ШЫМКЕНТТІҢ ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУІ ТАЛҚЫҒА ТҮСТІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еуропа қайта құру және даму банкінің Орталық Азия бойынша басқарушы директоры Харгитай Жужаннамен кездесті. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Қазақстан Республикасының жасыл экономикаға көшу шеңберінде Шымкент қаласын дамыту, Қазақстанның «Жасыл қалалар» бағдарламасын енгізу және дамыту арқылы 2060 жылға қарай Париж келісімінің мақсаттарына және көміртегі бейтараптығына қол жеткізуі, ЕҚДБ-ның Қазақстандағы энергетика, көлік және коммуналдық инфрақұрылым және жасыл экономика саласындағы көрсеткіштері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі басымдықтары талқыланды.

ЕҚДБ тарапынан Шымкент қаласында шағын және орта бизнес өкілдеріне қолдау білдіру жұмыстарының жалғасы табылатындығы жеткізілді.

Кездесу барысында қала әкімі ынтымақтастықты нығайтуға ниетті ЕҚДБ өкілдеріне алғысын білдіріп, тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Естеріңізге сала кетейік, жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен бейнебайланыс режимінде кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында транзиттік тасымал, экономиканы декарбонизациялау, қаржы секторы салаларындағы бірқатар инвестициялық жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың перспективалары талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкімен арадағы тиімді әрі ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң қарқынына көңілі толатынын атап өткен еді.


Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы Қазақстанның көміртегіне бейтараптыққа қол жеткізу жөнінде мәлімдеген мақсаттары аясындағы ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін нақтылады.

"ЕУРОПА-АЗИЯ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ШЕРУ ШЫМКЕНТКЕ ЖЕТТІ

Еліміздің "Бейбітшілік және келісім" қайырымдылық қоры ұйымдастырған "ЕУРОПА-АЗИЯ" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ШЕРУІ» Шымкент қаласына жетті. Дәстүрлі шеру биыл 16-шы рет өтуде. Қазақстан, Қырғызстан және Рессей федерациясының 16 қаласын аралауға ниетті жандар марштың мәні мен маңызын айтып берді.

Достық пен татулықты, бейбітшілік пен келісімді дәріптеген іс-шара Ордабасы алаңынан басталып, Абай саябағында жалғасты. Топ жетекшісі Руслан Абдуллин Шымкент қаласы зор қошеметпен қарсы алғанын атап өтіп, шаhардың одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестігін жеткізді.

-          Шымкенттіктер бізді жақсы қарсы алды. Біздің басты мақсатымыз бейбітшілік пен келісім. Барлық  ұлт өкілдері көк аспан астында бейбіт өмір сұруі керек. Біз әрқалада туды желбіретін көлікпен не жаяу жүрудеміз. Дөңгелек үстем мен баспасөз жиынан да өткіземіз. Қазақстан Халықаралық бітімгершіліктің көрінісі екенін бүкіл әлемге көрсету біздің мақсатымыз,- дейді ұйымдастырушы Руслан Абдуллин.

Шеруге қатысушысы Динара Әкімбекова мұндай марш болатынын ести сала қолдап шыққанын айтады. Ақжаулықты ана өз бала шағасының бейбіт аспан астында өмір сүргенін қалайды. Сол себепті де дінге ұлтқа бөлінбей, халықты бірлік пен ынтымаққа, келісімге шақырып отыр.

Іс-шара Шымкент қалалық мәдениет үйі өнерпаздарының концертіне ұласты.

Айта кетейік, Қазақстанның бас қаласы «Еуропа-Азия» бейбітшілік пен келісім шеруінің бастапқы нүктесі болды. Яғни, халықаралық бейбітшілік пен келісім шеруі 1 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласынан басталды. Бағыт 17 елдің аумағын қамтиды деп жоспарланды. Атап айтар болсақ, ұйымдастырушылар, алғашқы бағыт 4 елдің аумағында өтеді деген болатын. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Грузия. Келесі бөлігі АҚШ аумағын қамтиды, үшіншісі Алматыда басталып, Джаганапурада аяқталады деп жоспарланды. Бүгінгі дейін Қарағанды, Алматы, Бішкек, Тараз қаласында болды. Қазақстаннан 30 адам шеруге қатысады деп жоспарланған. Топ мүшелері ұлтына, дініне қарамай, адамдарды бірлік, ынтымаққа шақыруды мақсат еткен. Шеру Шымкенттен әрі қарай Түркістан қаласына аттанады. Келешекте Еуропа қалаларын аралау жоспары бар.

 

Сарыағаш: Пәтер алып беремін деп алдап кетті

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне екі бірдей тұрғын арызданды. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, танысы «жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден екі бөлмелі пәтер алып беремін» - деп, 300 000 теңге ақшасын алып қайтармай қойған. Екінші әйел өз арызында алаяқ «Шымкент қаласынан үй алып беремін» - деп, 450 000 теңге ақша алғанын көрсетті. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары бірден іске кірісті. Олар алаяқтық қылмысына қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Бұл жайтқа қатысы бар күдікті жергілікті тұрғын әйел адам болып шықты.

Тексеру кезінде күдікті бірнеше жыл өтіп кетсе де берген уәдесін орындамай, алаяқтық жасап жүргені анықталды. Ол жәбірленушілерден алған ақшаны, бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері таныс және бейтаныс адамдарға ақшаға қатысты шешімдерді сақтық шараларын сақтай отырып қабылдауға кеңес береді. Сонымен қатар күмәнді қызмет ұсынатын адамдарға банк шот нөмірін бермеуді сұранады.

ШЫМКЕНТТІК ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕР БАС ҚОСТЫ

 Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Шыңғыс Мұқан шаһарамыздың жас ақын-жазушыларымен кездесті. Кездесуге жас ақындар Сүндет Сейітов,  Салтанат Мадиярқызы, Арайлым Мұратәлиева және жазушы Жәудір Нартай қатысты. Өз кезегінде сөз алған Шыңғыс Мұқан жас қаламгерлерге қолдау керек екенін жеткіізді.

«Ақын-жазушыларға шығармашылық қолдау көрсету мәселесі жиі сөз болады.  Біздің қоғамда ақындық пен жазушылық кәсіп емес.  Бірақ,  ол — сіздерге қонған дарын.  Дарын сіздердің артықшылықтарыңыз»,- деді Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Мұқан.

Еркін форматтағы отырыс барысында жас қаламгерлердің жұмыспен қамтылу мәселесі де назардан тыс қалмады.

 — Ақын-жазушыларға шығармашылық қолдау мәселесі жиі сөз болады. Шетелдерде жазушылар өте бай. Олар шығармасымен елді елітіп, сол туындысына алған қаламақысымен өмір сүреді.  Біздің қоғамда ақындық пен жазушылық кәсіп емес.  Бірақ,  ол — сіздерге қонған дарын.  Дарын сіздердің артықшылықтарыңыз.  Сіздер де өз өнімдеріңізді өткізе білулеріңіз керек.  Әуелі,  шығарма арқылы оқырман жүрегіне жол табу маңызды. Екінші,  шығармашылық маркетингті дамыту қажет. Яғни,  өніміңіз оқырманға өту үшін сіздер олармен жақын болыңыздар,  - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

 Жиын барысында жас қаламгерлердің алдағы жоспары да сөз болды.

— Жуырда замандастарыңыз Сүндетпен сөйлесіп,  біраз мәселенің басын шалдық.  Алайда,  сіздер өз замандастарыңыздың жүрегіне жол тауып,  әуелі осы шымкенттіктерге танылыңыздар. Жуырда өздеріңіз ұйымдастырған «ШАМ» бірлестігінің шығармашылық кешіне қатысып, поэтикалық дуэльдеріңізді тамашаладым. Алайда, аудитория әлі де аз.  Шымкентте 200-ден аса мектеп,  8 ЖОО,  30-дан астам колледж бар. Сіздер арнайы шығармашылық бағдарламамен осы білім ұйымдарындағы замандастарыңызбен кездесіп,  өздеріңізді таныстырыңыздар,  - деді. Ш. Мұқан.

 Жас қаламгерлер кездесу барысында өз пікірлерін білдіріп,  бүгінгі поэзия мен проза тілі жайлы әңгіме өрбітті.

«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ӨКІЛДЕРІ ШЫМКЕНТТІҢ БАС ЖОСПАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

Шымкент қаласы бас жоспарының жобасын талқылау жұмыстары қызу түрде жүріп жатыр. Бүгін оған қатысты өздерінің ой-пікірін білдіруге Қазақстанның «Ауыл» социал-демократиялық партиясы Шымкент қалалық филиалының белсенді мүшелері келді. Арасында белгілі сәулетшілер және қаланың дамуына үлес қосқан азаматтар бар.

–Шымкент қаласының дамуы бәріміз үшін үлкен маңызға ие. Ал, бас жоспар дұрыс жасалса, онда қалада экономика да, өнеркәсіп те, ауыл шаруашылығы да орнықты дамиды. Ең бастысы, бұл құжат халықтың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруіне ықпалын тигізеді. Сондықтан, жергілікті биліктің бас жоспардың жобасын қоғамның ашық талқылауына шығаруы орынды шешім дер едім. Біз «Ауыл» партиясының атынан осы мәселеге қатысты ой-пікірлеріміз бен ұсыныстарымызды жеткізу үшін жиналып отырмыз, – деді «Ауыл» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Қанатбек Досалиев.

Бас құжаттағы маңызды тұстың бірі – инженерлік инфрақұрылымды, жол салуды дұрыс жоспарлау. Соңғы бас жоспар жасалған кезде қала тұрғындарының саны басқаша еді. Жыл сайын демография және көші-қон факторларының есебінен Шымкент тұрғындарының саны көбейіп келеді. Бұған қоса көлік кептелісін азайтып, жолдарды дамыту маңызды. Осы бағытта тиісті жұмыстар атқарылып, барлық жұмыс жылдың соңына дейін аяқталуы тиіс. Жалпы Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарлап отыр.

Айта кетейік,  Шымкенттің бұған дейінгі бас жоспары 2012 жылы бекітілген. Өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бас жоспар 2035 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жобаны әзірлеу үшін мамандар қаладағы 117 мың гектар аумаққа түгел топотүсірілім жасап, 1:10 000 масштабпен картаға енгізіпті. Бұл жұмыстардың тағы бір ерекшілігі – барлық сызба заманауи талаптарға сай келетін векторлы форматта жасалған. Осылайша алдағы уақытта тиісті жұмыстар атқарылып, Шымкент заманауи мегаполис талабына сай келетін қала атанады деп жоспарланып отыр.

Сарыағаштық жігіт сүйіктісінің телефонын тартып алды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас қыздың айтуынша, өзінің танысы «Iphone 12 Pro Max» маркалы ұялы телефонын тартып алып, кетіп қалған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 400 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 389-бабы «Өзінше билік ету» бойынша тіркеуге алды. Тәжірибелі тәртіп сақшылары күдіктіні ұстауға бағытталған қажетті шараларды жүзеге асырды. Олар сезіктіні тауып, полиция бөліміне жеткізді.

Анықталғандай, жас жігіт жәбірленуші қыздың сүйіктісі болып шықты. Ол екеуінің арасындағы түсініспеушілік салдарынан, қыздың ұялы телефонын өзінше билік етіп, алып кеткен. Телефонды сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ұсынады. Сондай-ақ заңға қайшы іс-әрекеттерді жасауға, туындаған мәселелерді заң аясында шешуге шақырады. Егер, сіз, заңсыз әрекеттердің құрбаны немесе куәсі болсаңыз, тез арада 102 телефонына хабарласыңыз.

ТӨЛЕБИ ӘКІМДІГІ ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ АЛҒЫС АЙТАДЫ!

Тарихытереңдежатқантыныстымекен, Төлебибабамыздыңесіміненшілеген - Төлебиауданыхалқынаөзалғысымдыбілдіремін!

2019 жылыауданғабасшыболыптағайындалғануақыттанбастап, аудантұрғындарыменбіргеелбірлігіннығайтужолындататулықпенкелісімніңбірегейүлгісінқалыптастырдық. Осыуақытқадейінқоғамдықтыныштықпенқауіпсіздіктісақтаудажасалғанжұмыстардааземес. Ауданымыздаорыналғантөтеншежағдайларменқиынсәттердебірлігіміздіберіксақтап, қиындықтардансүрінбейөттік. Осындайсынсағаттаполицияғадегенсенімінжоғалтпай, Елболыпауданымыздыңтыныштығынкүзетугеатсалысқандарыңызүшінбаршаңызғарахмет!

Сондай-ақ, ТөлебиаудандықполициябөлімініңбарлықжекеқұрамынаолардыңОтанымыздыңөркендеуіжолындаатқарыпжүргенқызметтеріүшінерекшеалғысайтамыз..

ШЫМКЕНТТІКТЕР ЖЕР ТЕЛІМІ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТІ 15 МИНУТТА БІЛЕ АЛАДЫ

Енді тұрғындар өздерінің ЖСН/БСН-де тіркелген жер учаскелері туралы мәліметтерін электрондық порталдан (egov.kz.) ала алады  Бұл қызметті қалай алуға болатыны туралы «Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қалалық филиалының  өкілдері  айтып берді.

Қызметті алу үшін электронды порталда авторизациядан өтіп, «Жылжымайтын мүлік» бөлімінде «Мемлекеттік жер кадастрынан мәліметтер беру» қызметін таңдап, онлайн тапсырыс беруқажет. Содан кейін қызмет алушыға ЖСН/БСН көрсетіледі, кейін «Жердің бар-жоғына сұрау жіберу» батырмасын басу қажет. Тіркелген жерлер болмаған жағдайда мәртебе бірден көрсетіледі және «Анықтама алу»батырмасы пайда болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент бойынша филиалының өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, меншік иелері барлық тіркелген жерлер туралы толық, егжей-тегжейлі ақпаратты анықтама түрінде ала алады. Ол үшін сізде ЭЦҚ болуы немесе мобильді азаматтар базасында тіркелу қажет. Өтінім өңдеу 15 минутты алады.

 Нәтижесінде қызмет алушы бір мезгілде 10 жерге дейін таңдау мүмкіндігі бар мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мекенжайы, ауданы және нысаналы мақсаты туралы ақпараты бар ақпарат ала алады, кейіннен анықтама алу үшін жеке кабинетке өтіп, толық егжей-тегжейлі ақпараты бар жерлердің тізімін алады.

Бұған қоса, «Азаматтарға арналған үкімет»Мемлекеттік корпорация жер кадастры саласы бойынша мынадай коммерциялық қызметтер көрсетеді: кез келген күрделіліктегі жерге орналастыру жобаларын әзірлеу (ЖТҚ, ЖҚШ, үй-құрылыстар, ш/қ, гараждар, жер қойнауын пайдаланушылар, инфрақұрылым объектілері); жергілікті жердегі жер учаскелерінің шекараларын белгілеу; ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау; мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін ұсыну және т. б.

“ҰРПАҚТАР КЕЛІСІМШАРТЫ” БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСАТЫН ШЫМКЕНТТІКТЕР КӨП

Шымкентте жас мамандарды жұмысқа орналастыру және зейнет демалысына шығатын жұмысшыларға лайықты ізбасар дайындауды мақсат еткен “Ұрпақтар келісімшарты” жобасына қатысып, жұмысқа жолданып жатқандардың дені  - жастар. Солардың бірі - Нилюфар Убайдуллаева.

Ол өткен жылы Шымкенттегі Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжін “Тігінші” мамандығы бойынша тәмамдаған. Осы жылдың маусым айының басында ол “Ұрпақтар келісімшарты” жобасына қатысуға өтінім беріп, қалалық халықты жұмыспен қамту орталығына тиісті құжаттарын өткізіп, нәтижесінде жеке кәсіпкер “Қасиет Collection” тігін цехына жолданған. Жас маман аталған өндіріс орнында зейнет жасына жақындаған тігін шебері Гүлчехра Егембердиевамен (суретте) орын ауыстыратын болады.

- Бұл жұмыс іздеп жүрген немесе жұмыссыз жастар үшін зор мүмкіндік деп ойлаймын. Тәжірибе жинақтайсың. Тәжірибелі тәлімгерден істің қыр-сырын үйренесің. Жобамен келгеніме еш өкінбеймін. Өзімді жақсы қырымнан көрсетсем тұрақты жұмысқа тұруға да мүмкіндік мол, - дейді Нилюфар Убайдуллаева.

Биыл Шымкентте “Ұрпақтар келісімшарты” жобасымен 24 адамды жолдау жоспарланған.

Аталған жобаға қатысушының айлық жалақысы - 91890 тг. Мерзімі - 6 ай.

Айта кетейік, қалада кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады. Олар:
- 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;
- 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беріледі:
Субсидияланатын жұмыс орныдары бойынша 4 819 адамға жұмысапен қамту шаралары көрсетіледі, нақты 2 864 адам. Олар:
- 90 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 122 адам (135,6%);
- 2 098 адам жастар практикасы, нақты 864 адам (41,2%);
- 2 188 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 784 адам (79,9%);
- 227 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», нақты 130 адам (57,3%);
- 24 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы;
- 192 адам «Күміс жас» жобасы.
Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 3 013 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (15,4%). Олар:
- 19 609 адам бос жұмыс орындары, нақты 3 013 адам (15,4%);
- 3 630 адам жаңа жұмыс орындары.

ШЫМКЕНТТІК 3 МЫҢҒА ЖУЫҚ АНА ТҰРАҚТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫ

Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында «Бақытты жанұя» орталығының басшысы А.Қалымбет осылай деп мәлімдеді.

Комиссия төрағасы, қала әкімнің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, құзырлы мемлекеттік органдар және жергілікті үкіметтік емес ұйым басшылары қатысқан жиында Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша бірқатар мәселелер қаралды.

Атап айтар болсақ, отырыста көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға көрсетіліп келетін көмектің жай-жапсарын баяндаған «Бақытты жанұя» орталығының басшысы 4 269 ана жұмыспен қамту шараларына тартылғанын, 1225 ана қоғамдық жұмыспен қамтылғанын және 2 882 ана тұрақты жұмыспен қамтылғанын атап өтті. Сонымен бірге, 373 ана кәсіптік тегін оқу курсынан өтіп, 162 ана мемлекеттік грант алған.

Бұдан бөлек, жиында «Әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау: ана мен бала өлімінің проблемалары туралы» денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н.Асылбеков, «Қиын өмірлік жағдайға тап болған, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен азаматтардың дағдарыс орталығындағы жағдайы, өзекті мәселелері туралы» №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының басшысы Н.Асанов баяндама жасады.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Өңірлік комиссия тарапынан тиісті жұмыстарды жүргізу бойынша бірқатар құзырлы органдарға ұсыныстар берілді.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы көп балалы аналар саны – 43 446. Оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 10 892 жан.