ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

Бүгінде Отбасы банк пен жеке құрылыс компаниялар ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісімшарт жасасқан. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады.  Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесіне арнайы қатысқан Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов аталған жағымды жаңалықпен бөлісті. Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесі бір алаңшада Шымкенттің 14 құрылыс компаниясын жинады.

Олар:— OKS Development;

— Bi group;

— Батсу;

— Otau group;

— Kanfar.building;

— APT-Курылыс;

— Capital City;

— Сити строй;

— Эристайл;

— 01KZ-building;

— Витрина недвижимости;

— Yassy eco village;

— Управление жилья по г.Шымкент;

— СПК Шымкент.

Осылайша қала тұрғындары бір жерден құрылыс салушыдан ең өзекті ақпарат пен кеңес ала отырып, Отбасы банктің кеңесшілеріне есептеулер жасатып, қолайлы нұсқаны таңдай алады, тіпті 3 млн теңгеге дейінгі жеңілдікке ие бола алады. Егер келуші тұрғын үйді таңдаса және бірден банк кеңесшілерінен кредитке алдын ала мақұлдау алса, онда жеңілдік  алуға болады. Ол 15 минут ішінде жасалады. Жыл басынан бері Шымкенттегі Отбасы банк арқылы 2 мың азаматқа ипотекалық кредит мақұлданған. Шымкентте Отбасы банк арқылы жинақтау және әріқарай тұрғын үй сатып алу үшін тағы 18 мың жаңа салым шоты ашылған. Шотта бастапқы жарнаға қаражат жинақтай отырып, азаматтар тұрғын үй сатып алу үшін 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемелер бойынша кредит алу мүмкіндігі бар.Жылжымайтын мүлік жәрмеңкесінде Отбасы банк «Kanfar Building» құрылыс компаниясымен меморандумға қол қойды. Ол 30% мөлшеріндегі төмендетілген бастапқы жарнасы бар жаңа бірлескен бағдарламаның басталғандығын білдіреді. Осы бағдарлама бойынша тұрғын үй сатып алуға берілетін кредиттің ең жоғары сомасы 90 млн теңгені құрайды, кредит беру мерзімі — 6 айдан 25 жылға дейін. Жаңа шарттар бойынша өтінімдерді қабылдау таяу уақытта басталады.Айта кетейік, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — елімізде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін іске асырушы жалғыз банк. Банк Еуропалық құрылыс жинақ кассалар федерациясының (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үй құрылысын қаржыландыру Одағының мүшесі. «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Отбасы банк» АҚ-ның жалғыз акционері болып табылады.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТ: ЖУРНАЛИСТЕР МЕН БАСПАСӨЗ ХАТШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

“Бүгінгі медиа: біліктілік және қоғаммен байланыс”. Дәл осындай тақытырпта Шымкентте семинар-тренинг басталды. Қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйытқы болуымен өтіп жатқан семинар журналистер мен баспасөз қызметінің өкілдеріне арналған. Семинардың алғашқы күнінде басқарма өкілдері мен белгілі журналистер, блогерлер тәжірибелерімен бөлісті.

Семинарда жалпы журналистиканың даму бағыты, салалық заңға енгізілу үшін қаралып жатқан өзгерістер сөз болды.

– Бұл семинардың берері мол болмақ. Мемлекет басшысы Жолдауында БАҚ саласына баса мән берген еді. Қазіргі заманда медианың алар орны ерекше. Жаңа Қазақстанды құруға БАҚ өкілдері де атсалысуда, – деді Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Мұхтар Сейітжаппаров.

– Журналист тек ақпарат жеткізуші емес, қоғамның қозғаушы күші де бола алады. Сондықтан, БАҚ өкілінің дүниетанымы неғұрлым кең болса, бұқараға тигізер пайдасы да соғұрлым мол болады,– деді "Шымкент келбеті" – "Панорама Шымкента" газеттерінің бас редакторы Бақтияр Тайжан.

Бұдан кейін сөз алған медиа сарапшысы Өркен Кенжебек дәстүрлі журналистика мен блогингтің айырмашылығын айтты. Журналистикада 12 жылдық тәжірибесі бар маман жеке блог жүргізудің қыр-сырымен, өз тәжірибесімен бөлісті.

Семинар барысында, сондай-ақ, "Qazaqstan" ұлттық арнасының Шымкенттегі меншікті тілшісі Ғани Қалмахан телевизиялық сюжет жасаудағы ерекшеліктер туралы әңгімеледі. Журналистер мен баспасөз хатшылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікірлерін ортаға салды.

Айта кетейік, өңірімізге ғана емес, елімізге белгілі журналистер Бейсенкүл Нарымбетова мен Зәуре Оралбаева ұйымдастырған семинар-тренинг үш күнге жалғасады.

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

 

ШЫМКЕНТ: ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ІІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

«Қоғам бірлігі — Жаңа Қазақстанның негізі» дәл осындай тақырыпта Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ІІІ сессиясы өтті. Алқалы жиында ҚХА-ның ХХХІ сессиясында берілген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланды.

 —Қазақстандағы барлық азаматтың құқығы тең. Яғни, кескін-келбетімізге, ұлтымызға, түсімізге қарап бөлінбейді. Еліміздегі түрлі этнос өкілдері қаншама жылдардан бері тату-тәтті өмірі сүріп келеді. Ал, бұл әрбір азаматтың танымына тікелей байланысты.  Танымның үш түрі бар: әуелі, өзіңді тану, екінші – қоғамды, мемлекетті, ұлттық құндылықтарды тану, үшінші – әлемді тану, - деді Шымкент қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ш.Мұқан.

"Тіл- ұйыстырушы фактор" деген ҚХА жанындағы ғылыми-сарапшылық топ жетекшісінің орынбасары Қ.Анарбаев еліміздегі этнос өкілдерінің татулығын нығайтып, бірлігін бекем етудегі мемлекеттік тілдің және «Қазақтану» жобасының маңызына тоқталды.

Жиын барысында Шымкент қалалық славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Н.Романова ел болашағы білімді, әрі еңбексүйгіш ұрпақтың қолында екенін айта келе, оларды тәрбиелеудегі педагогтардың рөліне тоқталды.  Ал, «Қазақстан кәсіби медиаторлары мен құқықтық кеңесшілері қауымдастығының» кәсіби медиаторы Н.Нұрханов этномедиация тақырыбын тарқатты. «Достық» білім беру орталығының оқытушысы С.Пак пен «HAN» телеарнасының тілшісі И.Нусратуллаева замандастарын мемлекеттік тілді меңгеруге үндеді.

Сессия соңында Шымкент қалалық мәслихатының хатшысы Б.Нарымбетов өңірде этномедиацияны дамыту үшін қарапайым тұрмыстық келіспеушіліктен бастау алып, ұлтараздық сипат алып кететін жағдайларда этномәдени бірлестік төрағалары белсенділік танытуы тиіс екенін атап өтті. Сессия төрағасы Шыңғыс Жұмабекұлы  жиында қаралған мәселелер бойынша бірқатар сала басшыларына тапсырма берді.

Айта кетейік, Шымкент қалалық  ҚХА қарасты 17 этномәдени бірлестік бар. Миллионнан аса тұрғыны бар мегаполис тұрғындарының 31,3 пайызын түрлі этнос өкілдері құрайды.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖЕДЕЛСАТЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

Биыл Шымкент қаласы бойынша «2020-2025» жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы аясында 9 көпқабатты тұрғын үйдің жеделсатысы жаңартылады. Сонымен қатар жыл басынан бері 70-ке жуық лифтте қауіпсіздік сапасын бақылау мақсатында  сынақ жұмыстары жүргізілді. Сынақты қалалық орта сапасы және бақылау басқармасыжүргізді.  Нәтижесінде 9 жеделсаты тіркеуге алынып, қалғандарында талапқа сәйкестендіру жүзеге асырылуда.

Басқарма тарапынан сондай-ақ, жеделсатылардың техникалық жағдайын  тексеру шаралары қарқынды жүргізілуде. Мамандар қауіпсіздік талаптарын қадағалау мақсатында Тұран-2 шағын ауданы № 55 А және Нұрсат шағын ауданындағы №219 үй тұрғындары мен аудан әкімдігі және қызмет көрсетуші мекеме өкілдерімен бірлесе  лифттердің жағдайын бақылады. Бұған аталған мекенжайлар бойынша  IKomek 109 бірыңғай байланыс орталығына тұрғындардан өтініштердің жиі түсетіндігі негіз болған. Кездесу қорытындысы бойынша басқарма басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы кемшіліктерді жоюға қатысты тиісті мамандарға бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

«Лифтте қалып қойдым. Жарық өшіп қалды», деген шағымдар бізге де келіп түседі. Басқарма тарапынан лифттерге қызмет көрсетуші мекемелермен Айкөмек 109 бірыңғай байланыс орталығымен интеграцияландыру жұмыстары жүргізілген. Олар 24 сағат бойы жұмыс жасайды. Олар тиісті мекемелерге хабарлама беріп, бақылауға алады»,- дейді бойынша басқарма басшысы Нұрдәулет Құрбанбекұлы.

Жалпы, Шымкент қаласында 639 лифт бар. Оның ішінде 515 жеделсаты көпқабатты тұрғын үйлерде орнатылған. Жедел сатыларға қызмет көрсететін мекемелердің саны 11. Жүк көтергіштер  істен шығып немесе оқыс оқиға орын алған жағдайда «IKOMEK» орталығына 109 қысқа нөмірі арқылы хабарласу қажет. Байланыс орталығында тұрғын үйлердің тізімі мен жауапты мекеме қызметкерлері бекітілген.

ШЫМКЕНТТІК ВОЛОНТЕРЛЕРДІҢ СЛЕТІ ӨТІП ЖАТЫР

«Тау самалы» балалар демалыс лагерінде ұйымдастырылған Шымкенттің ерікті жастарының екі күндік слеті басталды.

Оған қаламыздың белсенді жас студенттері мен оқушылары қатысты. Барлығы да еріктілер қозғалысының мүшелері.

Жастар жиынына Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов қатысып,  еріктілерден құралған жас өнерпаздардың концертін тамашалады.

—«Ерікті» деген ұғым қазаққа жат емес. Ата-бабаларымыз бір істе бір-біріне қолдау білдіргенде барлығы бірігіп асарлататын болған. Сол «асар» сөзі бүгінгі еріктінің мағынасына өте жақын. Ендеше еріктілер қозғалысы қаламызда жандана беруі тиіс,  - деді басқарма басшысы.

Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының директоры Мағжан Исахов екі күндік слетте жастар топқа бөлініп, көшбасшылық қасиетті дамыту, адамдар арасында лидер атану бойынша дәрістер мен жаттығулардан өтіп, жеңімпаз атанғандар бағалы сыйлықтармен марапатталатынын айтты. Демалыс аймағындағы думанды басқосуда басқарма басшысы М. Шотанов жастармен бірге алау отын жағып, «галстуксіз» жағдайда түрлі тақырып аясында өзара пікір алмасты.

 Айта кетейік, Шымкент қаласында 3 000 жас ерікті тіркелген. Қаладағы волонтерлық қызметпен айналысатын ұйымдарды (Жария, Мейірім, Добряки Шымкента, Волонтер Шымкент, ASSA, Ізгілікте жарысайық, Благо дарю, Lider.kz, Жастар қуаты) біріктіріп, "Шымкент волонтерлар қауымдастығын" құрылды. Қауымдастықтың қызметін үйлестіру барысында: "Жанға жылу" қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып, 12 245 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілді. 333 отбасыға қажетті дәрі-дәрмекті жеткізіп берді.Карантин кезінде  волонтерлар 1 млн астам медициналық бетперделер мен антисептик таратты. Мақтааралдағы су апатына байланысты 100 аса волонтер көмекке барып, құлап қалған үйлерді қалпына келтіру үшін тазалық жұмыстарын жүргізуге көмектесті. Елтай елді мекеніндегі 50 отбасына қажеті азық-түлік жеткізілді.Сонымен қатар, "Nur Otan" партиясы Шымкент қалалық филиалына "Jas Otan" жастар қанатының белсенді мүшелерімен, "Ізгілікте жарысайық" қайырымдылық қорының волонтерларымен бірге 2200-ден астам аз қамтамасыз етілген отбасыларға, көпбалалы аналарға, қарияларға азық-түлік, медициналық бетперде мен антисептиктерді таратылды. 180 отбасыға 1 тонна тауық етін үйлестірген.

ТҮРКІСТАН: ІРІ КӨЛЕМДЕГІ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мен Сайрам АПБ-ның полицейлері бірлесіп, аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған күдікті ер адамды ұстады. Нақтырақ айтсақ, полицияға тұрғынның бірі өзімен есірткі алып жүр деген ақпарат келіп түсті. Осы бойынша тәртіп сақшылары бірден әрекет етіп, күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды іске асырды.

Жедел-іздестіру әрекеттерінің нәтижесінде Сайрам ауданының Ақсукент ауылында күдікті мінген «Тойота Камри» маркалы көлік тоқтатылды. Тәртіп сақшылары автокөліктегі күдікке ілінген жолаушыны тінту кезінде, одан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас өсімдік тектес затты тапты. Айғақты зат ретінде алынған өсімдікке сараптама тағайындалды. Зерттеу қорытындысына сәйкес алынған зат салмағы 1,2 келіден асатын «марихуана» есірткісі болып шықты. Сонымен қатар күдіктінің шартты түрде жазасын өтеп жүргені және осыған қарамастан қайта заңмен тыйым салынған есірткіге қатысты қылмыс жасағаны белгілі болды.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы "Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу" бойынша тіркеуге алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Шымкенттік ер адам қамауға алынды. Бүгінде күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

Тәртіп сақшылары азаматтарға салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды әдеттерден бас тартуға кеңес береді. Егер де, сіз, есірткінің заңсыз айналымына байланысты ақпарат білсеңіз, дереу полицияға хабарласыңыз.

«Aq-qara.kz» - ақпарат

Мақтааралда көшеде мылтықпен жүрген азамат ұсталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері кез келген қылмыс түрін ашуда ерекше жұмыстар жүргізеді. Соның бірі - «Қару» жедел - профилактикалық іс-шарасы. Оның мақсаты - заңсыз айналымдағы атыс қаруларын анықтау, тіркеуде тұрған қарулармен жасалатын қылмыстардың алдын алу, отты атыс қаруын тәркілеуге және оны сақтау ережелерін тексеруге бағытталған.

Осы тұрғыда Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жергілікті тұрғынның көше бойында шолақ мылтық ұстап жүргенін анықтады. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 287-бабы «Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша тіркеуге алды.

Тексеру кезінде күдікті ер адам мылтықты темір жинап жүріп, тауып алғанын айтқан. Десе де, қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы анықталуда.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын еске салады.

«Aq-qara.kz» - ақпарат

Кентауда заңсыз ойын бизнесінің 2 дерегі анықталды

Облыста көлеңкелі бизнестің бір түріне айналған ойын бизнесін кәсіп еткендер, құмар ойынға салынғандар қатары көбейген. Бұл заңсыздықтың жолын кесумен полиция қызметкерлері қанша күресіп жатса да, адамдар бизнестерін тоқтатар емес.

Осы тұрғыда Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Онда ауылдардың бірінде заңсыз ойынхана жұмыс жасап жатқанын айтқан.

Хабар келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары көрсетілген мекенжайға тез арада келді. Олар оқиға орнын қарап, тексеру барысында 2 дана үлкен монитор, 6 дана процессор, чек шығаратын аппарат тәркілеп алды. Полиция қызметкерлерінің жедел-әрекеті нәтижесінде ойынхананың иесі Түркістан қаласының тұрғыны ұсталды.

Полицейлер дәл осындай заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тағы да бір жас жігітті ұстады. Мекенжайды тексеру кезінде одан да айғақты зат ретінде 3 дана үлкен монитор, 9 дана кіші монитор, 8 дана процессор, чек шығаратын аппарат және 1 дана интернет модем мен камера тюнер тәркілеп алынды. Сараптама тағайындалды. Аталған 2 жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 307-бабы «Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру» бойынша тіркеді. Тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтауда. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырушылар заң алдында жауап беретіндігін ескертеді. Сондай-ақ мұндай ойын орталықтары қоғам үшін қауіпті екендігін еске салады.

 

«Aq-qara.kz» - ақпарат

 

СОЗАҚТЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР МАЛ ҰРЛЫҒЫНЫҢ АЛДЫН АЛДЫ

Созақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Мүлікті қорғау жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған жоспарлы бағдарлама» бойынша рейдтік шара жүргізу кезінде, мал ұрлап бара жатқан ер адамды қылмыс үстінде ұстады.

Толығырақ айтар болсақ, түнгі уақытта рейдке шыққан полицейлер сағат 03:00 шамасында өздеріне күдік тудырған «Ауди 100» маркалы автокөлікті тексеру үшін тоқтатады. Алайда көлік жүргізушісі заң талаптарына бағынбай, ізін жасыру мақсатында қашпақшы болған. Дегенмен полицейлер дер кезінде автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында көліктің артқы орындығынан ірі қара мал табылды.

Анықталғандай, сиыр ұрланған болып шықты. Ол сол уақытта жергілікті тұрғынның малын ұрлап, үйіне апармақшы болған. Алайда ойлаған ойы жүзеге аспай, ұрлаған бөтеннің мүлкі айғақты зат ретінде тәркіленіп, өз иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК-нің 188-1-бабы «Мал ұрлығы» бойынша жүргізілуде.

Бүгінгі таңда елімізде мал ұрлығы өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Себебі ауыл-аймақтағы халқымыздың күнкөріс көзінің бірден-бір өзегі ол – мал шаруашылығы. Сондықтан Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға өздеріңіздің бейнеттеріңізбен тапқан малдарыңызды барымташылардың қолына оңай түспеуі үшін, еркін жайылымдарда қараусыз қалдырмауларыңызды ескертеді.

 

«Aq-qara.kz» - ақпарат

Сайрам: Полицейлер жас жігіттерді ұрып-соққан бұзақыларды ұстады

СайрамаудандықПолициябасқармасынатөртбірдейжасжігітарызданды. Олардыңайтуынша, екібейтанысерадам "Ваз 2106" маркалыавтокөліктентүсіп, өздерінұрып-соғып, қашыпкеткен. АталғанжайттыполицияқызметкерлеріҚРҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойыншатіркеугеалды.

Хабарламакеліптүскенбойдатәртіпсақшыларыжедел-іздестірушарасынжүргізді. ОларосықылмысқақатысыбарағайындыШымкентқаласыныңтұрғындарынұстады.

Тексерукезіндеанықталғандай, жәбірленушілер «Приора» маркалыавтокөлікпенШымкентқаласыбағытынақарайжолғашыққан. Содансоңдарынанкележатқан «Ваз 2106» маркалыавтокөлікпенжолғаталасыпқалған. Араларындағыболғантүсінбеушіліксалдарынан, «Приора» көлігіндеотырғанжасжігіттердіұрып, қашыпкеткен. Тәртіпсақшыларыжәбірленушілергемедициналықсараптаматағайындады. Қазіргітаңдаоларғақатыстысотқадейінгітергеуамалдарыжүргізілуде.

Түркістаноблысыныңполицейлерітұрғындарғажолдажүруережесінқатаңсақтаудыескертеді. Соныменқатарқандайқылмыстүріболсада, заңжүзіндешешімқабылданып, шаракөрілетіндігінескесалады.