ТҮРКІСТАН: ҚАСИЕТТІ ЖҰМА КҮНІ МЕШІТКЕ ЖИНАЛҒАН ЖАМАҒАТҚА ПАРАҚОРЛЫҚТЫҢ ҮКІМІ БОЙЫНША УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ

 Түркістан облысына қарасты барлық қала/аудан мешіттеріне жиналған жамағатқа парақорлық аясында уағыздар айтылды.

Жұма намазына жиналған өңір тұрғындарына мешіт имамдары асыл дінімізде пара алу мен пара берудің, делдал болу мен пара ұсынудың үкімі ауыр болатынын жеткізіп, адал ризықпен келген ас-тағамның маңыздылығы мен оңай олжаның берекесіздігін ортаға салды.

Рухани жиынға өңір тұрғындарынан бөлек, діни бірлестіктер мен әр түрлі этнос өкілдері де қатысты.

Пара – мансап иесін параға жығу мақсатында берілетін мүліктік құндылық. Ол пара мансап иесін өз тарапына тарту немесе пара беруші өз мақсатына жету үшін беріледі. Алла Тағала мұсылмандарға пара алудан және пара беру арқылы мансап иелерінің разылығын табудан тыйған. Сонымен қатар екі жақтың арасында (пара алушы мен пара берушінің) жүрген дәнекер де ауыр күнә істеген болады. Алла Тағала айтады: «Араларыңдағы малдарыңды бұзық жолмен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра адамдардың малынан бір бөлігін жеу үшін билерге апармаңдар». Имам Бухари және имам Муслим риуаят еткен хадисте Расулалла (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) былай деген: «Алла Тағала пара берген және параны алғанды лағынеттеді».Зұлымдық ету мақсатында пара беру ауыр қылмыс әрі күнә. Сонымен қатар түрлі істі бітіру мақсатында пара беруге де болмайды. Бірде Расулалла (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) Абдуллаһ ибн Рабаханы (родиял-лаһу ъанһу) яһудилерге жібереді. Олар құрма бақтың салығын төлеуі тиіс еді. Сонда яһудилер Абдуллаһты (родиял-лаһу ъанһу) параға жыққысы келіп, оған түрлі сыйлық ұсынады. Олардың бұл ісіне ол: «Сендердің параларың заңсыз. Сондықтан біз оны қабыл етпейміз»-деп жауап береді. (имам Малик) Жемқорлыққа алып баратын пара тіленушілік қоғамды бұзады. Пара жүрген жерде әділетсіздік әділ орнына қабылданып, тыйым салынған нәрсеге рұқсат етіледі және әділетсіз шешім шығарылады. Залымдар істі өз пайдасына шешу мүмкіндігіне қол жеткізеді. Пара жүрген жерде жауапкершілік деген болмайды. Ислам параның қандай түріне болмасын тыйым салады. Тіпті сыйлық ретінде берілген параның өзі харам. Сондықтан да, уа қадірменді мұсылман қауым! Күмәнді нәрседен аулақ болыңыздар! Харамнан Алла Тағаланың Өзі сақтасын!  «Уа мүміндер! Алла Тағаладан қорқыңдар. Әркім ертең үшін не жібергеніне қарасын. Алла Тағаладан қорқыңдар. Шәксіз Алла Тағала не істегендеріңді толық біледі. Сондай Алланы ұмытқан, Алла Тағала оларға өздерін ұмыттырған кісілер тәрізді болмаңдар. Міне солар бұзақылар»,-делінген.

Шариғатымыз пара алуға және пара беруге қатаң тыйым салады. Алла Тағала Құранда: «Бір-біріңнің мал-мүліктеріңді харам жолдармен жемеңдер. Сондай-ақ біле тұра ел-жұрттың мал-дүниесінің бір бөлігін күнәлі жолдармен жеу үшін (пара ретінде) басшыларға беруші болмаңдар!» ­– деп бұйырады. Келесі аятта: «Олар – өтірікке құлақ салушы, арам жеушілер» («Мәйда» сүресі, 42-аят), – деген. Осы аяттағы «сухт» сөзін имам Хасан және Саид ибн Жубайр сынды ғалымдар пара деп тәпсірлеген.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сухт жолымен пайда тапқан адамның жәннатқа кірмейтінін айтқан кезде қасындағылар: «Уа, Алланың елшісі, сухт деген не?» – деп сұрайды. Сонда Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Үкім шығару үшін пара алу» (Ибн Жарир) деп жауап берген. Сәубаннан (Алла оған разы болсын) жеткен риуаятта: «Алла елшісі пара беруші мен пара алушыны және дәнекерлік еткенді лағынеттеді», – деген (Имам Ахмад). Яғни пара алушы мен пара беруші арасында дәнекерлік жасаушы да ауыр күнә істеген болады.

Ислам ғұламалары пара алудың харам екенін бірауыздан мақұлдаған. Тіпті алдын ала шарт етіп берген сыйлық та пара болып есептеледі.

Парақорлық – қоғамның баяндылығын бұзатын індет. Пара жүрген жерде әділетсіздік орнап, адам мен қоғам құқығына қол сұғылып, заңның күші жойылады.   

Пара ретінде берілген мүлікті не сыйлықты алу харам болғандықтан, оны иесіне қайтарып беру міндет. Егер алынған зат табылмаса, сол заттың құнына тең басқа зат қайтарылады. Пара берген адам дүниеден өткен болса, ол зат оның мұрагерлеріне қайтарылады. Осылайша пара алушы бұл дүниедегі жазадан құтылады. Ал ақыреттік жазасынан құтылуы үшін Аллаға шынайы тәубе етіп, кешірім сұрау керек. Егер мүліктің иесін табу мүмкін болмаса, ол мүлік мұқтаж жандарға үлестіріліп беріледі (Али Хайдар. Дурару әл-Хуккам шарх мәжаллати әл-ахкам, «Дару алам әл-кутуб», 2003 ж., 4/592).

Үкім:

  1. Пара алу мен пара беру және параға дәнекерлік жасау – харам. Парақорлық жолмен табылған табыс та харам болып саналады.
  2. Пара алумен жиған дүние иесіне қайтарылады. Мүліктің (параның) иесі табылмаған жағдайда, мұқтаж жандарға таратылады.Айта кетсек, бұл игі үрдіс бүгін облыс аумағындағы барлық мешіттерді қамтыды.

Қазығұрт: 70 жайт пәтер ұрлығын жасаған...

Қазығұрт АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне түнгі уақытта ұры түсіп, жатын бөлмесінде тұрған бағалы алтын бұйымдарын жымқырып кеткен.

Жалпы жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 1 миллион 200 мың теңгеге жуық. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша СДТБТ-ға тіркеп, пәтер ұрлығымен айналысқан белгісіз адамды іздеуге кірісті. Тәртіп сақшыларының тыңғылықты атқарған жұмысының нәтижесінде күдіктінің жеке басы белгілі болды.

Яғни күдікті осы уақытқа дейін істі болып, 70 жайт пәтер ұрлығына қатысы бар шымкенттік ер адам болып шықты. Сондай-ақ сезікті қазіргі таңда ірі көлемде бірнеше сериялы ұрлық қылмысын жасағаны үшін Қазығұрт АПБ-да қамауда отыр.

Ол жауап алу барысында, жоғарыдағы жәбірленушінің үйіне ұрлыққа түскенін толығымен мойындаған. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті ер азаматтың бұдан бөлек басқа қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.Түркістан облысының полицейлері азаматтарға сақ болуға, өз үйлері мен мүліктерін қараусыз қалдырмауға кеңес береді.

 

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАСЫ АЗАЙҒАН

Түркістан облысында жыл басынан бері 280-нен астам жол апаты мен жолға қатысты 270 000-нан астам құқық бұзушылық тіркелген. Түркістан облысында жол-көлік оқиғасының тіркелімі өткен жылмен салыстырғанда 4,7%-ға төмендеген. Яғни жыл басынан бері өңірде 283 жол апаты орын алған. Өкінішке орай соның салдарынан 93 адам қайтыс болды. Десекте бұл көрсеткіш өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3,1 пайызға төмен.

Жалпы жол-апатын қайтсек азайтамыз? Негізінде Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен жеке құрам қызметкерлері жол апатын болдырмау, алдын алумен қатар, осы жол қозғалысы ережесінің сақталуын қатаң бақылауда ұстайды. Көшеде ары-бері зулаған көліктерді жіті назарға алып, жедел-профилактикалық іс-шаралар, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қажет кезінде жаднамалар таратуда.

Жол апаттарының себеп-салдарын саралап айтар болсақ, ҚР ҚК-нің 346-бабы «КҚ жүргізу құқығынан айырылған, алкогольден, есірткіден масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, басқа адамға беру» бойынша 25 дерек анықталған. Маневр жасау ережелерін бұзу салдарынан 17 жайт, елдімекендерден тыс жерлерде қозғалыс жылдамдығын бұзумен 48 жайт, ал елдімекенде қозғалыс жылдамдығын бұзумен 84 жайт орын алған. 34 жайт қарсы қозғалыс жолағына шығумен болса, жол белгілерінің талаптарын бұзумен 35 дерек тіркелген.

Сонымен қатар жануарларды соғумен болатын жол апаттары өткен жылы 41 болса, биылғы жылы 36 деректі құрап отыр. Жыл басынан бері барлық анықталған құқық бұзушылықтардың саны 300 мыңнан асса, оның ішінде 270 мыңнан астамы жол қозғалысы қауіпсіздік саласы бойынша анықталған құқық бұзушылықтар.

Жол-көлік оқиғаларын алдын алу, сондай-ақ облыс автожолдарында қалыптасқан жедел жағдайды жақсарту, автоапаттылық деңгейін азайту мақсатында, «Автобус», «Заңсыз тасымалдаушы», «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылып өткізілді. Жүргізушілер, жаяу жүргіншілер, жолаушылар, сондай-ақ жол қозғалысына қатысатын басқа да адамдардың барлығы өзінің жолда жүру ережесін жетік білсе, бұндай олқылықтар болмас еді.

Иә, ендігі кезекте Түркістан облысының кейбір жүгенсіз жүргізушілерін тәртіп сақшыларымен қатар, бейнебақылау камералары бақылауда. Киелі Түркістан қаласы облыс орталығы болғалы бері көптеген ауқымды істер атқарылуда. Оның бірі осы соңғы үлгідегі бейнебақылау камераларының орнатылуы.

Сондай-ақ ҚР ІІМ Марат Ахметжановтың бастамасымен жаңадан іске қосылған «Қорғау-қауіпті жүргізуші» бағдарламасы да өз нәтижесін беруде. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар одан ары жандандырылатын болады. Сондықтан, сақ болыңыздар. Өз өміріңізді ойлап, жол қауіпсіздігі ережесін сақтаңыз.

«Aq-qara.kz» - ақпарат 

Сайрамдық полицейлер танысының құрал-сайманын қолды еткен күдіктіні ұстады

Сайрам аудандық Полиция басқармасына Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ер адамның айтуынша, ол өзінің танысына цемент құюға арналған құралдарын сеніп тапсырған. Алайда арызданушы затын алуға барғанда, оның жоқ екендігін білген. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 7 200 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабарлама келіп түскен бойда күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Нәтижесінде полицейлер бұл қылмысқа қатысы бар ер адамды ұстап, полиция басқармасына жеткізді. Ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленуші мен күдікті құрылыс саласында жұмыс жасап жүрген таныстар. Сезікті сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін, қаражат қажеттілігіне байланысты 5 000 000 теңгеге жуық ақшаға сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда орта жастағы ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада 102 телефонына хабарласыңыз.

Отырар: Мал ұрлығының 5 жайтына қатысы бар...

Отырар аудандық ПБ-ға үш бірдей жергілікті тұрғын арызданып үйіндегі ірі қара малдарын, яғни жылқы, сиырларын белгісіз біреулердің жымқырғандарын жеткізді. Арызда тұрғындарға 1 700 000 теңге шығын келтірілгені көрсетілген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Орын алған ұрлық қылмысын ашу мақсатында, ауданның тәжірибелі полицейлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнын мұқият тексеріп, көрген-білген куәлардан жауап алды. Сонымен қатар іске белсене кіріскен отырарлық сақшылар, мал сататын орындарды да шолып шықты. Осылайша жүргізілген тиянақты істің нәтижесінде мал ұрлығына қатысты күдікті ұсталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушілердің ауласына түнгі уақытта кіріп, ұрлап алған малдарын өзінің басқаруындағы автокөлікке салып алып кеткен. Қолды қылған үй жануарларын мал базарға сатып жіберген. Ал ақшасын өз қажетіне жаратқан. Сондай-ақ сезіктінің бұдан басқа мал ұрлығының тағы 2 жайтына қатысы бары белгілі болды. Қазіргі таңда аталған жайттарға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері мал иелеріне қырағылық танытуға және әсіресе түнгі уақытта мүліктің сақталуына шаралар қолдануға кеңес береді.

ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСТЫҢ ТАРАЛМАУЫ БОЙЫНША НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Бүгін қала әкімінің төрағалығымен коронавирустық инфекцияның ықтимал толқынына дайындық бойынша штаб отырысы өтті. Онда ковидке қарсы дайындық жұмыстары пысықталды.

М.Әйтенов қаладағы эпидахуалды қатаң бақылауға алудың және карантинге қайта кірмес үшін азаматтардың жеке жауапкершілігінің маңыздылығын атап өтті. Коронавирустың ықтимал толқынының алдын алу мақсатында қала тұрғындары арасында ревакцинациялау және қоғамдық орындарда сақтық шараларын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын көптеп жүргізуді, мобильді топтардың жұмысын жүйелеп, олардың санын арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Шымкентте жалпы жыл басынан бері инфекциямен ауырғандар саны – 7474, 6912 – жазылған, 67 адам қайтыс болған. Соңғы 1 айда КВИ-дің 572 жағдайы, соңғы тәулікте 103 тіркеліпті. Олардың 13 пайызы жазылып шықты. 32 адам стационарда, 463-і үйінде ем қабылдауда. Науқастарды 100 орындық қалалық инфекциялық аурухана қабылдап жатыр, дәрі-дәрмек қоры мен вакцина жеткілікті. Коронавируспен күрес жөніндегі іс-шаралар кешеніне сәйкес мединицалық құрал-жабдықтар, дәрігерлер мен қосымша ПТР орталықтары дайындалуда. 74 мобильді топ жұмыс істеуде, 137-сі резервте.

Тұрғындарды КВИ-ге қарсы вакцинациялау бойынша: 1 компонент – 619 490, 2 компонент – 607 859; ревакцинация 3 компонент – 354 719 (жоспардың 55 пайызы орындалды), 4 компонент – 15032 адам алды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың осы кезеңінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары «Қызыл» аймаққа енген болатын.

Сандарды сөйлетсек, 15 шілдедегі жағдай бойынша, ел бойынша вирусты жұқтырғандар саны барлығы 1316567 адам. Оның 242704-і Нұрсұлтандықтар, 242523-і Алматы қаласының тұрғындары. Ал 49867 адам Шымкенттік екен. Аталған үш мегаполисте аталмыш дерттен  қайтыс болғандар жоқ.

ШЫМКЕНТТЕ ӘЛЕУМЕТТІК ТАУАР БАҒАСЫ ТҰРАҚТЫ

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту, азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша Мемлекет басшысының берген тапсырмасына сәйкес, бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірқатар кәсіпкерлермен кездесті. Онда қаланы азық-түлікпен қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту жайы айтылды. М.Әйтенов әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру, өнім көлемін арттыру, егістік жерлерді ұлғайту, өнім сақтайтын қоймалар санын арттыру мақсатында инвесторларды бірге жұмыс жасауға шақырды. Шымкентте бүгінде 14 ірі қойма жұмыс жасайды – 6 климаттық, 8 құрғақ қойма мен базарлар.

Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция салуға даяр кәсіпкерлер өз жобаларын ұсынды. Солардың бірі - «KAZAKHSTAN LOGISTICS GROUP» ЖШС. Бозарық шағын ауданында орналасқан қоймада екі кезең бойынша жұмыстар жүргізілуде. 1-кезеңде 40 мың тонна өнімге шақталса, екінші кезең 2025 жылға дейін аяқталса қуаты екі есеге артады. Алғашқы кезең бойынша үй-жайлардың құрылысы толық аяқталған. Ауыл шаруашылығы өнімдерін кезек-кезегімен жүктеу басталды.

Сонымен бірге «Керемет сапа» ЖШС – климаттық қойма салуды қолға алып отыр. 1 мың шаршы метр аумақта 2 мың тонна көкөніс сақтауға болады. Жобаның құны – 500 млн теңге. Биыл құрылыс жұмыстары толық аяқталса 15 адам жұмысқа орналасады.

Өзге де кәсіпкерлер өз жобаларына жер телімін беруді, кейбірі инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етуді сұрады. Шаһар басшысы әрбір жобаны толық зерделеп, мемлекеттік көмек көрсету үшін жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар жүктеді. Сонымен бірге, ірі азық-түлік сауда желілері мен әлеуметтік дүкендер санын арттыруды да тапсырды.

Айта кетейік, Шымкентте 6 айда ауыл шаруашылығы саласында 17 млрд теңгенің өнімі өндірілді, салаға тартылған инвестицияның көлемі 1,1 млрд. теңгені құрады. Биылғы жылы 30 мың га егістік жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілген. Оның ішінде дәнді дақыл- 13 мың га, майлы дақыл-3,6 мың га, мал азықтық- 9,6 мың га, көкөніс пен бақша- 3,4 мың га, картоп – 0,4 мың га, жүгері -0,1 мың га. Нәтижесінде 90,1 мың тонна өнім алу жоспарлануда. Қазіргі таңда 33,5 мың тонна өнім жиналған.

 

Сайрам: Бұзақылық жасаған ер адам бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталды

СайрамаудандықПолициябасқармасынажергіліктітұрғынарызданды. Ерадамныңайтуынша, жанармайқұюбекетініңалдындабелгісізерадамоныұрып-соққан. АталғанжайттыполицияқызметкерлеріҚРҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойыншатіркеугеалды. Жәбірленушігесот-медициналықсараптамасытағайындалды.

Полицияқызметкерлерібұзақылықжасағанерадамдыұстауүшінжүйеліжұмыстардыжүзегеасырды. Оларкөрген-білгендерденсұрастырып, бейнебақылаукамераларынқарапшықты. Жедел-іздестірушараларыныңнәтижесіндебұзақылықжасағанерадамоныңауылдасыболыпшықты. Яғниауылдас 2 жігітжанармайқұюбекетініңалдындасөзгекеліспей, жанжалдасыпқалған.

Салдарынанбіріекіншісінұрып-соғып, оқиғаорнынанқашыпкеткен. Бұлоқиғатолығыменжанармайбекетініңсыртындатұрғанбейнекамерағажазылған. Қазіргітаңдакүдіктіеразаматқақатыстысотқадейінгітергеуамалдарыжүргізілуде.

Түркістаноблысыныңполицейлерітұрғындарғаадамдарарасындағытүсініспеушіліккезіндесабырсақтауғашақырады. Әрбірәрекетүшінзаңалдындажауапберетіндідеүнеміескесалады.

ADAL KOMEK: ЛАГЕРГЕ ҚАТЫСТЫ СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРЕДІ

Облыста «Адам көмек» жобасы аясында облыстық білім басқармасының бөлім басшысы азаматтарды қабылдап, кеңес береді. Осы орайда, егер баланың жазғы демалысын ұйымдастыру, лагерге жолдама алу бойынша қандай да бір сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, заңгер кеңесіне жүгінуге болады.

Түлкібас: Зейнеткердің банк кәртішкесінен заңсыз ақша алған

Түлкібас ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғындардың бірі арызданып келді. Яғни зейнеткер әйел өзінің банк кәртішкесін жоғалтып алған. Алайда оның ұялы телефонына банк есепшотынан ақша алынғандығы туралы «SMS» хабарлама келіп түскен. Мұндай жағдай 2 ай бойы қайталанған.

Жәбірленуші дереу полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінді. Келтірілген жалпы шығын көлемі 300 000 теңгеден астам. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы, яғни «Ұрлық» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркеді.

Хабарды алған түлкібастық сақшылар жедел-іздестіру іс-шараларына бірден кірісті. Осы құқық бұзушылықты жасаған күдіктіні табуға қажетті жұмыстардың барлығын жүргізді. Нәтижесінде жинақталған ақпарат көздері арқылы әрекет жасаған полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол жәбірленушінің көршісі болып шықты. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Күдікті ер адам зейнеткер әйелдің жақын көршісі болғандықтан оның банк кәртішкесінің құпия сөзін бұрыннан білетін болып шықты. Ал зейнеткер әйел кәртішкесін жоғалтып алған сәтте, оны көршісі тауып алған. Алайда ол зейнеткерге тиесілі затты қайтарып берудің орнына құпия сөзін білетіндіктен, өзінің арам ойын жүзеге асырған және мұндай қадамға бірнеше рет барған.

Бүгінде полицейлер күдіктіден айғақты зат ретінде алынған ақша мен банк кәртішкесін толықтай заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері кез келген адамға сенбеуді, өзіңізге ғана белгілі құпия сандарды ешкімге айтпауды ескертеді.