ШЫМКЕНТ: БАРЛЫҚ МЕКТЕПКЕ БІР ТҮСТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ БЕЛГІЛЕНДІ

Жаңа оқу жылында шымкенттік оқушылар ақ жейде, қанық көк түсті форма киеді. Бұл туралы Шымкент қалалық  білім басқармасының басшысы Ж.Тәжиева жаңа оқу жылына дайындық барысы туралы Ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

— Өткен жылы 25 мың бала 1-сыныпқа қабылданған болатын. Биыл 27 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттамақ. Оның 98 пайызға жуығы бүгінде құжатын тапсырып үлгерді. Сонымен қатар, биыл 56 586 ата-анадан бір реттік мектеп формасымен қамтамасыз етуге өтініш түсті. Талапқа сәйкес, жергілікті бюджеттен әр балаға мектеп формасы үшін 35 мың теңгеден қаржы қаралып отыр. Жыл сайын оқу жылы қарсаңында көп талқыланатын тақырыптың бірі — мектеп формасы. Мектеп формасының түсін биыл әр мектеп емес, өңір таңдайтын болды. Жаңа оқу жылында шымкенттік оқушылар ақ жейде, қанық көк түсті форма киеді. Мектеп формасына әр мектептің эмблемасын тағуға ғана рұқсат беріледі, - деді Ж.Тәжиева.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында да 1-4 сынып оқушылары жыл бойы бір реттік ыстық тамақпен қамтылады.

Брифинг барысында мектепке дейінгі білім ұйымдарын лицензиялау жұмыстары туралы да сөз қозғалды. «Мектепке дейінгі білім ұйымдарын лицензиялау жұмыстары тиісті құжаттар қабылданған соң, 2024 жылы бастау алуы мүмкін. Лицензиялау ешқандай кәсіпкерліктің, яғни меншік иесінің құқығын шектемейді. Бұл балаларды сапалы біліммен және жайлы ортамен қамту үшін жасалған қадам ғана. Яғни, жекеменшік және мемлекеттік балабақшалар толығымен лицензиялаудан өтеді. Лицензиялау жұмыстары шамамен 2024 жылы бастау алуы мүмкін», - деді Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасызету департаментінің басшысы Нұргүл Шәмшиева. Мамандардың айтуынша, лицензиялау жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылады. Бірінші кезекте жаңадан ашылған балабақшалар, екінші алғашқы мемлекеттік аттестациялаудан өтпеген мектепке дейінгі ұйымдар, үшінші жұмыс істеп тұрған барлық балабақшалар өтеді. Еске сала кетейік, Шымкентте 505 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 72-сі мемлекеттік.

 

 — Балабақшаларды лицензиялау жұмысы туралы ақпаратты дұрыс түсінбей отырған ұйымдар да баршылық. Алайда, балаға қауіпсіз орта қалыптастырып, жертөледе немесе жарықсыз ғимаратта балабақша ашып отырғандардың жұмысын шектеп, сапаны арттыру көзделіп отыр. Шымкентте қыркүйек айынан бастап 10 балабақшаға ваучерлік қызметті енгізу жоспарланған, - деді Жанат Арысбекқызы.


Түркістан: "Қауіпсіз жол" профилактикалық іс-шарасы кезінде 655 құқық бұзушылық анықталып, 18 автокөлік айыптұраққа қойылды

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысы аумағында биылғы жылы 19 шілде мен 18 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полицейлер профилактика барысында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерінің сақталуына айрықша назар аударуда. Сонымен қатар жылдамдық режимін бұзу, басып озу, маневр жасау, қиылыстар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінен өту, мас күйінде көлікті басқару және тағы басқа құқық бұзушылықтарды анықтау бағытындағы жұмыстарды күшейтуде.

Осыған орай ТО ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Республикалық маңызы бар тас жолдарда күні-түні тыңғылықты жұмыстар атқаруда. Жол-көлік оқиғаларының алдын алып, көлік қозғалысын реттеу үшін арнайы жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижесінде батальон қызметкерлері іс-шара басталғалы 655 құқық бұзушылықты анықтап, әкімшілік шара көрді.

Атап айтсақ, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы "Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру" - 2, 596-бабы" Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу" -2, 590-бабы"Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша 2 хаттама толтырылды. Сондай-ақ 18 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Түркістан облысының полицейлері барша көлік басқару құқығына ие азаматтарға құқық бұзушылыққа бармай, өз өмірлерінің қауіпсіздігі үшін жолда жүру ережелерін қатаң сақтап жүру керектігін ескертеді.

Сайрамдық сақшылар үш күнде жол ережесін бұзған 66 көлікті анықтады

Сайрам аудандық Полиция басқармасының полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының үш тәулігінде 245 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша 21 жайт, 606-бабы «Жол жүрiсiне қатысушының жол жүрiсi қағидаларын авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы» 2 жайт, 600-бап «Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу» бойынша 2 жайт, 591-баппен « Көлiк құралын басқару кезiнде жүргiзушiнiң телефонды не радиостанцияны пайдалануы» 9 құқық бұзушылық тіркеп, оларға қатысты хаттама толтырды.

Жедел-профилактикалық шараның 3 күнінде жол ережесін бұзған 66 көлік анықталды. Ресей Федерациясының 1 автокөлігі айыптұраққа қойылды.

Сонымен қатар аудан бойынша жыл басынан бері 1000-нан астам Ресей Федерациясынан әкелінген автокөліктерге қатысты түрлі баптармен жауапкершіліктері қаралған. Оның ішінде 200-ден астамы айыптұраққа қойылған.

Түркістан облысының полицейлері, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге, жолаушыларға ережелерді қатаң сақтап, жылдамдық режимін бұзбауға және қарсы қозғалыс жолағына шықпауға шақырады. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың соңы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін ұмытпаңыз. Жол қателіктерді кешірмейді!

Түркістан: «Қауіпсіз жол» іс-шарасы барысында 2000-нан астам жол ережесін бұзушылар анықталды

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың нұсқауына сәйкес Түркістан облысы ПД-ның қызметкерлері ағымдағы жылдың 19-шілдесі мен 18-тамыз күндері аралығында «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты-жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алдын алу, жол-көлік оқиғаларының және апаттылық деңгейін төмендету, оның ішінде жаяу жүргіншілердің қатысуымен, жол қозғалысына қатысушылардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының жолын кесу. Іс-шараға полиция, көлік инспекциясы қызметкерлері және қоғамдық ұйым өкілдері белсене атсалысуда.

Мәселен «Қауіпсіз жол» іс-шарасының екі тәулігінде Түркістан облысы ПД ӘПБ мен ЖПҚ қызметкерлері 2239 жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды анықтады. Оның ішінде 88 жүргізуші жылдамдық режимін бұзған. 79 маневр жасау ережесін бұзу, 27 бағдаршамның тыйым салу белгісіне, 7 қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу, 168 техникалық байқаудан өтпеу және 14 жүргізуші автокөлікті мас күйінде басқару дерегі бар.

Тәртіп сақшылары қауіпсіздік белдігін пайдаланбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке 447 тәртіп бұзушыны, басқару кезінде телефонды пайдаланғаны үшін 241 жүргізушіні, авариялық жағдай туғызғаны үшін 14 көлік тізгіндеушіні жауапқа тартты.

«Қауіпсіз жол» шарасы кезінде полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған 45 ЖҚЕ бұзушылықты анықтады. Сондай-ақ автокөлікті заңсыз қайта жабдықтау бойынша 20 жайт анықталды. Жалған және қолдан жасалған мемлекеттік нөмірмен көлік құралын басқарудың 4 дерегі анықталып, жүргізушілеріне шара көрілді.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол қозғалысы ережелерін сақтаудың маңыздылығы бойынша жаднамалар таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Оған қоса жол ережелерін бұзбай, автокөлікті басқаруға, ал жаяу жүргіншілерге арнайы белгіленген орындарда жол жүруге кеңес береді.

САРЫАҒАШ: РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ БАР ЖОЛ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Түркістан облысы полицейлері «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде.

Естеріңізге сала кетсек, Түркістан облысының аумағында ағымдағы жылдың 20 шілде мен 19 тамыз аралығында "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Мұндағы басты мақсат - жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтау және жолын кесу, жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, облыс жолдарында апаттылықты төмендету болып табылады.

Жалпы іс-шара барысында сарыағаштық полицейлер аудан көлемінде жол жүрісі бойынша мас халде көлік жүргізу, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып, басып озу, жалған қағидаларын бұзу нөмірімен автокөлік басқару сынды құқықбұзушылықтың алдын алуда. Сондай-ақ 2 тәулік ішінде республикалық маңызы бар тас жолда күшейтілген түрде нәтижелі жұмыстар атқарылды. Мұндай іс-шаралар тәртіп сақшылары тарапынан алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ

Шымкентте биыл шыны конструкциялар өндіретін «Авангард» зауыты ашылады. Қала әкімі аталмыш кәсіпорынға арнайы барып, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба жүзеге асқанда 50 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарланып отыр. Мекеме  толығымен ішкі нарықты қамтиды. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған. Құрал-жабдықтар орналастырылуда.

"ЖҰЛДЫЗ" ИНДУСТРИЯЛДЫ АЙМАҒЫН ҚҰРУ

Шымкент қаласы әкімінің  өнеркәсіп орындарын аралауы «Жұлдыз» индустриалық аймағында жалғасын тапты.  Шаһар басшысы жаңадан құрылып жатқан «Жұлдыз» индустриялық аймағының құрылыс жұмыстарын көрді.

Жалпы аумағы 306 гектар аймаққа инженерлік инфрақұрылымның құрылысы жүргізіліп жатыр.

Жаңа индустриялық аймақта машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы салаларында 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.  200 млрд. теңгеден астам қаржыға 50-ден астам ірі инвестициялық жоба іске аспақ. Қазіргі таңда 100 млрд. теңге тұратын 17 жобаға жер телімдері бөлінді.

Қала әкімі іске асырылатын әрбір жобамен танысып, өзекті мәселелерін талқылады. Тиісті басқарма басшыларына тапсырмалар жүктеді.

АЛЮМИН БАНКІ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰР

Келесі кезекте Мұрат Әйтенов  – «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан Орталық Азияда теңдесі жоқ алюминді банкілер шығаратын зауытын көрді.

«KazALPack» ЖШС-ның көлемі 6 гектар. Инвестициялық жобаның құны - 23,4 млрд. теңге. Жылына 500 млн қақпағы бар банкі шығаруға қауқарлы кәсіпорын 157 адамды жұмыспен қамтып отыр. 80 пайыз ішкі нарыққа, 20 пайыз сыртқы нарыққа шығарылады. Өткен айда техникалық пайдалануға берілді. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60 пайызын алмастырады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, шаһарда 2 индустриалды аймақ ашылмақ.

Оның бірі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы – 23 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба.  

Екіншісі – «Агроиндустриалды аймақ» өндірістік жылыжай кешені - 11 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба.

ТҮРКІСТАН: САЯБАҚТАҒЫ МҮЛІКТІ СЫНДЫРҒАН...

Саябақтағы мүліктерді сындырған үш жасөспірімнің әрекеті бейнекамераға түскен

Түркістан қалалық Полиция басқармасына "Жасыл Түркістан" мекемесінің қызметкерінен, белгісіз біреулер саябақтағы 1 дана қоқыс жәшігі мен 3 орындықты сындырып кеткені жайлы шағым келіп түсті. Ақпарат алысымен полицейлер шұғыл әрекет етті. Бірінші кезекте кінәлілерді анықтау үшін учаскелік полиция инспекторлары жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру шаралары атқарылды. Жан-жақты сұрастырылып, бейнебақылау камералары жіті тексерілді. Соның нәтижесінде саябақта теріс әрекет жасағандардың әрекеті жазылған бейнежазба анықталды. Осылайша жас жігіттер тұрғылықты мекенжайларынан анықталды. Олар бір-бірімен көрші тұратын, жасөспірімдер болып шықты.

Анықталғандай, құқық бұзушы үш жасөспірім таңғы 04:55 шамасында қыдырып жүріп, қызық үшін өрескел әрекетке барған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 202-бабымен «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру» сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Әрбіріміз қаламыздың тазалығына, әдемілігіне жанашырлық танытып, аулалар алдындағы демалатын орындықтар, көшелерге қойылған қоқыс жәшіктерін сындыруға жол бермеуіміз керек.

Сіздің ойланбай жасаған теріс әрекетіңіз үшін қылмыстық жауапкершілік барын естен шығармаңыз. Сондай-ақ темекі тұқылын, пісте қалдықтарын бейберекет шашпау қажет. Көше тазалығына жауапты азаматтардың да жұмысын бағалаңыз!

 

 

САРЫАҒАШ: 110 ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТҮЗІЛДІ

Жүргiзушiлер арасында келiк тәртiбiн арттыру, жол келiк окигаларын төмендету және жол жүрісі кағидаларын бұзудың алдын мақсатында Республика көлемiнде алу Ұйымдастырылған «Кауiпсiз жол» жедел профилактикалык іс шарасын еткізу жайлы Сарыағаш ауданы полиция белiмi бастыгынын бұйрығы шыгарылып, осы багытта жұмыстар 2022 жылдың шілде айынын 19 күнiнен бастап жумыстар атқарылуда. Аудан аумағында «Қауiпсiз жол» Республикалық жедел профилактикалык іс шарасы жүргiзiлiп жатканы жайлы әлеуметтiк желiлерге және ауданнын хабарландыру берiлдi. баспасөз кызметтерi аркылы аудан тұрғындарына

Осы багытта аткарылган жумыстар барысында Сарыағаш ауданы аумағында жол келiк окигалары орын алмаган, iс-шара барысында жалпы 110 әкімшілік хаттама тузiлген. Онын iшiнде автокелiктi мас халде баскарганы үшiн 2 дерек анықталып. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608 бабымен әкімшілік хаттама түзiлдi. Сонымен катар автокөлiктi баскару кезiнде жолдын карсы багытына шыгып, жолда жүру ережелерiн өрескел түрде бузган 2 тұлға аныкталып, оларга Казакстан Республикасы ӘҚБтК-нiн 596 бабы з белігімен әкiмшiлiк хаттамалар рәсiмделіп, кукык бузушылык жасаган тулгаларга катысты занды процессуалдык шешім кабылдау ушiн әкiмшiлiк iс-кужаттары Сарыагаш ауданынын әкiмшiлiк кукык бузушылыктар мамандандырылған әкiмшiлiк сотына жолдануда. жөніндегі

Іс шара барысында аудан аумағында жол кептелiсi жиi орын алатын, жол келiк окигаларына кауiптi аймактарды аныктау, ол жерлерге жол белгiлерiн орнату максатында ұсыныстар Сарыагаш ауданынын автожолдар бөлiмiне жолдануда.

Ауданаумагында <<Kayinciзжол>> Республикалык жедел профилактикалык іс шарасына Сарыағаш ауданы полиция белiмiнiн жеке курамы жумылдырылып, жол келiк окигаларын болдырмау және жол жүрiсi кагидаларын алдын алу максатында кушейтілген тәртiпте жұмыстар аткарылуда.

ШЫМКЕНТТЕГІ ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ 189 МӘСЕЛЕ ШЕШІМІН ТАБАДЫ

Шаһар басшысы 1 - ші жартыжылдықта Қаратау ауданы тұрғындарымен 63 кездесу өткізді.  Онда 328 мәселе көтерілген. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 139 мәселе шешілген, 189 орындалуда. Оның ішінде 71 мәселе алдағы екі жыл көлемінде шешімін табады. Шешімін тапқан әрбір мәселе «қоғамдық бақылау» кеңесімен расталып отырды.

266 мыңнан аса халқы бар ауданда шешілмеген  түйткілді мәселелердің әлі де көп екеніне тоқталған М.Әйтенов, жұмыстардың жүйелі түрде жалғасатынын жеткізді.

2 ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ САЛЫНУДА

Қала әкімінің Қаратау ауданы тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде аудан әкімі Р.Мүлкеманов негізгі көрсеткіштерді атап, жоспарлармен таныстырды.

Қаратау ауданында 12 ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істейді. Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту туралы тапсырмасына сәйкес, 2 индустриалды аймақ ашу жұмыстары басталды.

Оның бірі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы – 23 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба. 1500 жұмыс орнын құрумен 21 жоба іске аспақ.

Екіншісі – «Агроиндустриалды аймақ» өндірістік жылыжай кешені - 11 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба. 369 жұмыс орнын құрумен 14 жоба жүзеге асады. 

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ МӘСЕЛЕСІ БАСТЫ НАЗАРДА

Қала әкімінің есепті кездесуінде Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов ауданның инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу барысы туралы айтты.

2023 жылы ауыз сумен қамтуды 100 пайызға жеткізу жоспарланған. Осы мақсатта биыл Нұртас су жинақтағыш магистралды құбырының құрылысы аяқталады. Ал Қайнарбұлақ және Асар-2 елдімекенінде құрылыс жүргізіліп, келер жылы пайдалануға беріледі.

 Достық пен Асар-2 тұрғындары сапалы электр желісіне қол жеткізеді. Тассай шағын ауданында құрылыс жұмыстары осы жылы басталып, 2023 жылы аяқталады. Нәтижесінде биыл ауданды электрмен қамту 97 пайызды құрамақ.

 Биыл табиғи газбен қамту көрсеткіші 90 пайызға жетеді. Бұл мақсатта Тұран, Тассай, Нұртас, Қайнарбұлақ, Асар-2 елдімекендерінде құрылыс жұмыстары басталады. Қайнарбұлақ тұрғын алабындағы жұмыстар келесі жылға өтпелі.

Мирас, Ақжайық, Тұран ішкі магистралы, Асар-2, Тассай, Достық елдімекендерінде кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.  Асар-2, Тассай, Достықта жұмыстар алдағы жылы аяқталады.

2022 жылы 39 көше жарықтандырылады.

ҚАРАТАУ АУДАНЫНДАҒЫ 874 МӘСЕЛЕНІҢ 374-І ШЕШІМІН ТАПҚАН

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарына 6 айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, мәселелерін тыңдады. Есепті кездесуге зиялы қауым өкілдері, қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары қатысты.

Президент Жарлығына сәйкес, қала әкімі тоқсан сайын тұрақты кездесулер өткізуде. 2022 жылдың I жартыжылдығында тұрғын алаптар мен шағынаудандарды аралап, кездесулер барысында  тұрғындардан 874 ұсыныс-пікір түскен. Бүгінде оның 374-і шешімін тауып, 336-ы орындалу барысында.

Шаһар басшысы 6 айда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларды баяндады. Әлеуметтік-экономикалық даму мен инженерлік-инфрақұрылыммен қамтылу жұмыстарының барысынан хабардар етті.

— Тұрғындардың ең көп көтеретін мәселесі- инфрақұрылым. Даму жоспарына сәйкес, бұл бағытта жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. 2023 жылы ауыз су, 2025 жылы электр жарығы, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары толық шешімін табады. Кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек, - деді қала әкімі.

Қаратау ауданында 265 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Аудан әкімі Р.Мүлкеманов халық саны жыл сайын 15-20 мыңға артып жатқанын атап өтті.  Қалада жалпы құрылыс жұмыстарының 50 пайыздан астамы Қаратау ауданында жүргізілуде.

Кездесуде тұрғындар жалпы инфрақұрылыммен қамту, жерді заңдастыру, қоғамдық көлік және аулаларды абаттандыру, көшелерге ат беру, тұрғын үйлердің қасбетін жаңарту сынды мәселелерін айтты.

Шаhар басшысы әр тұрғынның мәселесін тыңдап, нақты жауаптар берді. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

Естеріңізге сала кектейік, осыдан екі ай бұрын шаһар басшысы Қаратау өңірінің тұрғындары алдында есеп берген болатын. Басшының шымкенттіктермен 15-ші кездесуде күн тәртібіне қойылған мәселелер көп, соның ішінде коммуналдық қызметтердің жұмысы бірінші орында тұрған еді. Әкімнің халық алдындағы есебі үш сағатқа созыған еді. Тұрғындардың мәселелі сауалдарын бірде-бір шенеунік жауапсыз қалдырмады. Мұрат Әйтенов бұл ел алдындағы соңғы кездесуі емес екенін сол кезде айтқан болатын.