Түркістан: Мемлекет және дін

Қазіргі кезде әлем елдерінің көпшілігі зайырлы мемлекет болып табылады. Әлем елдерінің бәрінің өз діндері бар және дәстүрлі діндеріне басымдық беріп, көңіл бөлінеді, шектеу жасалмайды. Заң бойынша да белгілі бір деңгейде ерекшеліктер беріледі. Кей мемлекеттерде ислам, буддизм деген секілді діндер ресми мойындалған. Алайда, басқа да көзқарастардағы азаматтардың дін таңдау бостандықтарына тыйым салмайды. Әлемдік тәжірибеде дін мен мемлекеттің қарым-қатынасы бірінші кезекте Конституция және арнайы заңдар арқылы реттеледі. Ал, бізде ҚР Конституциясында әрбір Қазақстан азаматына сөз бостандығы, діни наным-сенім бостандығы кепілдендірілген. Сонымен қатар, ҚР шетелдермен және халықаралық ұйымдармен жасаған келісімшарттары бар.  Қазір біз діни наным-сенім бостандығы және ар-ұждан бостандығы деген екі ұғымның арасын ашып алуымыз керек. Діни бостандық азаматтарға өзі қалаған дінді ұстануға мүмкіндік береді. Ал, ар-ұждан бостандығы ұғымына дінді ұстану және ұстанбау, басқа да дүниетанымдық тектері бар.

Қазақстандағы дін мен мемлекет қарым-қатынастары негізінен  Конституция арқылы және 2011 жылы қазан айында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңның «Дін және мемлекет» деген 3-бабы  арқылы реттеледі.

Соңғы кездерде мемлекет дін мәселесіне көңіл аударуда. 2011 жылы қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда» Әбу Ханифа бағытындағы ислам діні мен Православиялық христиан дінін халқымыздың рухани-мәдени дамуына үлес қосқан деп көрсетілген. Бір анық жайт, мемлекет еш уақытта дінге көз жұмып қарай алмайды. Өйткені,  ел азаматтары – мемлекеттің басты құндылығы. Ел азаматтарының рухани көзқарастары да маңызды. Сондықтан, мемлекет дінге ешуақытта бейтарап бола алмайды.

Зайырлы мемлекет саясатының жағымды жағы – жеке тұлғаға бір қалыпты дүниетаным мен өмір сүру салтын агрессияшыл түрде таңуға жол бермеу болып отыр. Тұлғаның адами абыройын қорғайтын бұндай ұстаным ислам қағидаттарымен де ұштасады. Мысалы, Құран Кәрімнің «Кафирун» сүресінің 6-аятында «Сендердің діндерің өздеріңе, менің дінім өзіме тән» деп айтылған болса, «Бақара» сүресінің 256-аятында «Дінде зорлау жоқ» делінген. Зайырлы мемлекет ешбір дінді өзге діндерден артық деп санамайды. Ешбір діннен бет бұрмайды әрі олардан алшақтамайды. Олардың құқықтарының теңдігін сақтауды өз міндеті деп біледі.

Елімізде «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында көрініс тапқан зайырлылықтың қазақстандық моделі қалыптасты. Оның негізгі мазмұны басты діни құндылықтарға тең қадамдармен жақындасуды және мемлекеттік құқықтық жүйені жетілдіруде азаматтар үшін тиімді өмір сүру салтының оң мәнін табудың ізденісін білдіреді. Қазақстанда дінді және дін ұстанушыны қорлауға жол берілмейді. Мемлекет те, дін де зайырлылық қағидаттарын асқақтатуға ат салысып, қазақ өркениетінің аяқ асты етілуіне жол бермейді.

Еліміздің Конституциясына сәйкес азаматтарды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Конституцияның осы қағидалары дін саласын реттейтін қолданыстағы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 3-бабының 1-тармағында мемлекеттің дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігімен айқын көрсетілген. Діннің мемлекеттен бөлектігі мемлекеттің дін істеріне араласудан бас тартуына тұғырланады. Мемлекетте барлық діндер тең құқылы және олардың бәріне бірдей талаптар қойылады. Мемлекеттік органдар заң бұзылмаған жағдайда діни бірлестіктердің ішкі істеріне араласпайды, өз кезегінде, діни бірлестіктер мемлекеттік қызметтерді атқармайды. Конфессиялық ерекшеліктер мемлекет тарапынан көмек немесе қолдау көрсетуге негіз болып табылмайды.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер» туралы заңының 3-бабының 5-тармағында «Азаматтардың дінге көзқарасына байланысты олардың азаматтық құқықтарының бұзылуына, діни қызметіне заңсыз кедергі келтіруге немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлауға жол берілмейді» деп атап көрсетілген. Қазақстан Республикасының азаматтары дiнге деген көзқарастарына тәуелсіз экономикалық, саяси, әлеуметтiк және мәдени өмiрдiң барлық салаларында өзара тең. Азаматтарды дiнге көзқарасына шектеу немесе ұстанатын дініне қарай қандай да бiр артықшылықтар беру, азаматтардың діни сезiмдерiн жәбiрлеу, сондай-ақ дiндi ұстанушылар қадiр тұтатын заттарды, құрылыстар мен орындарды қорлау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының азаматтары дiнге деген көзқарасына қарамастан заң алдында бiрдей жауапты. Заңнамада көзделген жағдайларды қоспағанда, ешкiмнiң де өз діни сенiмдерiн себеп етiп азаматтық мiндеттерiн атқарудан бас тартуға қақысы жоқ. Дiни наным себебiмен атқарылуға тиiс бiр мiндеттi екiншiсiмен алмастыруға тек қана Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол берiледi. Өз кезегінде дiни сенiм бостандығының сақталуын бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдары, прокуратура және басқа да құқық қорғау органдары ел заңнамаларында белгiленген өз құзыреттерiне сәйкес жүзеге асырады.

Қорыта келе, дін мен мемлекет байланыстары адам құқықтарын, соның ішінде ар-ождан бостандығы мен діни сенім еркіндігін құрметтеу аясындағы мемлекет пен діннің өзара ықпалдасуы болып табылады. Демек, біздің еліміз үшін адамның діни сенімі мен құқығын қорғауға және сақтауға бағытталған дін мен мемлекет қарым-қатынасын нығайту басты міндет болып табылады.

 

Б.Өтеген

Түркістан облысы дін істері басқармасының

«Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы           

 

ШЫМКЕНТ: « ЖАСТАР ПРАКТИКАСЫ» БОЙЫНША ЖАЛАҚЫ МӨЛШЕРІ 91 890 ТЕҢГЕГЕ ТЕҢ

Бұл жайында халықты жұмыспен қамту  орталығының директоры  Шағдат Әсетұлы  мәлімдеді. Осылайша орталық директоры Шымқаламыздың жастарын «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында  жұмысқа орналасуға шақырды.

«Өздеріңізге белгілі, «Жастар практикасы» елімізде біраз жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ауқымды бағдарлама. Еліміз бойынша, оның ішінде Шымкентте аталған бағдарламаға қатысып, мамандығы бойынша жұмысқа жолданып, тұрақты жұмысқа орналасып жатқан жастар өте көп»,- деп бастады Шағдат Әсетұлы.

Оның берген мәліметіне сүйнесек,  2021 жылы Шымкентте 2500-ден астам жас «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа жолданыпты.  Олардың 1300-дейі барған жерлерінде тұрақты жұмысқа орналасқан. Ағымдағы жылы аталған бағдарламамен 2098 жасты қамту жоспарланып отыр. Жыл басынан 1000-нан астам жас жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз жас ретінде тіркеліп, тиісті жұмыс орындарына жолдама алған. Қазіргі таңда олар өздерінің мамандықтары бойынша жұмыс істеуде.

Айта кету керек, «Жастар практикасы» -  уақытша жұмыс орны болып есептеледі және оған 29 жастан аспаған «жұмыссыз» мәртебесі бар және соңғы үш жыл ішінде (2020,2021,2022ж) жоғарғы оқу орындары мен колледждердің техникалық және кәсіби білім түлектері қатыса алады.

Бүгінгі таңда бағдарлама жалақысы  көтеріліп 91 890 теңгені құрап отыр (30 АЕК). Бағдарламаға қатысу мерзімі 12 айға дейін ұзартылған (бұрын 6 ай болатын).

Ескеретін жайт, бағдарлама мерзімі ағымдағы жылға ғана есептеледі. Сондықтан, бағдарламаға қатысуға неғұрлым ерте құжат тапсырған жөн. Бұдан бөлек жастар үшін «Алғашқы жүмыс орны» бағдарламасы бар. Бұл жоба ЖОО немесе арнаулы орта оқу орнын (колледж) тамамдаған жастар үшін зор мүмкіндік!
???? Жалақысы - 30 АЕК;
???? Мерзімі - 18 ай.
???? Аталған жобамен жұмысқа жолданған жас маман 18 ай бойы тұрақты айлық алып отырады және тәжірибе жинақтайды!
Мәлімет үшін тел:

Қаратау ауданы - 87052876044

Еңбекші ауданы - 87752996620

Әл-Фараби ауданы - 87029348041

Абай ауданы – 87074530803

ШЫМКЕНТТЕ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2022» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АУДАНДЫҚ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«Шымкентте «Мерейлі отбасы - 2022» байқауына қатысуға өтініш білдірген белсенді отбасылар саны артты»,-дейді ұйымдастырушылар.  Былтыр конкурсқа қатысуға 110 отбасы ниет етсе, биыл 128 отбасы құжат тапсырыпты.Қазіргі таңда төрт аудан бойынша аудандық деңгейде өткен конкурс өз мәресіне жетті. Абай ауданы – 33, Әл-Фараби ауданы – 30, Еңбекші ауданы – 31, Қаратау ауданы – 34 отбасы  тиісті құжаттарын тапсырып, жеңімпаздарды анықтау бойынша  құрылған комиссия өз шешімдерін шығарды.

Байқаудың шарты бойынша аудан әкімдіктерінде сәуір-мамыр айларында Шымкент қаласының тұрғындары арасында өтініштер қабылданған еді. Әр ауданнан 4 отбасыдан жалпы 16 отбасы жеңімпаз деп танылып, олар қалалық кезеңге жолдама алды.Атап айтатын болсақ:Абай ауданы бойынша: Тоқтиевтар отбасы, Қаржаубаевтар отбасы, Сыздықовтар отбасы, Шаймырзаевтар отбасы.Әл-Фараби ауданы бойынша: Бидайбековтар отбасы, Абдихановтар отбасы, Шамшиевтер отбасы, Баймахан отбасы.  Еңбекші ауданы бойынша:  Байбосыновтар отбасы, Бақтыбаевтар отбасы, Тенизбаевтар отбасы, Шукуровтар отбасы.          Қаратау ауданы бойынша: Жақыповтар отбасы, Есенамановтар отбасы, Бойшевтар отбасы, Адилбаевтар отбасы.     Енді, қалалық кезеңінің жеңімпаздары  15 шілдеге дейін анықталатын болатын. Қалада үздік деп танылған отбасылар республикада бақ сынайды.

Айта кетейкі, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен адамгершілік құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында  2013 жылдан бері өткізіліп келеді.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы «Мерейлі отбасы-2021»  ұлттық байқауының жеңімпаздары деп Алиевтер отбасы танылған еді. Олар республикалық байқауға жолдама алған болатын.

ШЫМКЕНТТЕ БЕСІНШІ АУДАН ҚҰРЫЛМАҚ

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс он сегізінші сессиясы өтті. Сессияға Шымкент қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Мұқан, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова қатысты. Оны мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов ашып берді. Күн тәртібінде Шымкент қаласында бесінші ауданды құру және аудандардың шекараларын белгілеу туралы мәселе қаралды.

Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы Ғабит Мәуленқұловтың айтуынша, шаһардағы демографиялық өсім жоғары, қала тұрғындарының саны жыл сайын 2,5-3 пайызға дейін көбейіп келеді. Оның үстіне Шымкент республикалық маңызға ие қалалар арасында аумағының кеңдігі жағынан бірінші орында тұр. Қалаға кейіннен қосылған  ауыл типтес 41 елдімекен бар. Бұл шағынаудандар мен тұрғын алаптарды дамыту –кезек күттірмейтін мәселе. Аппарат басшысы осыған байланысты жаңадан бесінші аудан құру қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті. Жаңа ауданның құрылуы қаланы басқаруды жетілдіріп, мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыруға септігін тигізеді.

Бұл мәселе Шымкент қаласы мәслихаты тұрақты  комиссияларының бірлескен отырысында қаралып, жан-жақты талқыланғандықтан халық қалаулылары ұсынысты бірауыздан қолдады. Осылайша, Шымкентте бесінші аудан құрылатын болды. Жаңадан құрылатын ауданның аумағы 36 мың гектарды құраса, ондағы тұрғындар саны шамамен 210 мың болмақ. Оған 16 елдімекен мен тұрғын алабы кіреді. Даңғылдар мен көше саны - 533 болса, тұрғын үй саны - 39 883. Ал әлеуметтік нысандар бойынша 25 мектеп, 18 балабақша, 6 колледж, 6 денсаулық мекемесі, 5 саябақ болады.Ал бесінші ауданға атау беру бойынша мәселе қолданыстағы заңдылықтарға сәйкес, алдағы сессияда Республикалық ономастика комиссиясының қарауына ұсынылатын болады.

Облыс тұрғындары мен қонақтары үшін қажет...

Облыста «Адам көмек» жобасы іске қосылды. Соның аясында «Әділдік жолы» Республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облысы бойынша жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары мамандары азаматтарды қабылдайды.

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫ КӘСІПТІК ОҚУҒА ЖОЛДАМА БЕРІЛУДЕ

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту  орталығы» КММ-нің  директоры  Шағдат Әсетұлы мәлімдеді.

 - Жалпы кәсіптік оқытуларға шілде айының басында жолдама беру бастау алды. Кәсіптік оқытудың ұзақтығы біліктілік пен дағдылардың ерекшеліктерінен шыға отырып 3 ай мерзімді құрап отыр,-деп бастады баяндамасын ол.

2022 жылы «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында жұмыс берушілердің сұратуы бойынша оқу ұйымдарында жұмыссыз 1632 азаматты оқыту жоспарлануда. Оның 832-сі жастар. Сонымен қатар, кәсіптік оқытуды жұмыс барысында ұйымдастыру бойынша 760 азаматты оқыту жоспарланса, оның 220-сы жастар санатындағылар екен.

2021 жылы Шымкент қаласы бойынша нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының І-бағыты аясында қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2500 азамат жолданды. Оларды 25 білім беру мекемесі 31 мамандық бойынша оқытқан болатын.

 Атап айтқанда:  қызмет көрсету саласында 12 мамандық бойынша 795 адам, ауыл шаруашылығы саласында 3 мамандық бойынша 75 адам, өндіріс саласында 7 мамандық бойынша 1310 адам, құрылыс саласындағы 9 мамандық бойынша 320 адам арнайы білім алып, сертификатқа ие болған.

Сондай-ақ, skills.enbek.kz онлайн режимде кәсіптік оқыту платформасында 9 наурыздан бастап қолданыстағы функционал оңтайландырылды және жаңа сервистер іске қосылды.

https://skills.enbek.kz/ онлайн платформасында Шымкент қаласы бойынша  1976 азаматты оқыту көзделсе,  олардың 998-і жастар.

Биылғы жылы жұмыс берушілердің сұратуына сәйкес, оқу ұйымдарында жұмыссыздарды кәсіптік оқытуды ұйымдастыру бойынша 74 жұмыс берушіден 29 мамандық бойынша өтінім түсті.

Айта кету керек, 2022 жылы оқуға жолданғандардың шәкіртақысы  адам басына 20 948 теңгені құрап отыр. Сондай-ақ, 6 126 теңгені құрайтын бір реттік материалдық көмек те қарастырылған.

Отырарлық 1550 жасөспірімге түсіндіру жұмысы жүргізілді

Жазмезгілібалаларүшінмамыражайуақыт. Оларғасуғашомылуерекшекөңілкүйсыйларысөзсіз. Алайдажасөспірімдердіңтарапынансуғатүсуережесінсақтамай, келеңсізжағдайларорыналыпжатады. Осытұрғыдаполицияқызметкерлерініңжұмысыкүшейетүседі. Мәселен, Отырараудандықполициябөлімініңқызметкерлеріауданның 140 шақырымжерінбасыпөтетінСырдарияөзеніжәнеауданорталығындағыАрысөзеніменканалдарға, белгіленбегенорындарға, суайдындарына, суғашомылуғатыйымсалынғанжерлергерейдтікжұмыстаржүргізді, – делінгендепартаменттіңтаратқанмәліметінде. Шаракезіндеережебұзған 30 тұрғынғаӘкімшілікқұқықбұзушылықкодексінің 364-бабы (ортақсупайдалануқағидаларынбұзу) бойыншахаттаматүзді. Соныменқатарполицейлер 23 тұлғағаескертужасап, шомылуғакелгенжасөспірімдергетүсіндіружұмыстарынжүргізіп, үйлерінеқайтарды. Балаларғасуғашомылуғаарналғанжерлергеата-анасыменкелугекеңесберіп, тыйымсалынғанжерлергебармаутуралықатаңескертужасады. Жалпықайуақыттакәмелеттікжасқатолмағанбалаүшіната-анажауапты. Жазғымаусымдаадамдардыңсуғаағыпкету, адамөліміменұштасқаноқиғалардыңалдыналу, оныболдырмаумақсатында, тәртіпсақшыларыбұлбағыттағыжұмыстардыалдағыуақыттадажалғастыратынболады. Соныменбіргемаусымайынанбастапбалалардыңжазғыдемалысыбасталды. Жасөспірімдердемалысорындарына, лагерьлергекөптепжіберілуде. Алолардыңқауіпсіздігіқашандаполицейлердіңбақылауында. ОсығанорайТүлкібасаудандықПолициябөліміқызметкерлерісауықтырулагерініңәкімдіктеріменпсихологтарыменбірлесіп, жаздықсауықтырулагерьлеріндедемалыпжатқан 1550 жасөспірімменпрофилактикалықшаражүргізді. Олардыңішкітәртіптіқатаңсақтап, суғашомылу, тауғаөрмелеуережелерінбұзбаукеректігітүсіндіріліп, спорталаңдарындағықауіпсіздікнұсқаулықтарыменегжей-тегжейлітаныстырылды. Соныменқатартәртіпсақшыларыбалаларғасауықтырулагеріндебөтенніңмүлкінеқолсұқпау, бір-бірінбалағаттамау, заңғақайшыәрекеттергебармаукеректігінқатаңескертті.

Елге қызмет ету әрбір қазақстандықтың борышы

Қазақстан мемлекетінің тынышта бейбіт өмір сүруіне ықпал жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жалғыз қазақ емес, әрбір қазақстандықтың борышы. Ал бұл сөзді жете түсініп, еліміздің тыныштығын күзетуге елеулі қосып жүргендердің бірі Әзірбайжан ұлтының өкілі ТО ПД Сарыағаш аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Вивади Мазахимұлы Наурузов.

Видади осыдане 40 жыл бұрын Түркістан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген. 9 жылдық мектепті Сарыағаш қаласында тәмамдаған. Содан соң Техникалық колледжде білім алып, түрлі мекемелерде қызмет атқарады. Алайда оның алға қойған мақсаты мүлде басқа болатын. Сол ойын жүзеге асыру үшін, ертерек шешім қабалыдап, 20 жасында әкесінің жолын қуып, ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға түседі.

"Әкем құқық қорғау саласында біраз жыл қызмет атқарып, зейнетке шыққан адам. Жастайымнан сол кісінің тәрбиесімен өскен соң, соған ұқсап менде полицей формасын кисем деп армандайтынмын. Әкем мен анамның туған жері Сарыағаш қаласы. Ал атам мен әжем Әзірбайжанда өмірге келіп, кейін Қазақстанға қоныс аударған. Міне сөйтіп осы елдің топырағына аунап өсіп, балалы-шағалы болып, Оңтүстіктің қазағына айналып шыға келдім".

Оқуды ойдағыдай бітірген жас маман көп ойланбастан туған жеріне қайтып оралып, құқық қорғау саласындағы алғашқы қызметін тергеуші болып бастады. Қашанда әділдікті туралап ұстайтын Видади үшін тергеу саласы оның қарым-қабілетін жетілдіре түсті. Алты жылдық тәжірибеден соң ол жергілікті полиция қызметінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы болып тағайындалды. Қазіргі учаскелік полиция инспекторы болып, қылмыстың алдын алып, болдырмау үшін аянбай еңбек етіп жүр. Алға қойған жоспарлары да ерекше. Арманы әлемді аралап, ең алдымен ата-бабасы жаййлаған Әзірбайжан мемлекетін көзімен көріп, Баку қаласына саяхаттау.

«Әзірбайжанды әлі өзім көрген жоқпын. Алдағы уақытта осы қызметті абыроймен атқарып, туған жердің ұланы, Қазақстанның азаматы ретінде өз борышымды өтеп, зейнетке шыққан соң Каспийдің арғы бетіндегі таулы Қарабақты, Бакуды бір көріп қайтуды жоспарлап отырмын. Менің атам мен әжем де, анам мен әкем де бір ұлттың өкілі. Менде осы дәстүрді жалғастырып, болашақ жарымды өз ұлтымнан таңдап, шаңырақ көтердім. Бүгінде 13-ке аяқ басқан артымнан ерген бір ұлым бар»,-дейді полиция майоры.

Жасынан орысша хат танып, қазақ балалармен бірге ойнап өскен Мазахимның ұлы 3 тілді емін-еркін меңгерген. Жұмыс барысында орыс және қазақ тілінде қызмет көрсетуге дағдыланса, ал отбасында ана тілінде сөйлеседі. Мінеки нағыз полицияның сервистік моделін іске асыруға үлес қосатын білікті маман. Ендеше елге қызмет етуді азаматтық борышым деп түсінетін Видадидің қызметте зор абыройға ие болуына, алдағы күндері сәттілікке толы болып, жоспарлаған арман-мақсаттарының орындалуына тілекшіміз.

Сайрам: Бұзақы жігіттер ұсталды

Полицейлер Шымкент бағытына кетіп бара жатқан жас жігіттерді ұрып-соққан бұзақыларды ұстады.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына төрт бірдей жас жігіт арызданды. Олардың айтуынша, екі бейтаныс ер адам "Ваз 2106" маркалы автокөліктен түсіп, өздерін ұрып-соғып, қашып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шарасын жүргізді. Олар осы қылмысқа қатысы бар ағайынды Шымкент қаласының тұрғындарын ұстады.

Тексеру кезінде анықталғандай, жәбірленушілер «Приора» маркалы автокөлікпен Шымкент қаласы бағытына қарай жолға шыққан. Содан соңдарынан келе жатқан «Ваз 2106» маркалы автокөлікпен жолға таласып қалған. Араларындағы болған түсінбеушілік салдарынан, «Приора» көлігінде отырған жас жігіттерді ұрып, қашып кеткен. Тәртіп сақшылары жәбірленушілерге медициналық сараптама тағайындады. Қазіргі таңда оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жолда жүру ережесін қатаң сақтауды ескертеді. Сонымен қатар қандай қылмыс түрі болса да, заң жүзінде шешім қабылданып, шара көрілетіндігін еске салады.

Облыста пәтер мен мал ұрлығының ашылуы артқан

Түркістан облысының полиция қызметкерлері ұрлық қылмысын азайту мақсатында бірқатар ауқымды, кең көлемді шараларды үздіксіз жүргізуде. Бұл бағыттағы негізгі іс-шаралар 2021-2023 жылдарға арналған «Мүлікті қорғау жөніндегі» ведомстволық бағдарлама жоспарының тармақтарын орындау шеңберінде іске асырылады. Жүргізілген жедел-профилактикалық шаралардың нәтижесінде облыс көлемінде ағымдағы жылдың 6 айында ұрлық қылмысы бойынша 445 іс тіркеліп, оның 329-ы ашылған.

Оның ішінде пәтер ұрлығы бойынша 236 жайт тіркеліп, 199-ы ашылды. Ауыр санаттағы пәтер ұрлығының ашылуы 55,3 пайыздан 80,2 пайызға жақсарды. Осы аралықта полиция қызметкерлері 96 пәтер ұрлығына қатысы бар 22 адамнан құрылған 9 қылмыстық топты ұстады. Орын алған пәтер ұрлықтары кезінде ұрылар, ақша және алтын бұйымдарды жымқырған. Себебі алтын мен ақша қалтаға немесе осыған ұқсас қолқаталарға жасырып, алып шыққанда ыңғайлы және көрінбейді.

Сондай-ақ жаз маусымы, тұрғындардың көпшілігі шалғай жерлерге, шетелдерге, демалыстарға кететіні белгілі. Ал, бөтеннің мүлкін жымқыруды ойлаған қылмыскерлер осы тұсты оңай пайдаланып, ұрлық жасайды. Сондықтан үйді қараусыз қалдырып, басқа жерлерге кетуге мәжбүр болсаңыздар есік, терезелерді жауып, құлыптап, мүліктерді ашық қалдырмай, көршілердің немесе жиі бақылап тұратын адамдардың тұрақты назарына қойып кету керек. Бұдан бөлек, үй-жайларға, мүмкіншілік болса, терезелерге темір торларды, күзеттік дабыл құрылғыларын, аулаға бейнебақылау орнату қажет.

Жалпы ұрлық қылмыстары туралы сөз қозғауымызға себеп, өңірімізде орын алатын қылмыстардың басым бөлігі осы санаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтарды құрайды. Десекте Түркістан облысында ұрлыққа, оның ішінде мал ұрлығына қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі жұмыстың нәтижелері жақсарған. Яғни мал ұрлығы бойынша 65 жайт тіркеліп, оның 42-сі ашылған. Ашылу пайызы 67,7-ні құрайды. Жалпы 400-ден астам мал ұрланса, оның 190-ы иелеріне қайтарылған. Тіркелген мал ұрлықтардың жартысынан көбі жайылымнан кеткен.

Осы орайда полицейлер тұрғындарға ескертеді: Әкімдік, мал егесі, бақташы тарапынан үш жақты келісімдер жүргізіп, малды қараусыз қалдырмау, сырғалау, үйірде жүрген айғырларға GPS чип орнату, малдары жоғалған жағдайда тез арада полицияға хабарлама беру қажет.

Сондай-ақ жыл бойына мал базарларда ескерту парақтары таратылып, алдын алу шаралары жүргізіліп отырады.

Қорыта айтқанда, Түркістан облысы ПД барлық аудандық, қалалық полиция бөлім, басқармаларында профилактикалық іс-шаралар жүргізу, оны жетілдіру жұмысы күн тәртібінен түспек емес.