ТҮРКІСТАН ТӨРІНДЕ КҮЙ КҮМБІРЛЕП, ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НАСИХАТТАЛДЫ

Түркістандағы «Конгресс Холл» кешенінде күй мен би үндескен ерекше музыкалық кеш өтті. Кешке еліміздің белгілі өнер майталмандары – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық әртісі, күйші-композитор Секен Тұрысбек, республикалық конкурстардың жүлдегері Айғаным Шұғай және ҚР Мәдениет саласының үздігі Бибігүл Қилымхан қатысты.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЗАМАНАУИ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫНЫҢ ФЕСТИВАЛІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы агралық салаға аса мән беріп, ауыл шаруашылығының дамуына барынша қолдау көрсетуді тапсырған болатын. Осы орайда таяуда Ордабасы ауданында аграрлық секторды дамытуға бағытталған ерекше іс-шара өтті.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: САРЫАҒАШТА 800-ДЕН АСА АДАМ СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ

«Тазалық – саулық негізі» дейді дана халқымыз. Тазалықты сақтау, оған айрықша мән беру әрбір адамның туған жеріне деген жанашырлығын көрсетеді. Осы ретте, Сарыағаш ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын қолдау мақсатында сенбілік жұмыстары жүргізілуде.

САУРАНДА ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ҚҰЛПЫНАЙ ӨНІМІН БЕРЕТІН ЖЫЛАЖАЙ БАР

Шорнақ ауылдық округінде орналасқан «Мухитдинов» шаруа қожалығы табиғи өнім өндіру ісін қарқынды түрде дамытып келеді. Жеке кәсіпкер Алымжан Мухитдинов құлпынай өсіру ісіне заманауи технологияны енгізіп, жылыжайда тамшылатып суғару әдісі арқылы экологиялық таза өнім өндіруді жолға қойған.

СОЗАҚ АУДАНЫ: АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕР МЕН КЕНТТЕРДЕ АТҚАРЫЛАТЫН ЖҰМЫСТАР ПЫСЫҚТАЛДЫ

Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен аппаратық мәжіліс өтті. Жиынға салалық орынбасарлар, бөлім басшылары, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері қатысып, алдағы уақытта ауылдық округтер мен кенттерде атқарылатын жұмыстар талқыланды.

ШЕТЕЛДІК ДӘРІГЕР ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ОРТАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНДА ТӘЖІРИБЕ БӨЛІСТІ

Санкт-Петербург қаласындағы көпсалалы медициналық орталықтың жоғары санатты, эндоваскулярлық кардиохирург дәрігері Токарев Павел Александрович және Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының нейрохирург дәрігері Өтенов Нұрхан Жанатұлы өз тәжірибесімен бөлісті.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚАРУДЫ ҚАБЫЛДАП АЛУ АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

Бұл жайында брифингте Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқарамасының инспекторы Абдулла Аманбаев мәлімдеді. Спикердің сөзінше, биыл 21 сәуірден бастап Республика көлемінде заңсыз сақтауда тұрған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акция өтеді. Іс-шара ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.

ОТЫРАР АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Отырар ауданында «Таза Қазақстан» шарасы аясында серпінді сенбілік өтті. Отырар ауданының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған тазалық жұмыстарына аудандағы жалпы кәсіпорындардың, қоғамдық, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері мен аудан тұрғындары, жалпы 1000-нан аса адам қатысты.