығыз қарым-қатынас жасауды мақсат тұтады. Өз топтарына қосып алған соң санасын байлап, көзіне шел бітіреді. Әр қадамын қадағалап, басқа жақтан ақпарат алмауын негізге алады. Осылайша өз ақпараттары арқылы адам санасын қалыптастырады. Олардың арбауына түскен адамдар радикалды топ мүшелеріне бауыр басып, ең жақын адамдары санай бастайды. Сол мезетте санасы байлаулы тұрған жастарды Отанына, ата-анасына ағайын-туыстарына, достарына, айналасындағы үйреншікті болған жайттардың барлығына айдап салып, бойында өшпенділікті оятады. Өзінің өмірін қиюға дайын болатын деңгейге жеткен соң өзгелердің өмірін, ата– ана, бауырларының өмірін ойланбай қиюға дайын тұрады. Жүргізілген зерттеу жұмыстарынан соң, әсіресе, 14-25 жас аралығындағы жастар аутоагрессивті әрекеттерге сезімтал екені анықталған. Жасөспірімдердің санасы енді қалыптасып келе жатқандықтан, кез келген жаңа нәрсені қабылдауға дайын тұрады. Бұл кезеңде мінез-құлық белгілерінің көрінуіне әсер етуші бірден бір фактор – оның ата-анасы және отбасындағы жалпы психологиялық ахуал. Егер әрбір ата-ана осы шақта дұрыс көңіл бөліп, тәрбие беріп, баласымен дұрыс қарым-қатынас орнатып, сонымен қатар материалдық және рухани құндылықтармен қамтамасыз ететін болса, жасөспірімдерде болатын ауытқушылықтар мен ауытқу ахуалдарының алдын алуға мүмкіндігі болады. Жасөспірімнің психологиясы енді қалыптасып жатқан тұста санасына дұрыс қасиеттерді сіңіру қажет. Тәрбие арқылы жаман әдет пен теріс қылықтан тазартып, жаны таза, көңілі ақ, рухани сезімге бай адам етіп қалыптастыру қажет. Осы ретте еліміздегі дін саласындағы заңнамалар, тұжырымдама мен бағдарламаларға да шолу жасалады. Жастарға салт-дәстүрге құрметпен қарау, теріс діни идеологияның әрекеттерінен сақтану, діни сергек болу керек екені түсіндіріліп, жастар тарапынан қойылған сұрақтарға дінтанушы, теолог мамандардың тарапынан толыққанды жауап берілді. Қорыта келе деструктивті ағымның шырмауына түспеуі үшін дер кезінде діни сауаттылығын арттыру қажет екені анықталды. Діни білімді дұрыс толықтыру маңызды мәселенің бірі. Деструктивті ағымдар мемлекеттік принциптерге сай келмейтін құбылыс. Мемлекетшілдік пен ұлттық құндылықтарды мойындамай, өзіндік идеологияларын қоғамға сіңіруге әрекет жасайтын топ бүкіл әлемге тән проблемаға айналды. Сондықтан, діннің атын жамылып, қоғамдағы аз қорғалған, ойлау жүйесі толық қалыптаспаған жастардың арасында мемлекеттің өткені мен бүгініне, баянды болашағына күдікпен әрі сенімсіздікпен қарайтын идеяның тарамауы үшін біршама жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар өз өзектілігін жоғалтпай, сақтауы тиіс. ҚМДБ қазіргі таңда дұрыс бағыттағы дәстүрлі дінімізді насихаттау барысында қыруар жұмыстар атқаруда. Мектептерде 9 сынып оқушыларына дінтану пәнінің енгізілуі де тиімді жоспар. БАҚ-та экстремизм тақырыптарын болдырмау барысында, халықтың құқықтық санасын қалыптастыру үшін де атқарылып жатқан шаралар аз емес. Білместіктен кері ағымдарға еріп кеткен жастарға дін мамандарының дұрыс дәлелдер келтіріп, дұрыс бағытқа жетелеуі маңызды. Сондықтан, ғаламтор мен әлеуметтік желілердегі рухани ағарту сабақтарында, дін тақырыбындағы өзекті мәселелерді талдау барысында дәстүрлі Ислам дінін ұстанушылар оқ бойы озық тұруы тиіс. Сол үшін интернеттен көргенін жасайтын жас сана үшін жақсы, саналы саясат керек. Дәстүрлі Ислам дінінің қағидаттарын әр азамат дұрыс меңгеруі қажет. Жасөспірім жастар дінді өзгеден емес, отбасынан үйренгені абзал. Сонда ғана жат идеологиядан балаларыңызды арашалап қаласыздар.

 

Түркістан: Адасып кету оңай, бірақ адаспаудың жолдары өте көп

 Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №12 Қ.Сәтбаев атындағы атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесті. Мамандар оқушыларға діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың зияны жайлы айтып берді. ХХІ ғасыр ақпараттар толқынына толған заман болып тұр. Бүгіндегі өзгерістер мен трендтердің бәрі медиа арқылы қалыптасуда. Оның ішінде білік-дағдыны дамытатын адамға пайдалы немесе, керісінше, зиянын тигізетін ақпараттар да бар. Әсіресе, деструктивті топтардың ақпарат тұзағына ілінбеуді ойлаған ләзім. Адасып кету оңай, бірақ адаспаудың жолдары өте көп,-деп бастады әңгімесін теолог маман Дүйсен Асхат.  «Деструктивті ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, отбасылық құндылықтарға, адам денсаулығына қатер төндіреді. Жат ағымдар қазақ ұлты мен Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтарын, салт-дәстүрлерін, мәдениетін жоққа шығарады. Кез келген мемлекеттік мерекелерді атап өту, ұлыстың ұлы күнін тойлау, беташар, сәлем салу, сондай-ақ ата-баба әруақтарына құран бағыштау секілді салттарымызды мойындамайды. Зайырлы мемлекетке және зайырлы өмір сүру салттарына барынша қарсылық танытады. Мемлекеттік рәміздерді және түрлі мерекелерді құрметтемейді. Қазақстандағы көпшілік ұстанатын Ханафи мәзһабын жоққа шығарады. Орта Азияда және мұсылман әлемінің басқа аймақтарында орныққан діни мектептерді ешқашан құптамайды. Дәстүрлі исламды ұстанған мұсылмандарды күпірлік жасайды деп айыптайды. Өзге де дәстүрлі діндердің өкілдері мен дін ұстанбайтын адамдарға түсіністікпен қарай алмайды. Замануи мәдениет пен музыка, балет, бейнелеу  секілді және басқа да өнер түрлеріне өшпенділік танытады. Олар әскерде қызмет ету, орта білім алу секілді мемлекет бекіткен міндеттерден бас тартады. Медициналық ем-шаралардың: қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау, т.б. түрлеріне түбегейлі қарсы шығады. Білім мекемелерінде биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу сияқты пәндерге қатыспауға шақырады».   Міне, жоғарыда атап өткен ескертпелер видеоролик ретінде дайындалып, әлеуметтік желілерде жарияланып, интернетте таралуда. Деструктивті жат ағымдардың негізгі белгілері осылар. Біз осылай көрсеткенімізбен, олар өздерін біз сияқты бағаламайды. Керісінше, олар өз діндеріне, өз ілімдеріне сенімді және оны берік түрде насихаттайды. Психологтарда неофит деген термин бар. Яғни, олар әлемді өзгерткісі келеді. Олар жоғарыда айтқан құндылықтарды, салт-дәстүр, мемлекеттік қағидаларды жоюға бағытталған. Радикализмге, экстремизмге итермелейді. Осы жерде бір айта кететін жайт, бұл тек қана исламдық дінмен ғана байланыспайды, тек исламға ғана тиесілі емес. Мұндай деструктивті сипатта жаңа протестанттық, жаңа шығыстық ағымдар болуы мүмкін. Сондай-ақ, деструктивтік әрекеттерімен көзге түспеген ағымдар да болуы ықтимал. Қай-қайсының да көздеген белгілі мақсаттары бар. Ол қаржылық мақсат болуы мүмкін. Ол геосаяси мақсат болуы мүмкін. Тіпті идеологиялық мақсат та болуы мүмкін. Деструктивті топтардың тағы бір айрықша белгісі индивидтік қамту белгісі. Индивидті толық торға түсіру деп айтуға болады. Бұл адамның өмірін толық қамтып, діни ілімін ақиқаттық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен идеологына көзсіз бағынуынан көрінеді. Бұлай сипатталуының себебі, оқшауланған адам ішкі жан-дүниесінде психологиялық күйзелісті басынан кешеді. Ол депрессия сияқты басқа да күйзеліс жағдайларына түседі. Деструктивті діни ағымдардың ықпалына түскен жастар, әдетте, оқшаулануға бейім тұрады. Оқшауланудың өзі олардың ауытқуы десек болады. Оқшау адам әдетте қоғамға өкпелі болады. Қоғам тарапынан оны ешкім түсінбейтіндей көрінеді. Ішкі жан дүниесіндегі әлеуметтік өкпе-реніш өрши түседі. Барлық нәрсені ақ-қара деп бөледі. Біздікі және жаулар. Міне, осылай шолақ ойлап, келте түсінеді. Оның соңы зардап шегеді, қиындық көреді. Бұл жай айтыла салған сөз емес, ғалымдар анықтап, мамандар зерттеп берген тұжырым. Яғни, деструктивті ағымдардың, псевдо дін көшбасшыларының соңынан ерудің қате екенін көрсетті. Егер дінге қызығушылығыңыз оянды ма, ресми ақпараттарға жүгініңіз. Әр өңірде, орталықтарда сарапшылар бар. Жарияланған фотопосттар, видеороликтер, уағыздардың бәрін зерттеп, зерделеп береді. Мемлекет тарапынан бұл жолға қойылған. Сондықтан сақ болайық! Сақтанайық!Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу да өз кезегінде дін атын жамылған жат ағымдардың қауіпі туралы баяндады. Дін ұғымы – адамзатты бақытқа бастаушы, жақсылыққа жетелеуші, санаға салмақты ой салып, кемелдікке жеткізуші институт. Жалпы адами құндылықтарды басшылыққа алатын асыл дініміз Ислам да жазықсыз адамның өміріне, ар-намысына, жеке мүлкіне қол сұғуға, басқыншылық жасауға қатаң тыйым салады. Бейбітшілік пен мейірімділікті мақсат ететін, хәкім Абайша айтқанда, адамзаттың барлығын бауырым деп сүюге шақыратын Ислам діні қоғамның тұтастығына, елдің бірлігіне сызат түсіруші кез келген адами құндылыққа сай келмейтін құбылыстарға түбегейлі қарсы. Исламның атын желеу етіп, ой-санасы қалыптасып, көзқарасы тұрақтап үлгермеген азаматтарды жолдан тайдырып, еліміздің ішкі тұрақтылығына қауіп төндіру – келешегімізге қол салғысы, тұнығымызды ластағысы келетін қара ойлы қылмыскерлердің ғана қолынан келсе керек.

Өздеріңізге белгілі, 2014 жылы 18 тамызда Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының «Әт-тәкфир уәл-хиджра» халықаралық ұйымын экстремистік деп тану және оның Қазақстан Республикасындағы қызметіне тыйым салу жөніндегі шешімі шыққан болатын.Осы шешімді шығару кезінде аталған ұйымның экстремистік бағыттағы қызметі жөніндегі қолда бар материалдармен қатар сотпен «Әт-такфир уәл-хиджра» халықаралық ұйымының қызметіне Ресей Федерациясында, Қырғызстанда, АҚШ-та, Түрік Республикасында және Еуропалық одақта тыйым салынғандығы ескерілді.«Тәкфир» – сөзінің мағынасы бір адамды күпірлікке шығару дегенді білдірсе, «Хижрат» – араб тіліндегі «хажара» деген түбірден шыққан «тәрк ету, қалдыру» деген мағынаны білдіретін сөз. Ал шариғаттағы мағынасы мұсылмандардың діни сенімдері (мұсылман болғандықтары) үшін дінсіздер тарапынан қысым, зардап көріп отырған бір жерден басқа бір жерге қоныс аударуды білдіреді.Осы ретте, өзінің діни ұстанымымен келіспегендерді күпірлікте айыптап, өз отанын тәрік етуші жанның әрекеті қаншалықты дұрыс, шариғат бұған байланысты не дейді? Осы  мәселеге тоқталсақ.Дінсіздікті діңгек еткен кеңестік дәуірдің бодауынан енді ғана шыққан халықты «кәпірсің» деп айыптау сауатты мұсылманнің ісіне жатпайды.Күпірлікте айыптау – адамның сөзіне емес, шариғатқа негізделеді. Бұл құқық Алла мен Оның елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғана тән.

Әрбір адамның жаны, өмірі – өзіне аманат болса, бүгінгі адамзат қоғамын тұтас қалыпта, дұрыс бағытта ұстап тұру да – баршаға аманат екендігін ұмытпайық. Олай болса, Қазақ елінің ішкі тұтастығы мен қауіпсіздігін, тыныштығын сақтауда ерінбей еңбек етіп, көзіміздің қарашығындай қорғауымыз – азаматтық һәм мұсылмандық парызымыз,-деп қорытты сөзін.

Түркістан: соқыр сенім – бұл қазіргі қоғамда болып жатқан құбылыс

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы"-ның теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу қалалық №8 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектептің оқушыларымен кездесті. Мамандар оқушыларға діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың зияны жайлы айтып берді.

«Экстремизм» (extremus) - латын тілінен енген термин, сөздік мәні «соңғы, шеткі» деген мағынаны білдіреді, саяси мағынасы экстремизм бойынша - бұл шектен шыққан көзқараспен және іс-әрекетімен ерекшеленетін күрделі әлеуметтік феномен. Сонымен қатар, бұл тікелей немесе жанама түрде зайырлы қоғамдағы демократияны жоққа шығаратын саяси қызмет түрі. Діни экстремизм ұғымы - шынайы діннің негізгі қағидаларынан, қазіргі қолданыстағы ұлттық заңнамалардың және халықаралық құқықтың қағидаттарынан тыс шектен шығу дегенді білдіреді. Арнайы сөздік бойынша «діни экстремизм – басқа діндерді ұстанушы адамдарға төзімсіздік танытып, соған сәйкес қоғамға қарсы, көбінесе құқыққа қайшы, соның ішінде азаматтарға қарсы күш қолдану әрекеттеріне шақыру».  Діни экстремизм ұғымына Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 2 ақпанында қабылданған «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» заңында мынадай сипат берген: Экстремизм - жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атынан iс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы; 

жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды: 

дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн iс-әрекет ұйымдастыруы және (немесе) жасауы. Жалпы экстремизм деген терминге қазіргі әлем ғалымдары мен сарапшылары түрлі мағыналар берген. Бірақ, ортақ бір шешімге келмеген. Бір анығы ол қоғамға, мемлекетке және жалпы әлемге қауіп төндіретін құбылыс. Ал, соның ішіндегі діни экстремизм дегеніміз – дәстүрлі дінді бұрмалап, жат «идеяны» белсенді насихаттау, зайырлы жүйеге қарсы әрекет ету. 

Экстремизмнің негізгі белгілері:

1)      Мемлекетте диктатура орнатуды ашық жариялайды, яғни, бұл дегеніңіз елдегі азаматтардың саяси және азаматтық құқықтарын кемсіту;

2)      Елдегі конституциялық құрылымды үзілді-кесілді мойындамайды, оны зорлық-зомбылық күшімен жоюға және билікті заңсыз басып алуға ашық түрде насихаттайды;

3)      Заңсыз қарулы жасақтар құрады;

4)      Елде әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тіл және діни алауыздықты қоздырады, сонымен қатар, осы ерекшеліктер бойынша азаматтардың құқығын шектеуді мақсат етеді;

5)      Елде белгілі бір ұлттың немесе діни конфессияның тоталитарлық режимін орнатуға тырысады.

Діни экстремизмнің шығуының басты үш негізі бар. Біріншісі, діни сауатсыздық. Дінге толық таныммен келмеу діни сауатсыздықтың басты көрінісі болып табылады. Екіншісі, діни сауатсыздықтың кесірінен теріс пиғылды ағымдардың өкілдерінің сөзіне еріп, надандықтан шыққан соқыр сенім – бұл қазіргі қоғамда болып жатқан құбылыс. Ал, үшіншісі әлеуметтік мәселелер. Айналысатын ісі жоқ, жұмыссыз жастардың болашаққа сенімсіз жағдайын пайдаланып экстремистік идеологияны саналарына сіңіреді.

Діни экстремизмнің көріністері қазіргі заманда жастардың жат ағымның идеологиясына еліктеп, соқыр сенімнің жетегімен зайырлы қоғамға қарсы әрекет етуі. Діни экстремизмнің көрінісі ретінде ғаламтор кеңістігіндегі мұсылмандардың қысымға ұшырауы, әсіресе АҚШ, Еуропа, Израильдегі, Ресейдегі кавказ аймағындағы мұсылмандар туралы ақпараттарды қанға бөккен адамдардың суреттерді, бейне-материалдарды ашық көрсету арқылы күллі әлемді мұсылмандарға жау ретінде көрсетуге ұмтылуы діни экстремистік идеялардың тарауын айтуға болады. Сонымен қатар, интернет-сайттарда діни экстремизм идеяларын насихаттаушылардың әр-түрлі діни уағыздары аудио-видео жазба түрінде таратылуы діни экстремизмнің көрінісі. Уағыздарда зайырлы биліктің дінге жат екендігі, мұндай мемлекет басқарушылары, дін қызметкерлері «діннен шыққандар» деген пікір мейлінше агресивті айтылып, оларға бағынбауға шақырылады. 

Сондай-ақ ғаламтордағы экстремистік веб-сайттардың ықпалынан басқа, шет елден діни білім алған жалған ғалымдар өздерінің экстремистік уағызы арқылы қазақтың санасына, салт-дәстүріне, ұлттық танымына, тарихына қарсы мазмұндағы жастардың санасын улайды,-деп аяқтады сөзін теолог маман Дүйсен Асхат.

Ішкі саясат бөлімінің маманы Марат Айсұлу болса  әрбір азамат қоғам тыныштығы үшін діни экстремизмге табанды түрде қарсы тұруы тиіс. Қазақ халқы ертеден - ақ бірліктің, ынтымақтың маңызын жете түсінген. Бабаларымыздан өсиет болып бізге жеткен «Бақ қайда барасың ынтымағы мен бірлігі жарасқан елге барамын деген қанатты сөз бүгінгі күн ішінде өз көкейкестілігін жойған жоқ. Кемеңгер бабаларымыз «алтау ала болса ауыздағы кетер, төртеу түгел болса төбедегі келер»деп елді бірлікке шақырып отырған. Сондықтан бәрімізге қастерлі тәуелсіздігіміздің нығаюы үшін, елімізде ұлтаралық және дінаралық татулықтың сақталуы үшін бір кісідей атсалысайық. 

Дін дегеніміз –ұлы сенім, ғылым анасы

Ал сенім – адамзаттың тірегі.

Ислам діні бейбітшілікті дәріптейтін бірлік діні екендігін ұмытпайық!

Мың жылдан бері ұстанып келе жатқан ата  — бабамыздың дәстүрлі дінін жоққа шығармайық!

 Әрбір ұрпақ келесі өзінен кейінгі ұрпаққа ізетті, игілігі мол жақсы өмір жолын тастап кетуі ләзім екендігін есімізде ұстайық! дей отырып, іс-шараны аяқтады.  

Осы RSS каналға жазылу