ОТЫРАР АУДАНЫНДА АҚЖАУЛЫҚТЫ ӘЖЕЛЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Отырар ауданының 90 жылдығы аясында «Ақ кимешек – ұрпаққа үлгі» атты әжелер байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық құндылығымыздың қайнар көзі, тәрбиенің бастауы болған әжелеріміздің бойындағы ізгілікті өскелең ұрпаққа жеткізе білу және ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізді кеңінен насихаттау болды.

2025 ЖЫЛДЫҢ І ТОҚСАНЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУДЫҢ ОҢ ДИНАМИКАСЫ БАЙҚАЛДЫ

Түркістан облысында биылғы қаңтар-наурыз айларының қорытындысымен облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының оң динамикасы сақталды. Қысқа мерзімді экономикалық өсім 117,5%-ды құрап, бұл көрсеткіш бойынша өңір республикада 2-орынға шықты.

ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР АШЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫНДА ҚАРАЛДЫ

Түркістан өңірінде білім беру, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Аталған салаларға жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кезекті жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың шағымдарын тыңдады.

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАСТЫ НАЗАРДА

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі 2025 жылды Құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялап, ел көлемінде кешенді шараларды қолға алды. Осы бастаманың аясында Шымкент қаласында 10 сәуір мен 6 мамыр аралығында «Жасөспірім» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

ОТЫРАР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ДӘРІЛЕУ ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДІ ТАПСЫРДЫ

Отырар ауданының әкімі Қайрат Жолдыбайұлы аудандағы шіркейге қарсы дәрілеу жұмыстарының барысын көріп, мамандармен кездесті. Аралау барысында аудан басшысы жауапты мамандар мен мердігер мекеменің қызметкерлеріне жұмыс барысын күшейтіп, іс-шараларды сапалы жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ ГРАНТ АЛЫП, ӨЗ КӘСІБІН БАСТАДЫ

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін Мемлекеттік гранттар беру қолға алынғалы бері ауданымыздағы бірқатар тұрғындар осы қолдауға қол жеткізіп, кәсібін дөңгелетуде.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ XXXIV СЕССИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIV сессиясы өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келелі ойлар қозғап, аймақтардан барған спикерлер де маңызды баяндамалар жасады.

Іс-шараға Түркістан облысының делегациясы да белсенді түрде қатысты. Делегация құрамында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев бастаған әкімдік өкілдері, мәслихат депутаттары, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы құрылымдардың басшылары және «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық өкілдігінің жетекшісі бар.

Сессия аясында қатысушылар ел бірлігін нығайту, этносаралық келісімді сақтау және Ассамблеяның қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етудегі маңызын талқылады.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат