Созақ: Қоян еті мен мылтық тәркіленді

Полицейлер қойшыдан қоян еті мен мылтық тәркіледі.

"Браконьер" жедел алдын алу іс-шарасы аясында Түркістан облысы ПД табиғатты қорғау полициясының инспекторлары жабайы жануарларды заңсыз аулау жайтын анықтады. Нақтырақ айтсақ рейд кезінде созақтық полицейлер Орман-қорық жеріндегі жайылымдық жерден қояндарды аулаған қойшыны анықтады. Сондай-ақ орта жастағы азаматтың үйін тінту кезінде 16 калибрлі тәркілеген аңшы мылтығы табылды. Тәртіп сақшылары браконьерден өлтірілген 3 дана қоян мен қаруды тәркілеп, жағдайды анықтау үшін азаматты полиция бөліміне жеткізді.

Құқық бұзушыға қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы 1-бөлігі "жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу" және ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы «Жеке және заңды тұлғалардың қаруды заңсыз иеленіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруi, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Айта кетейкі, бірнеше жыл бойы бра­ко­ньер­лерге қарсы заңды күшейту туралы айтылып келді. Өйткені түз тағысын атып, өзен-көлдерде балықтарды заңсыз аулайтындар көбейіп кетті. Арнайы рұқсаты жоқ аңшылар далада ойқастап, өздерін қожайын санағандары сондай, адамдарға да қару ке­зен­ді. Бір жылда екі қорықшы қан­ды қолдың оғынан қаза тапты. Енді заңды белшесінен бас­қан браконьерлер қатаң жазала­натын болды. Өйткені 2020 жыл­дан бастап Қазақстанда заңсыз аң­шылық және балық аулау тәртіп бұзу қатарынан шығары­лып, орта деңгейдегі қылмыс са­­натына жат­қы­зылатын болды. Осындай қыл­мыстар үшін 10 мил­лион теңгеге дейінгі айыппұл және 4 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру, қорықта заңсыз аңшылық пен балық аулағаны үшін 6 жылға дейін бас бостан­дығынан айыру, ірі мөлшерде және ұйымдасқан қылмыстық топпен жасалса, 10 жыл­­ға дейін бас бостандығынан айы­ру, киік­терді атқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жаза­сымен қатар брако­ньерлік қыл­мыстың барлық сана­ты бо­йынша заңсыз аң аулау құ­ралда­ры – қару-жарақ, көлік пен мүлікті тәркілеу қарастырылған.«АҚШ-та «жануардың құ­ты­луына мүмкіндік беру» деп ата­ла­тын заң бар. Ол бойынша бөлтірік ерткен қасқырды атуға болмайды. Жайбарақат жайылып жүрген бұ­ғыларды баспалап кеп атуға бол­майды. Қандай әділетті? Қазақ та бір кездері осындай емес пе еді? Иә. Біздің жұрт, бұ­рын аң ұстауда өте әділетті болатын. Түлкіге бүр­кіт салатын, мылтықпен атып ал­­­майтын. Бүркітінің бабы кел­месе немесе шамасы жетпесе, түл­кі құ­тылып кетеді. Ол түлкінің мүм­кін­дігі. АҚШ заңындағыдай, киікті ыс­қырып, бір үркітіп барып ата­тын. Сол кезде құтылса, құты­лып кетті, қашып үлгермесе, обал жоқ. Ол замандарда қасқырды қарумен емес, айла-тәсілмен алу­шы еді.Айта кетсек, көршіміз Ресей жыл сайын браконьерлердің ке­сірінен 18 миллиард рублін жоғал­тады. Ал осы заңсыз аң аулау­шылардың кесірінен ауру тарап жататыны да әлемдік тарихта жа­зылып қалды. Мысалы, 1990-жыл­дары Конго мен Габонеде брако­ньерлер аулаған шимпанзе етін жеу арқылы тараған Эбола вирусы, Қытайда борсық, жыртқыш аң­дарды тамақ ретінде пайдаланудан тараған SARS індеті біраз әбігерге салған болатын.Иә, біз аяушылық деген түй­сіктен айырылып барамыз. Та­биғатты аялау орнына аямаймыз! Жаңа заң күшіне енді, мүмкін осыдан кейін ойланармыз?Өйткені заңсыз аң атушы мен балық аулаушы тәртіп бұзушы емес, ол енді қылмыскер!

Сайрам: Мейрамханадан ұялы телефон ұрлады...

Мейрамханаға қонақ болып келіп, ұялы телефон ұрлаған егде жастағы әйел анықталды.

Сайрам АПБ-ға мейрамхана даяшысы өзінің ұялы телефонының ұрланғанын жеткізген. Жәбірленушінің айтуынша, аудан орталығындағы мейрамхана үстелінен «Redmi» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреулер алып кеткен. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.  Айта кетейік, ҚР Қылмыстық Кодексінде ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бір мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сегіз жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не үш жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Мынадай:

 1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 № 217-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) алып тасталды - ҚР 27.12.2019 № 292-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

4) ақпараттық жүйеге заңсыз кіру не телекоммуникациялар желісі бойынша берілетін ақпаратты өзгерту жолымен жасалған ұрлық мүлкі тәркіленіп, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 3. Мынадай: 

1) ірi мөлшерде;

2) бірнеше рет: 

3) тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық – мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 4. Мынадай: 

1) қылмыстық топ жасаған; 

2) мұнай-газ құбырынан; 

3) аса iрi мөлшерде жасалған ұрлық – мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады деп жазылған. Бұл ұрлық қылмысын ашу мақсатында полицейлер жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Жан-жақты тексеру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ақпарат көздеріне сүйенді. Соның нәтижесінде күдікті егде жастағы әйел анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Белгілі болғандай күдікті әйел мейрамханаға қонақ ретінде келген. Содан қараусыз тұрған ұялы телефонды көріп жымқырған. Айғақты зат ретінде ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуды және ұялы телефондарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

Түркістан: Сервистік полиция моделін енгізу бойынша құрылған топ қылмыстарды саралауда

Түркістан облысының полицейлері Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұстаздары мен студенттерін қатыстыра отырып, полицияның сервистік моделін енгізу бойынша жиналыс өткізді. Мұнда пилоттық режимге енгізілген Түркістан қаласында атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар айтылды. Кездесуде модератор ретінде Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыс әкімдігі жанында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ведомствоаралық топ мүшесі Зуппархан Чалданов жүргізді. Келелі кездесуде Түркістан қалалық Полиция басқармасының бірінші орынбасары полиция полковнигі Шералы Абдраманов, Түркістан облыстық Полиция департаментінің инспекторы полиция капитаны Көкаршын Қанат, Түркістан қалалық пробация бөлімінің инспектор-психологы әділет аға лейтенанты Ақмарал Бекбай баяндама жасады. Полицейлердің баяндамасында көрсетлігендей, полицияның сервистік моделін енгізу бойынша құрылған топ, қылмысты болдырмау және қылмыстың алдын-алу  мақсатында, 2019-2021 жылдар аралығында тіркелген қылмыс түрлері бойынша талдау жүргізген. Яғни, топ мүшелерімен қылмысты талдау барысында, Түркістан қаласында соңғы 3 жылда «Ұрлық» қылмысы төмендеп, керісінше «Алаяқтық» қылмысы өскен. Бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен бөтен мүлiкке құқықты иемдену арқылы талай адамды осындай қиындыққа душар болатынын мамандар жасырмайды. Бұл жөнінде Қылмыстық кодексінің 190-бабында алаяқтық 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Соған сәйкес мүлікті тәркілеу, өмір бойы құқығынан немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысуына шектеу қойылады. Әдетте, соттың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы жағдайына назар аударады. Қоғамға қауіпті кеселге айналған аталған жат қылық алдау немесе сенімді теріс пайдалану арқылы жасалады. Олардың ықпалымен меншік немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.Осыған қатысты қылмыстық істерді саралап көрсек, көп түйткілді мәселеге көз жеткізуге болады. Алдау бөтен мүлікті жымқыру немесе бөтен мүлікке құқықты иемдену мақсатында жүзеге асады. Бұл алаяқтық жасау тәсілі болып табылады. Алаяқтық кезінде алдау ауызша, сонымен қатар жазбаша нысанда болуы мүмкін. Жымқыру кезінде жалған құжаттарды пайдалану алдау нысандарының бірі болып табылады. Басқа адам әзірлеген жалған ресми құжатты пайдалана отырып жасалған жымқыру алаяқтық құрамымен толық қамтылады. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабы бойынша қосымша саралауды талап етпейді. Егер адам құқық беретін немесе міндеттерден босататын жалған ресми құжатты қолдан жасау жолымен аляқтық жасаса, жасалған әрекетті ҚК-нің 385-бабының бірінші бөлігінде және ҚК-нің 190-бабының тиісті бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша саралаған жөн. Сондай-ақ, қазіргі технология дамыған кезеңде алаяқтық жағдайы күрделене түсті. Интернет пен цифрлы технологияны пайдалана отырып, өзінің жымысқы әрекетін жүзеге асыратын адамдар бар. Бұл оған қатысты қылмыс түрлерін түебегейлі өзгертті. Рас, интернет пен цифрлы технологиялардың кеңінен таралуы жаһандану құрылымын ғана емес, қылмыс әлемінің сипатын, соның ішінде қылмыс түрін түбегейлі өзгертті. Қазір бәріміздің өмірі­мізде цифрлы технологиялар маңызды рөл атқарады. Бүгінде жаһандық желі игілігін пайдалана отырып, виртуалды қызметтер мен өнімдерге қол жеткізуге мүмкіндік алған едік. Нәтижесінде кейбір тауарлар түріне сол арқылы тапсырыс беруге қолайлы жағдай туды. Дегенмен соңғы 10 жылдың көлемінде интернет көзі арқылы жасалатын қылмыстық құқық бұзушылық түрінде айқын көріне бастады.Бас прокуратура интернет-алаяқтыққа байланысты ел тұрғындарына үндеу жариялаған болатын. Жат әдеттің көбейіп бара жатқанын айтып, қазақстандықтарға ескерту жасады.Ведомство мәліметінше, статистика бойынша, кейінгі 5 жылда елімізде интернет-алаяқтық дерегі 10 есе өскен, Ол 2017 жылы 2 мыңды құраса ол 2021 жылы 21 мыңға дейін жеткен. Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн - қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады.Алаяқтар көбіне құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды.Сонымен қатар, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге заңсыз онлайн несиелер бойынша ақпарат алмасу туралы Меморандум жасалған. Бұл интернет алаяқтарына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды бөлігі. Қазірдің өзінде алдын алу шаралары оң нәтиже берген. Жалпы айтқанда, интернет алаяқтықтың көбейіп кетуіне себепкер болып жүрген жағдайлар аз емес. Елімізде интернеттегі түрлі хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін алдын ала төлем алу кеңінен етек жайып барады. Кейбір тұрғындардың сеніміне кіре отырып, олардан қомақты қаржыны алаяқтық жолмен алуға тырысады.Жалпы интернет алаяқтық жағдайының  жартысы дәл осындай жолмен жасалғанын назарға алуымыз қажет.Сондай-ақ, микрокредиттік ұйымдардың сайттары арқылы онлайн қарыз рәсімдеу жағдайы кездеседі. Еліміздің ішкі істер министрлігі мәліметі бойынша қарағанда, жыл басынан бері осы тәсілді қолдану арқылы алаяқтар 3 мыңға жуық қылмыс жасаған.Қазіргі таңда қаржы пирамидалары өзін жоғары табысты инвестициялар саласындағы табысты ұйымдар ретінде көрсетеді.Өздерін жарнамалау мәселесіне ерекше назар аударады. Бұл бағытты «инновациялық жоба», «жоғары табысты бизнес», «табысқа кепілдік береміз» деген жалған уәделерді үйіп-төгеді.Осы мақсатта заңды микроқаржылық ұйымдар, букмекерлік кеңселер, тұтыну кооперативтерін пайдалануға тырысады.Қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар әлеуметтік желі беттерінде қарқынды әрекет жасайды.Белсенді жұмыс жүргізіп, онлайн-табыс немесе жоғары табысты онлайн-жобаны ұсынады, танымал мессенджерлерде чаттар құрып, қатысушыларды түрлі ұтыс ойындарымен, сауалнамалармен және басқа да маркетингтік амалдармен тартады.Осы себепті полицейлер жастарға алаяқтарға алданбау керектігі ескертіліп, тура жолмен жүруге кеңес берілді. Полицияны қорғаным деп біліп, кез келген мәселеде көмек сұрауға болатындығы айтылды. Сондай-ақ студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ашық әңгіме өрбіді. Жиын соңында "Біздің қазіргі басты мақсат - қаланың деңгейін көтеру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, барынша ыңғайлы жағдай жасау және әлемге таныту",- деп қорытындылады ұйымдастырушылар.

 

Түркістан: Қазақстан конфессияаралық келісім отаны

Әлем елдерінде ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, береке мен бірліктің арқасында тату-тәтті өмір сүріп келе жатқан елдердің саны аз екендігі баршаға мәлім. Соның ішінде, Қазақ елі 130-дан астам ұлыс пен 18 конфессия өкілдері бейбіт тыныштықта өмір сүріп келеді. Осы мәселеде Қазақстан бүгінде әлем елдеріне үлгі және өнеге болатындығы анық.    

Қазіргі таңда елімізде түрлі сенім өкілдері өмір сүреді, бұл этносаралық және конфессияаралық келісімді қолдау мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылатындығы ақиқат.

         Қазақстан қоғамының рухани тұрғыдан жаңаруында дәстүрлі діндер маңызды рөл атқарады. Ислам, христиандық және иудей діндерінің жалпы адамзаттық және гуманистік құндылықтарының ұлтаралық және конфессияаралық келісім мен татулықты орнықтырудағы маңызы ерекше. Олар қоғамымызда достықты, өзара құрмет пен түсінісушілікті нығайтуға қызмет етеді. Еліміздің биік мінберлерінен айтылған осындай ойларды халыққа түсіндіріп, конфессияаралық келісім ісінде игі дәстүрлерге ие болғандығын паш етеді. Қазақстан көне заманнан бері саналуан мәдениеттер мен діндердің тоғысу мекені болғандығын, ел аумағында бірнеше ғасырлар бойы тәңіршілдік, зороостризм, манихейлік, буддизм, христиандық және ислам сияқты әртүрлі нанымдар бейбіт қатар өмір сүргенін, яғни толеранттылық пен конфессияаралық келісімнің үлгісі болғандығын баяндайды.

         Қазақстанда тәуелсіздіктің екі онжылдығы барысында діни институттардың сан жағынан да, сапа жағынан да мәнді өсуі болды. Діни бірлестіктер саны ұлғайып, рухани дәстүрлер қайта өрлей бастады, жаңа ғибадатханалар салынуда – мешіттер, шіркеулер, ғибадат үйлері, синагогалар бой көтерді. Халықтың діндарлығының деңгейі өсті. Бұл үдерістер еліміздегі азаматтық бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау мен нығайту, ар-ождан бостандығын, рухани жаңаруын қамтамасыз етуге бағытында жүргізіліп жатқан саясаттың нәтижесінде орын алды.

         Қазақстан тек ел ішіндегі татулық пен рухани жандануды қалыптастырумен ғана шектеліп қоймай, әрқашан да күллі әлемдік қауымдастықты ғаламдық деңгейдегі сындарлы үнқатысуға шақырып келеді. Осындай саясатқа ұласып отырған әлемдік маңызға ие бастама – Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу идеясы болып табылады. Бұл форум арқылы Қазақстан жер-жаһанның түрлі конфессиялары мен мәдениеттері өкілдерінің басын қосып, бейбітшілік пен өзара төзімділік қағидаларын насихаттайтындығын олараға өз ауыздарымен айтқызды.

         Осы орайда, дана халқымыз: «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген нақыл сөз бар. Қазіргі жаһандану кезеңінде ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетпес үшін барша қазақстандықтар үшін ортақ міндет – өзара ынтымақ пен бірлікті сақтау, дамыту мәселелері мейлінше өзекті болып отыр. Басқа мемлекеттерге көз салып қарасақ, түрлі арандатушылар мен діни қақтығыстардың болып жатқандығын аңғаруға болады. Бұл мәселенің басты назары ынтымақ пен бірліктің сақталмауынан болып жатқандығын көруге болады. Сол себепті этносаралық және конфессияаралық келісімде ынтымақ пен бірлікті сақтау әрбір қазақстан азаматы үшін міндет болып табылады.

         Қорыта айтқанда, қазақ елі әртүрлі дін өкілі мен әралуан мәдениеттің тоғысқан жері болып табылады. Әлемдік аренаға Қазақстан конфессияаралық қарым-қатынасты нығайтқан тәжірбиелі ел ретінде танылды. Бұның өзі үлкен еңбектің арқасы екендігі анық. Осындай бейбіт елде тыныштықпен өмір сүріп жатқан қаншама ұлт-өкілдерінің ризашылығын көруге болады. Сол себепті, осындай тыныштықта әрі конфессияаралық қарым-қатынасты жақсарту мақсатында әрбіріміз үлес қосуға тиіспіз.

 

Н.Әмзеев

«Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру»

бөлімінің маманы                       

САЙРАМ АУДАНЫНДА "ЗАҢ КЕРУЕНІ" АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ескере отырып, Сайрам ауданының прокуратурасымен құқық қорғау, уәкілетті және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Ақсукент ауылының орталығындағы Қ.Жандарбеков атындағы мәдениет үйінде «Заң керуені» акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты - жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мəдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ əлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті нығайту үшін азаматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру.

Аталған акцияға Түркістан облысы прокуратурасының өкілі Н.Қосбаев, облыстық полиция департаментінің өкілі А.Төреханов, аудан әкімінің орынбасары Ш.Убайдуллаев, аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлім басшылары, ауыл округтерінің әкімдері, аудандық мемлекеттік кірістер, санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармалары, мемлекеттік сот орындаушы, құқық қорғау органдарынан аудандық прокуратура, ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция, төтенше жағдайлар басқармаларының бірінші басшылары және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының директоры қатысты.

Аталған шара барысында аудан тұрғындары тарапынан коммуналдық қызметтермен қамту,

жерді заңдастыру, әлеуметтік көмек көрсету және өзге де салаларға қатысты көтерілген мәселелерге заң аясында құқықтық түсіндірмелер берілді.

Акция нәтижесімен жергілікті тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарына толық жауаптарын алып, мемлекеттік органдарға ризашылықтарын жеткізді.

 

Полицейлер «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Түркістан қаласындағы «Түркістан жоғары медициналық колледжінде» жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Есірткісіз болашақ» акциясын өткізді.

Акцияға 150-ден аса оқушы мен студент қатысты.

Тәртіп сақшылары кездесу барысында есірткі заттарының адам өмірін қалай құртатынын, сондай-ақ оның соңы қылмыспен аяқталатынын түсіндірді.

«Нашақорлық адамның ішкі құрылысына, жүрек-қан тамырлары, жүйке жүйесі, асқазан мен ішек жолдарына және тағы басқа ағзаларына өте үлкен көлемде залал әкеледі. Оның соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Нашақорлық әлемдегі проблемалардың ең ауыры болып отыр. Ол сондай-ақ, мемлекет қауіпсіздігіне де біршама зиянын тигізуге қауқарлы.БҰҰ мәліметінше, әлемде есірткіге ең құмар халық АҚШ-та тұрады. Бұл мемлекеттегі 28,6 млн адамның зиянды әрекетке әуестігі бар. Мұнда дозаны артық қабылдаудың кесірінен жылына 200 мың адам ажал құшады. Олардың көбінің жасы 23-ке де жетпейді екен.Сонымен, миллиондаған адамды шырмауына түсіріп жатқан кейбір есірткі түрлері мен алкоголь адам ағзасына қалай әсер етеді? Британдық психиатр, нейропсихофармакология ғылымының профессоры Дэвид Натт пен зерттеуші топ бізге өте қажетті ақпараттар ұсынады», деген мамандар келесі кезекте есірткінің адам денсаулығына тигізетін кері әсерлеріне тоқталды. Есірткіге еліткен адамда ауру сезімі, сіңірлердің түйілуі, ұйқысыздық, беймазалық күйі арта түсетіндіктен, героин арқылы ем іздеуге тырысады. Нағыз мазасыздық күй соңғы дозаны қабылдағаннан соң, 4-24 сағатта орын алады да, нашақордың бұл затқа қажеттілігі күрт арта түседі. Сонымен қатар, азғаның героинға толеранттығы күшейіп, адам одан да көп дозаны қабылдағысы келіп тұрады. Героинды азық еткен нашақорлар көбінесе инфарктан, инсульттан көз жұмады. Себебі, есірткі ең бірінші жүрек-қан тамыр жүйесіне соққы береді. Тағы бір өлімге алып келетін себеп ­– орталық жүйке жүйесін әрдайым ынталандыруға итермелейтін артық дозалану. Сарапшылар героинды тәуелділікке әкелетін есірткі ретінде ең жоғары балмен бағалап отыр,-деді спикерлер.Тағы бір тәуелділіктің себебі ретінде миды азықтандыру үшін жылдам энергияның келуін айтса болатындай. Бұл үшін ацетат қажет етіледі де, ми қарапайым энергия көзіне үйреніп алады. Яғни, адам ағзасындағы энергияның қайнар бұлағы болып есептелетін глюкозаның орнын алкоголь алмастырады деген сөз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемде жыл сайын 3,3 миллион адам спирттік сусындарды пайдаланғаннан қайтыс болатынын айтады. Бұл статистикаға ішкіліктен туындаған аурулар мен жарақаттарды да жатқызған. Ғалымдар, есірткінің заңдық статусы өзіне тәуелді ететіндігімен, зиян келтіруімен байланысты емес екенін айтады. Мәселен, заңды болып есептелетін табак пен алкоголь осындай рейтингтің жоғарғы сатысында тұр. Әрбір психоактивті заттың адам денсаулығына тигізер зияны орасан. Сол себепті, оның заңды не заңсыз еместігіне мән бермеген абзал.

 

Мысал ретінде нашақорлыққа байланысты бірнеше бейнероликтер көрсетіліп, оқушылардың қызықтырған сауалдарына жауап берді. Студенттер аталған іс-шарада ой пікірлерін жеткізіп, белсенділік танытты.

 

 

Түркістан: Е.Изатуллаев мектебінде діни тұрақтылық сөз болды

Дін саласындағы ақпараттық түсіндіру тобының 2022жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан қаласы әкімдігінің Ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ тарапынан Е.Иззатуллаев атындағы жалпы орта мектебінде дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету, діни экстремизмнің, теріс пиғылды діни ағымдардың алдын-алуға бағытталған АТЖ өткізілді.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстарына Дін мәселелерін зерттеу орталығы" КММ-сінің теолог маманы Дүйсен Асхат және Ішкі саясат бөлімінің дінтанушы маманы Марат Айсұлу өткізді.

Мамандар оқушыларға жат ағымдардың зияны мен салдыры туралы айтып берді. Одан бойды аулақ ұстап, «адаспауға» шықырды.  

Қазіргі кезде дін төңірегінде түрлі дау-дамайдың, пікірталастың көбейіп кеткені жасырын емес. Әрине танымға талас жоқ. Бірақ елдің ішін алатайдай бүлдіріп, өзінің әр жерден естіген, көрген нәрселерін дінге әкеліп таңғысы келетіндер әлі де бар. Ал дінді дұрыс түсіну адамның өзінің таным-түйсігіне байланысты болса, әсіресе жас­тарға шариғаттың негізгі шарттарын түсіндіруде имамдар мен теолог ғалымдардың үлесі зор. Қуанарлығы, қазіргі кезде имандылық жолына қарай бет бұрған жастар көбейді. Өкінішке қарай, кейбір жастар дәстүрге қарсы шығып, дінді бұра тартуда.

«Дін – ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің», дейді халық дана­лығы. Әуелгі қателік кейін адамның тағдырына айналуы мүмкін. Ең бас­­тысы, дін – ақи­қаттың, ізгіліктің шы­рақшысы. Қоғамды бүлікке емес, бірлікке бастау­шы ілім. Сондықтан да жат ағымның жақ­сылыққа апармайтынын білген жөн.

-  Дәстүрлі емес діни ағым өкілдері ресми тараптан ақпарат алуға құлықсыз. Олар дереккөз ретінде интернет ресурстарын басшылыққа алады. Осы интернет ресурстарында мемлекеттің ресми ұстанымын баяндайтын мәліметтердің санын арттыру жұмысы қолға алынуы тиіс. Себебі интернеттен гугл не басқа да іздеу сайттары арқылы мәлімет іздегенде бірінші болып сол ағым сайттары шығады. Іздеуші адам көп жағдайда уақыт үнемдеу үшін іздеу сайттарының бірінші парақшасында келген сайттардағы мәліметтерді көрумен шектеледі.

- Дәстүрлі емес діни ағым мүшелерінің басым көпшілігі жастар. Олар ондай ағымдарға рухани азық іздеп кіріп жатқаны да қаперден шықпауы керек. Ұлттық құндылықтарды насихаттау, ата-баба дәстүрін ұлықтау арқылы да, елдің рухани байлығын мемлекеттік брендтерге айналдыру арқылы да жастарды дұрыс жолдан жыра кеткен ағымдардан құтқарып қалудағы бір тәсіл болып табылады.

Осыған байланысты дінтану пәнін оқыту процесінде  дұрыс ақпарат көздерін іріктей білу және психологиялық тұрғыдан әлеуметтік желідегі жат ағым өкілдерінен қорғану тәсілі ретінде Қазақстан аумағындағы діни сайттардың ақпараттарының мазмұнына мән беріп, мешіттердегі атқарылған іс-шараларды ғана насихаттаумен шектелмей нақты өмірлік тәжрибеде кездесетін мәселелерге жауап беруге тиіс. Жат діни ағым өкілдерінің сайттарында ресми сайттарға қарағанда жастардың үлесі басымырақ, өйткені  психологиялық тұрғыдан қазіргі таңда  жастардың дені «клиптік ойлау» бейімделген, яғни адамдардың ұзақ ақпараттарды қабылдауға ынтасы жоқ, қызығушылық танытпайды және ресми жаңалықтарға ден қоймайды. Осыған орай, Жамбыл облысы әкімдігі «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» дінтанушы, теолог мамандары әлеуметтік желілерді қысқа метражды сұхабаттарын жариялауда. Осы тұрғындан жұмыс жасау тиімді деп санаймын.

Қазіргі таңда ғаламтор және жастар қауіпсіздігі мәселесі өте өзекті мәселе болып табылады. Елбасымыз «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауында интернет пен әлеуметтік желіде діни экстремизмнің жолын кесуді, діни радикалды көзқарасқа мүлдем төзбеушілікті тапсырған. Экстремистер өздерінің теріс пиғылдарын психологиялық тұрғыдан сауатты түрде ғаламтор арқылы насихаттауды жетік меңгерген. Жат діни ағым өкілдерінің жазба дыбыс арқылы келетін жолдауларды, түрлі бейнедегі суреттерді, түсірген видеороликтерді көрген жастар түрлі психологиялық ойларға барып, қауіптерге бел буады. Психологиялық тұрғыдан сауатты жасақталған материалдармен жат діни ағым өкілдері жастардың психологиялық әлсіз тұстарын біліп, олардың мінездемелеріне сай түрлі айла тәсілді қолданары хақ. Мысалы нейро- лингвистика ғылымын алатын болсақ,  бұл ғылымның негізін салушы Американдық Джон Гриндер. Физиологиялық тұрғыдан және сөйлеуі арқылы тұлғаны анықтау НЛБ-ның алғашқы қалыптасуы моделдеу- деп аталады. Адамдар қалай ойлайды, олар қалай қимылға келеді, оларға  көмектесетін аймақтарын түсінуді қарастырды НЛБ- ның түсініктері көп, соның бірі манипулияция  тәсілдер жиынтығы психокорекциялық техникалар айла-амалдар арқылы қысқа мерзімді мән беретін жағдайлар. Егер қарым-қатынасқа түскен тұлға жас ерекшелігіне сай нақты дәлелдермен білімге сүйенер болса, онда жат діни ағым өкілдері логикалық аргументтерге айғақтарға сүйене отырып сөйлем құрастырады, жас жеткіншек эмоцианалды  адам болса, арбаушы  қимыл-қозғалысты жылдам етіп, ашық жесттерді жиі пайдаланады, сыншыл тұлғалармен әңгімесін  де сыннан бастап, өздерін жоғары  көзқараста ұстанады. Осы орайда,  Репрензентативті  жүйе жетекші түрінде болады, ол жүйелер визуалды, аудиалды, кинестетикалық түрде бірігу деп аталады.  Визуалды  адамдардың ерекшелігі көру арқылы қабылдауында, оларды кез-келген жүйенің жетекшісі етіп алып, мақсаттарына пайдалана алады, өйткені олар жеңіл түрде суреттермен бейнелерді, түстер туралы ақпаратты жақсы қабылдап, сипаттау барысында сөздерді әсерлеп сөйлейді. Визуалды тұлғаның ерекшелігі көру, қарау, көзқарас арқылы олар барлық болған нәрсенің бейнесін береді. Жат ағым өкіліне қажетті ақпарат жеке тұлғаның  визуалды, аудиалды немесе кинестетикалық қай топқа жататындығы жайындағы мінездеме.  Жеткіншектің негізгі тілі визуалды ма? демек арбап, алдауды  сол тілде жалғастыру. Аудиалды тұлғаның  жетекші мінездемесі есту. Олар сөз ырғағына сезімтал, есту, айту, айқай-шулы дыбыстарға ерекше мән береді. Жат діни ағым өкілдері мұндай тұлғамен сөйлескенде, оның сөзін өзіне қолдана отырып жұмыс жүргізеді.

Кинестетик тұлғаның  жетекші мінездемесі дене, тән жүйесі, тері арқылы сезінеді, яғни жағымды. Мұндай тұлғалар үшін жылы, тез әрі ыңғайлы еркін сөздерді қолдану арқылы сөйлеу  қажет деп санайды. Аудиалды адамдар үшін сөзіңіз ашық анық ырғақты, кинестетиктер үшін сөзіңде мағына мазмұн болу керек болса,  визуалды тұлғалар үшін әдемі киініп сіздің сөйлеп тұрғаныңызды толық көрсету керек болады. Осындай ақпараттармен психология ғылымының қыр-сырын білген түрлі радикалды топ мүшелері әлеуметтік желі арқылы осы тәсілдерді пайдаланады. Өзіңді және жақындарыңды  қорғау үшін , алдымен психологиялық қорғаныстың әдістерін дұрыстап тұрып меңгеруіміз керек. Адамның өмірінде қауіп төндіретін ситуациялар болғанда, адам басынан күйзелісті, қорқынышты, мазасыздықты басынан өткереді. Көңіліне кез келген нәрсені алғыш, көңілі жараланғыш болып қалады.  Абыржуды азайту үшін, психологиялық қорғаныстың әдістері қосыла бастайды.

Психологиялық қорғаныс тәсілдері: Қорғаныстың негізгі және бірінші түрі бұл - терістеу, теріске шығару. Өзіңді жағымсыз ситуациялардан қорғау үшін, адам шын мәнінлегі болған нәрсені теріске шығара бастайды. "Бұл қате",  " Бұлай болуы мүмкін емес", "бұл мен емеспін" деген сықылды сөз тіркестері адамның теріске шығару арқылы қорғаныс әдісінде тұрғанын көрсетеді.  Бұндай сәттерде, өзіңді және жақындарыңды қорғау үшін дауласып, әртүрлі дәлелдер келтіру керек емес.  Одан да адамның жанында болып, оның ойлануына мұрсат берген жөн.

Қорғаныстың келесі тәсілі – регрессия.  Мысал ретінде алатын болсақ, егер отбасында екінші бала пайда болатын болса, үлкен баласы бақырып, шақырып мінез көрсете бастайды; немесе жазғы лагерьде үйін сағынған баланың қылықтары. Егер жақын адамыңыз осындай қорғаныс тәсілін таңдаса, оған өз махаббатыңды көрсету керек.

Қорғаныстың позитвті тәсілдерінің бірі компенсация  мен сублимация.

Н.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050» Стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауындағы  «қазақстандықтардың діни санасын елдің салт-дәстүрлері мен мәдени нормаларына  сәйкес қалыптастыру» ұлттық-діни бірегейлік мәселесімен  ұштастыратын  ұстаным ретінде мемлекет басшысы талабын атап өткен жөн. Дәстүрлі құндылықтар – ішкі  тұрақтылықтың тұғыры, рухани  қауіпсіздіктің  тірегі және ең бастысы-ұрпақтар сабақтастығының негізі.

Ел боламын деу көптің тілегі. Дін ел боламын деген мемлекетті қалыптастыратын негізгі институттарының бірі. Мемлекеттің негізін қалыптастыратын ұлт бірнеше жікке бөлінсе мемлекетке зақым келеді. Әр адамның азаматтық қоғамды құрайтын жеке тұлға ретінде құқықтары толықтай сақталып, заңды, құқықтық қоғамда өмір сүргіміз келеді. Саяси мақсатты көздейтіндер дінді табыс көзіне айналдырғандар мен  қазақтың дәстүрлі құндылықтарын жойғысы келетін күштердің әрекеттері бар екендігі белгілі.  Жеке тұлға мемлекеттің азаматы ретінде,  әрі белгілі бір діннің өкілі, діндар әрі зайырлы болуы мүмкін. Діни таным мен діни сенім арасын ажырату және нақты анықтамасын беру керек. Сенім мен  танымның арасында айырмашылықтарды нақты көрсету керек. Сенім табиғаты жағынан субьективті яғни, әр адамның түйсіну, сезіну, қабылдау деңгейіне қарай әр түрлі бола береді. Себебі онда әр адамның құдайдың тану тәжірибесі, рухани психологиялық процесс ретінде нақты сүйенеді. Барлық адам баласы құдайға сенгенімен танымы әр қандай болады. Ал таным негізделуі анықталуы қайта тексерілуі  талданып үздіксіз жүріп отырады. Бұл жерде діннің сеніміне зайырлықтың танымға негізделген  түсініктер екенін көруге болады. Зайырлылық- сенімге дінге,  идеологияларға қатысы жоқ. Жеке тұлғаның үздіксіз дамып отыратын таным процесінің сонымен қатар бір жаратушыға деген сенімінң қалыптасуына жат діни ағым өкілдерінің әсерін болдырмау өзекті мәселе.

Бүгінгі күні бақ түгендейтін тақ түгендейтін уақыт емес, беліңді бекем буып, қауымның жотасы шаруасына жан пида ететін заман.

Жаңа мыңжылдыққа келіп жатқан тәуелсіз елдің қоғамдағы өз орнын дұрыс тауып, өз аяғын жөн алып түру үшін де ең әуелі дәстүрлі қазақы діни сана қалыптастыру керек. Сонда ғана расымен санамыз, психологиямыз құлдық санадан азат болады.

Манипулияция

  1. жалғандық, кулық жолымен фактілерді ауыстыру;
  2. көпшілікке акпараттық кызметтер аркылы психологиялық әсер етудің жүйелік тәсілі

Саяси манипуляция - азаматтарды көбінесе өз мүдделеріне қарсы әрекет етуге (немесе тіпті ешқандай әрекет етпеуге) мәжбүр ететін олардың саяси санасы мен мінез-құлқын әлеуметтік баскарудың жасырын тәсілдері мен амалдары.

Психокорекциялық- психологиялық көмектің бір түрі.

 Эмоция (фр. emotionлат. enoveo — толғану) — адам мен жануарлардың сыртқы және ішкі тітіркендіргіштер әсеріне реакциясы; қоршаған ортамен қарым-қатынас негізінде пайда болатын көңіл-күй.

Репрезентатив — нейролингвистикалық программалау

адамның сыртық дүниеден ақпарат алудағы басымды әдіс.

Адамның репрезентативті жүйесі:

  • визуалды— көру бейнелеріне сүйенетін;
  • аудиалды— есту ақпарат арнасына сүйенетін
  • аудиалды-үндестік— бірінші кезекте дыбыстың  үндестік реттілігіне  назар салады.
  • кинестетикалық— иіс сезу мен негізгі сезу ақпарат арнасына сүйенеді.
  • дискретті (дигитальная)—  жоғарыда көрсетілген арналар бойынша адамның сигналдарды субъективті-логикалық ұғынуы.

Кинестетикалық-  ақпаратты, әлемді дене сезуі арқылы қабылдайтын жеке тұлғаның типі. Кинестетикалық түйсіктер қимыл мүшелері кеңістіктегі қалпын өзгерткенде пайда болатын процестерге байланысты.

Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелденақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан.

Визуалды - қарапайым және қаруланған көзбен көру, бақылау.

Регре́ссия (лат. Regressus — кері әрекет) — адамның бейсаналы түрде қақтығыс, жанжал жағдайларында бұрынғы ақыл есі толықпай тұрғандағы өзін қорғаныспен қауіпсіздікті кепілдендіретін секілді әрекеттер үлгісіне сүйенетін қорғаныс механизмі регрессия деп аталады.

Компенса́ция —шынайы және ойдан құрастырылған кемшіліктерді жеңудегі бейсаналық психиканың қорғаныс механизмі. Терминді З. Фрейд енгізген. Жеке тұлғалық психология бойынша Альфред Адлердің еңбектерінде өмірлік стратегия ретінде қолданды. Мысалы: мүгедек адамның спортпен шұғылдануы компенсация болып саналады.

Сублимацияның көптеген мағыналары мен мағыналары бар. «Sublimated Iquot» деген сөзде; либидиндік энергияны шығармашылыққа немесе кез келген бетке түсірілген кескінге көшірудің мағынасын қамтуы мүмкін.

Сублимация дегеніміз - бұл «мен» деп өзгерді; Бұл өз энергиясын құруға және басқаруға қабілетті адамның бөлігі. Сублимацияланған «мен» өзімді өзгерткенді білдіреді. Сублимация (психологиялық термин) адамның өмірінде оң, пайдалы, жағымды нәтижелерге қорғаныш функцияларын қосу немесе, мүмкін, қайта бөлу, жағымсыз қасиеттер мен ұмтылыстар. 

Жастардың жат ағымның жете­гінде кетпей, ислам жау­һар­ларын бойына сі­ңіру үшін берілген білім бір бөлек. Алайд­а кейде қоғамда діни экс­тремизм мен терроризм көрі­ністерінің қылаң беретіні рас.

ТҮРКІСТАН: ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ МЕН ТЕРРОРИЗМНІҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен терроризмге қарсы комиссиясының отырысы өткізілді. Оған аудан, қала әкімдері, құқық қорғау органдарының басшылары қатысты. Күн тәртібінде бірқатар мәселе қаралды.

Мәжілісте Облыстық дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы, Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Д.Болатханұлы, Қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Е.Төлебаевтар баяндама жасады.

Күн тәртібінде облыс аумағындағы діни тұрақтылықты сақтау және тұрғындар мен жастар арасында теріс діни идеологияның таралуының алдын алу жұмыстары сарапталып, бірқатар мәселелер талқыланды.

Оның ішінде жастардың діни экстремизм мен терроризмге қарсы иммунитетін қалыптастыру және интернет кеңістіктердегі қауіпті ақпараттық материалдардан сақтандыру, қарсы насихаттық шараларды күшейту бағытында сөз қозғалды. Ой-пікірлер айтылып, қатысушы тараптар тәжірибелерімен бөлісіп, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар нақтыланды.

Отырысты қорытындылай келе Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тиісті мемлекеттік органдардың басшыларына бірқатар нақты тапсырма берді. Соның ішінде, терроризмге қарсы қауіпсіздік бойынша халықтың сауаттылығын арттыратын іс-шараларды жиі ұйымдастырып тұру, имамдардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ, білім орындарында терроризмге қарсы іс-әрекет бойынша насихат жұмыстарын күшейтуді жүктеді.

Түркістан: Дін мен дәстүр зайырлы қоғам кепілі

Біздің зайырлы мемлекетіміз үшін діни және дәстүрлі әдеп-ғұрыптардың маңыздылығы қаншалық? Әлбетте, маңызы ерекше. Себебі, зайырлы мемлекет «дінсіз мемлекет» деген сөз емес. Зайырлы мемлекетте дін теріске шығарылмайды, керісінше, діни сенім бостандығы қамтамасыз етіледі. Әркімнің өз қалауына сәйкес діни сенімді ұстануға немесе ұстанбауға еркі бар. Біздің Қазақстан қоғамы руханилыққа ерекше жақын, ол халықтың дінге деген ықыласынан да көрінеді. Еліміздегі мемлекет құраушы қазақ халқының ата діні ислам екені баршаға белгілі. Мемлекет азаматтары болып табылатын еліміздегі өзге ұлт өкілдерінің де басым көпшілігі ислам дінін ұстанады. Сондықтан халық үшін маңызды болған рухани құндылықтар мемлекет үшін де маңызды.

Соңғы кездері жиі көтеріле бастаған дін мен дәстүр сабақтастығы тақырыбына ойыстырсақ. Зайырлы мемлекет үшін бұл тақырып несімен маңызды? Дін мен дәстүр үндескенде дін дамиды, дәстүр байиды, ал ұлт діннің рухын сезініп, құндылық ретінде қабылдайды. Баршаға белгілі, ислам діні мен қазақ салт-дәстүрлері ғасырлар бойы өзара кірігіп, ажырамастай болып тамырласып кетті. Біздің рухани құндылықтарымыз – ата дініміз бен ата дәстүріміздің терең тамырлы байланысының тағылымды туындысы. Сондықтан дін мен дәстүр бірлігі – өткеніміздің тарихы, болашағымыздың кепілі. Дәстүрлі құндылықтар – қазіргі зайырлы қоғамдағы әлеуметтік-саяси қатынастарды реттеуші және ішкі саяси үдерістерді тұрақтандырушы негізгі факторлардың бірі.

Жалпы Ислам діні – адамдық ізгі қасиеттерімізді асқақтатса, салт-дәстүр ұлт болып қалыптасуымыз үшін қажет. Тарих және уақыт елегінен өтіп олар шым-шымдап сіңген шариғат дәстүрлерімен біте қайнасып кетті. Осылайша шариғат заңдарына қайшы келмейтін қағидаттар мен ортақ бір қосынды дәстүр пайда болды. Қазақ тілінде «салт-дәстүр» мен «әдет-ғұрып» - сөз тіркестерінің мағынасы бір. Біз салт-дәстүр деген сөзімізді әдет-ғұрып деп те қолданамыз. Әдет-ғұрып араб тілінен енген сөз. Әдет деген сөзден әдетке айналған нәрсені түсінеміз. Ал, ғұрып сөзінің араб тілінен аударғандағы мағынасы «әл-ъурф» сөзінен шыққан. Араб тілінде адамдарға үйреншікті болған, әдеттегі іс-әрекет, үрдіс деген мағыналарды білдіреді. «Әл-ъурф» сөзінің шариғаттағы терминдік анықтамасы мынадай: «Ол ақыл-ойдың, логиканың құптауымен көңілдерге орныққан, адам табиғаты қабыл алатын нәрселер».

Құндылықтар кешені бір-бірімен тығыз байланысты. Бір ғана мысалға жүгінейік. Дін құндылықтарының төресі – бейбітшілік пен келісім. Өйткені, бейбіт өмір ғана дін адамына Жаратушының алдындағы пенделік міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Ал зайырлы қоғам тұрғысынан қарасақ, бейбітшіліктің маңызы тіпті өлшеусіз. Дін ісі де, дүние ісі де бейбітшілік жағдайында ғана көгеріп-көктейді. Осыны түйсіну өз кезегінде отансүйгіштік сезімдерге тәрбиелеп, елдік мұраттарға жетелейді. Себебі, тыныштық, тұрақтылық пен татулық тек заңдылыққа, тәртіпке, жүйеге негізделген біртұтас құрылым – мемлекет аясында ғана орнайды. Сондықтан да, исламда: «Отанды сүю – иманнан» делінеді, дінге қызмет – елге қызмет деп бағаланады.

Дін мен дәстүрдің үндесуі осыдан XIII ғасыр бұрын бабалар жүрегі иманға ұйып қабылдаған Ислам діні арқылы әрбір халықтың, ұлттың өзіндік құндылықтары және ерекшеліктері – әдет-ғұрпына ерекше көңіл бөлген. Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы өте зор.

Сәбидің дүниеге келуінен бастап, адам баласының ақтық сапарға аттандырғанға дейінгі аралықта қазақ халқында жасалынатын салт-дәстүрдің Ислам дінімен біте қайнасқан екендігін анық байқауға болады. Дін мен дәстүр қашан да бір-бірімен сабақтас ұғым екенін байқайсыз, екеуі егіз тақырып десек те болады.

Мысалы: халқымызда жарық дүние есігін шыр етіп ашқан сәбиге есім беру рәсіміне қатысты өзіндік дәстүрі мен салт жоралғысы бар. Азан шақырып, ат қою кезінде кішкене сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен азамат болсын деген ниетпен ырым етіп, сәбидің ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға қолқа салады. Ал, Ислам шариғаты бойынша да туылған баланың құлағына азан шақырып ат қою – сүннет. Сол дәстүр қазақтың әрбір отбасында сақталып келеді.

Шілдехана – арабтар нәрестенің дүниеге келгеніне жеті күн толғанда, шашын алып, шашының салмағымен бірдей садақа береді. Пайғамбар (с.а.с.) немересі Хасанға ақиқа жасағанда айтқан: «Йә, Фатима, оның шашын қи да сол мөлшердегі күміспен садақа бер» Ал қазақы дәстүрімізде қырқынан шығарған кезде ғана шашын алып жатады. Мұның да еш сөкеттігі жоқ. Қазақы дәстүрде дүниеге нәресте келгенде шілдехана жасалады, бесікке салынады, жиырма күнде кіші қырқынан, отыз тоғыз немесе қырық бір күнде үлкен қырқынан шығарады.

Келесі Исламмен быйланыстыратын дәстүр сүндетке отырғызу. Баланың жетінші күні немесе балиғат жеті жасына толғанға дейінгі аралық ішінде сүндетке отырғызылады. Сүндетке отырғызу ислам дінінен кіріп, кейін келе қазақтардың ұлттық әдет-ғұрпына айналған. Осы сияқты қыздың қалын малын беру, сырға салу, ұзату, байғазы, сүйінші, қәде сұрау, сәлемдесу, ақтық сапарға шығарып салу жаназасы сияқты т.б. көптеген Ислам дінімен сабақтас дәстүрлеріміз бар. Қазақ халқында ұлттық дәстүрлердің басым көпшілігі Ислам дінімен біте қайнасып бірге өрілген.

Елбасымыз «Саясат күнде өзгереді, ал дін – мәңгілік» – деп атап өткендей діни құндылықтар сол күйі қалады. Ал дін қоғамға ұдайы өз өзгерісін тигізіп отырады. Дәстүрсіз ел болмайды, ежелден саралап келген құндылықтарымызды жоғалтсақ, мәдениетімізді жоғалтамыз. Мәдениетсіз халық, жабайы, тұрпайы халыққа айналады. Өткен заманда салт-дәстүрді сақтамаған адамдарды «салтын білмеген сауапты түсінбейді» сол заң негізінде жазалап та отырған. Қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр мен әдеп-ғұрып бұлжымас заң рөлін атқарды. Ұлт болғасын оның өзіне тән салты мен ғұрпы болары анық.

 

Б.Абдрахман

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы»КММ-нің

теолог маманы                           

Полицейлер бірнеше сағат ішінде беймезгіл уақытта жүрген 12 жасөспірімді анықтады

Түркістан қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Оған Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де ат салысты. Полицейлер түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандардың ата-аналарын жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 442-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы" бойынша 12 хаттама толтырылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 1 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оған қоса ювеналды полиция инспекторлары ата-аналарға балалардың түнде үйден тыс жерде болуына жол бермеу керектігі туралы түсіндіріп, құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналарға мұндай түнгі рейдтер күнделікті жүргізілетінін атап өтті. Ал кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуға тыйым салынатыны ескертілді.

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 442-баптың «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» былай жазылған:

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 272-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі). 
1. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
2. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін болуы – заңды өкілдеріне ескерту жасауға әкеп соғады. 
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер – 
заңды өкілдеріне жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. 
Ескерту. 442-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 272-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 127-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.