ШЫМКЕНТТЕГІ СУБҰРҚАҚТАР МАМАНДАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Шымкентте 37 су бұрқақ бар.  Олар толығымен консервациядан шығарылып, 35 су бұрқақ бекітілген кестеге сәйкес тұрақты жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының бас маманы Әуесбек Әзбердіұлы мәлімдеді.

Әуесбек Әзбердіұлының сөзінше, биыл жыл бойы субұрқақтар мен ұңғымаларды күтіп ұстауға жарияланған конкурста мердігер мекеме «Dim Nur Company» ЖШС-і жеңімпаз атанған. Мердігер компанияның қызметіне сорғы қызметін қадағалау, жарықтандыру және су бұрқақтың кафельді, гранитті бассейндеріне күтім жасау, жөндеу жұмыстары кіреді.

— Тәуелсіздік және Абай саябағындағы су бұрқақтың сорғы құрылғысы күйіп кетуіне байланысты уақытша тоқтатылды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таяу күндері су бұрқақ іске қосылады. Сонымен қатар, қала тұрғындары су бұрқақтарға шомылуға тыйым салынғанын назарда ұстаса дейміз. Әр нысанның  жанына «су бұрқаққа шомылуға тыйым салынған» деген жазуы бар арнайы тақтайшалар орнатылған, - дейді Ә.Опабек.

Субұрқақтар жұмысы арнайы кестемен қадағаланады. Яғни, олардың қосылатын уақыты, судың тазалығы, демалушылардың қауіпсіздігі — барлығы назарда. Бұл туралы қаладағы субұрқақтардың күтіміне жауапты мердігер «Dim Nur Company» ЖШС-інің маманы Мұхтар Әлімұлы мәлімдеді.

М.Тұрабаевтың айтуынша, қаладағы 37 су бұрқақтың 3-еуі әуенді. Олар Тәуелсіздік саябағында, Әкімшілік іскерлік орталықта және Этносаябақта орналасқан. Бқл нысандар кешкі сағат 20.00-21.00 және 22.00-23.00 аралығында қосылады.

— Алғашқы он күндікте су бұрқақтардың кестеге сай жұмыс істеуі қадағаланбақ. Одан әрі кейбір нысандарға ағымдағы әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта ерекше күтім қажет су бұрқақтар зерделеніп жатыр. Сондай-ақ, күннің ысуына байланысты бүлдіршіндер онда суына шомылып жатады. Алайда, ол өте қауіпті. Себебі, қаладағы су бұрқақтардың су сорғысы, жарығы барлығы электр энергиясымен жұмыс істейді. Техникалық ақаулар туындаған жағдайда адам өміріне қауіп төндіретіні анық. Сондықтан барлық нысанға ескерту белгілері орнатылды. Енді ата-аналардың қадағалауы маңызды, - дейді М.Тұрабаев.

Айта кетейік, мердігер компания әр техникалық қызметкерге 2-3 су бұрқақтан бекіткен. Ал, ірі нысандарда жекелеген мамандар жұмыс істейді.

ШЫМКЕНТ: 5 “АЛТЫН АЛҚА”, 14 “КҮМІС АЛҚА” ТАБЫСТАЛДЫ

“6-шілде Астана күні” мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2022 жылғы 20-маусымдағы №934 Жарлығымен наградталғаншымкент қаласы Еңбекші ауданының 5 анасына «Алтын алқа», 14 анаға «Күміс алқа» алқалары табысталды.  Еңбекші ауданының әкімі Есілбек Досбол Күздікбайұлы аналарды осы мерекемен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады. –Еліміздің демографиялық ахуалын жақсартуға қосқан сүбелі үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз! Әр адамның арманы-баласын биіктен көру. Өсіріп отырған ұл-қыздарыңыз еліміздің нағыз патриоты боларына сеніміміз мол. Баршаңызға мықты денсаулық, мызғымасбереке-бірлік тілеймін.Отбасыларыңыздың ұйытқысы болып, ақ жаулықты әже атаныңыздар,-деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.
 Жалпы Еңбекші ауданында 8364 көпбалалы ана бар. Оның ішінде «Алтын алқа» - 568, «Күміс алқа» - 1697 иелері. Ақпарат үшін: Егерде Сіздің мекен-жай тіркеліміңіз (прописка) Еңбекші ауданында болса, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларының құжаттарын Л.Толстой көшесі, №119 үйде орналасқан аудан әкімі аппаратына келіп тапсырсаңыз болады.Тел: 53-27-42. Жалпы, Шымкент қаласындағы көп балалы аналар саны – 43 446.  Оның ішінде «Алтын алқа», «Күміс алқа» белгілерімен марапатталғандар – 10 892 жан.

2022 жылы жоғарыда аталған азаматтарға қолдау білдіруде, Атап айтқанда,мереке мен атаулы күндерге арналған бір реттік және ай сайынғы төлемдер жүзеге асырылады. Айта кетері, "Алтын алқа" жеті не одан көп бала туған және тәрбиелеп өсірген аналарға беріледі. Ал "Күміс алқамен" алты баласы бар аналар марапатталады. "Алтын алқа", "Күміс алқа" иегерлеріне табысына қарамастан ай сайын 6,4 АЕК мемлекеттік жәрдемақы төленеді. 2022 жылы оның мөлшері 19 603 теңгеге тең.

 

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

Түлкібаста суға шомылудағы ережелер бойынша жадынамалар таратылды

Жаз маусымы келісімен суға шомылу кезеңі де басталады. Жыл сайын полиция қызметкерлері қауіпсіздік ережелерімен таныстырса да, адам шығынын болдырмау мүмкін болмай жатады. Салдарынан суға шомылудағы қауіпсіздік ережелерін сақтамағанның кесірінен қаншама адам зардап шегеді.

Осы орайда Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері суға шомылу маусымында жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Яғни, шомылу кезіндегі ережелермен таныстырып, аудандарда орналасқан өзендерде шомылып жүрген балаларға ескертулер жасады. Оларға арнайы жабдықталған жағажайларға және ресми құжаты мен құтқару қызметі жұмыс жасайтын орындарға бару керектігі жайлы кеңес берді. Жағажайдан алысқа кетпей, жақын аумақтарда, ата-аналарының қарауымен баруға болатындығын айтты. Балаларға жазғы маусымда суда, өзендерде, көлдерде ережені қатаң сақтау керектігі жайлы түсіндірді. Сонымен қатар ескерту жасап, оларға судағы қауіпсіздік бойынша жадынамалар таратты.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға жазғы маусымда балалардың қауіпсіздігіне ата-анасы жауапты екендігін ескерте отырып, келеңсіз жағдайларды болдырмас үшін оларды қараусыз суға жібермеуге кеңес береді. Суда жүзе алмайтындар үшін, шомылу қашан да қауіпті. Өзіміздің өмір қауіпсіздігімізді сақтайық!

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Жетісайда ұялы телефон ұрлаған жас жігіт қамауға алынды

Жетісай аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арыз түсірді. Әйел адамның айтуынша, оның ауласындағы сәкі үстінде тұрған «OPPO A53» және «VIVO Y12» маркалы ұялы телефондарын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 160 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Полиция қызметкерлері қылмысты ашып, күдіктіні ұстау үшін оқиға орнына шықты. Олар көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Полицейлердің жедел-іздестіру шарасының нәтижесінде, осы қылмысқа қатысы бар жас жігіт ұсталды.

Анықталғандай, сезікті жас жігіт көршінің үйіне таңғы сағат 05:00 шамасында жәбірленушінің ұйықтап жатқанында ұрлыққа түскен. Яғни ешкімнің көрмей тұрғанын пайдаланып, оңай жолмен олжалы болуды көздеген. Ұрлаған бөтеннің мүлкін ломбардқа өткізген. Полицейлер айғақты зат ретінде ұялы телефондарды алып, заңды иесіне қайтарды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлық қылмысының алдын алу үшін тұрғын үйлердегі қақпаларды жауып, берік құлыптар орнатуға кеңес береді.

 

Ордабасыда аңшы мылтығын заңсыз сақтаған тұрғын анықталды

Түркістан облысының полиция қызметкерлері «Қару» профилактикалық шарасын жүргізуде. Оның мақсаты - заңсыз айналымдағы атыс қаруларын анықтау, тіркеуде тұрған қарулармен жасалатын қылмыстардың алдын алу, отты атыс қаруын тәркілеуге және оны сақтау ережелерін тексеруге бағытталған.

Осы тұрғыда Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері заңсыз аңшы мылтығын сақтаған тұрғынды анықтады. Тексеру кезінде ол тұрғынның әкесінен қалған қару екендігі белгілі болды. Полицейлер қарияға қаруды заңсыз сақтағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігі «Жеке және заңсыз тұлғалардың қаруды заңсыз иемденіп алуы, беруі, өткізуі, сақтауы, алып жүруі, тасымалдауы» бойынша әкімшілік хаттама толтырды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтау мен тасымалдау үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңсыз сақталған қаруды немесе оқ-дәрілерді өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатындығын еске салады.

Қазығұртта 8 бас жылқыны талан-таражға салған жылқышы қамауға алынды

Қазығұрт аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, ол танысына 8 бас жылқысын сеніп тапсырған. Алайда бақташы ірі қараларды талан-таражға салған. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 2 500 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 189-бабы «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жүргізген жүйелі жұмыстарының нәтижесінде күдікті жас жігіт анықталды. Сезікті ер адам жәбірленушінің жылқышысы болып жұмыс жасаған. Ол сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын бас пайдасының қажеттілігі үшін жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға малдарын бейтаныс адамдарға бақтырмауды ұсынады. Сондай-ақ мүмкіндігінше үй малын таңбалап, ен салдыру керек, ал қора-жайларды сенімді қоршаумен нығайтыңыздар. Азаматтарға өз мүлкін сақтауда қырағы болуға, тиісті қауіпсіздік шараларын қабылдауға кеңес береді.

 

Отырардағы моншаның дүкеніне ұрлыққа түскен ер адамды қамауға алынды

Отырар аудандық полиция бөліміне кәсіпкерлікпен айналысатын жергілікті тұрғындар арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, оларға тиесілі моншадағы дүкенге белгісіз біреу кіріп, киім-кешектер мен азық - түлік заттарын ұрлап кеткен. Жәбірленушінің біріне 541 000 теңге, екіншісіне 58 000 теңге, үшіншісіне 6 250 теңге шығын келген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Хабарлама келіп түскен бойда тәжірибелі тәртіп сақшылары оқиға орнына бірден жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап, көрген-білгендерден жауап алды. Полицейлердің жасаған жедел әрекеттерінің арқасында күдікті ретінде жергілікті тұрғын, яғни орта жастағы ер адам ұсталды.

Анықталғандай, күдікті дүкенге терезені сындырып, дүкен ішінен өзіне қажетті заттарды ұрлап кеткен. Сезіктіден айғақты заттар алынып, иелеріне қайтарылды. Қазіргі таңда күдікті қамауда, оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың алдын алу үшін ғимараттарға, дүкендерге, тұрғын үйлеріңізге бейнебақылау камералары мен арнайы дабылқаққыштар орнатуға кеңес береді. Егер де, сіз, ұрлық қылмысына куә болсаңыз, полицияға хабарласыңыз.

 

Отырарлық полицейлер суға шомылу маусымында тұрғындарға ескерту жасады

Жаз мезгілі балалар үшін мамыражай уақыт. Оларға суға шомылу ерекше көңіл-күй сыйлары сөзсіз. Алайда жасөспірімдердің тарапынан суға түсу ережесін сақтамай, келеңсіз жағдайлар орын алып жатады. Осы тұрғыда полиция қызметкерлерінің жұмысы күшейе түседі.

Мәселен, Отырар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ауданның 140 шақырым жерін басып өтетін Сырдария өзені және аудан орталығындағы Арыс өзені мен каналдарға, белгіленбеген орындарға, су айдындарына, суға шомылуға тыйым салынған жерлерге рейдтік жұмыстар жүргізді.

Шара кезінде ереже бұзған 30 тұрғынға ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы «Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша хаттама түзді. Сонымен қатар полицейлер 23 тұлғаға ескерту жасап, шомылуға келген жасөспірімдерге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, үйлеріне қайтарды. Балаларға суға шомылуға арналған жерлерге ата-анасымен келуге кеңес беріп, тыйым салынған жерлерге бармау туралы қатаң ескерту жасады.

Жазғы маусымда адамдардың суға ағып кету, адам өлімімен ұштасқан оқиғалардың алдын алу, оны болдырмау мақсатында, тәртіп сақшылары бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастыратын болады.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫНЫҢ» 1-ШІ КЕЗЕҢІ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Шымкент қаласы Еңбекші ауданында «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының 1-ші кезеңі бойынша жеңімпаздарын анықтау комиссиясының отырысы өткізілді. Аталған отырысқа ауданнан өтінім білдірген 31 отбасының құжаттары ұсынылған болатын.

31 отбасының құжаттары зерделеніп, 15-нің тиісті құжаттары толық болмағандықтан қараусыз қалдырды. Қалған 16 отбасының құжаттары белгіленген қағидаға сәйкес бағаланып, жеңімпаз ретінде 4 отбасы қалалық деңгейде өтетін екінші кезеңге жолама алды.

Олар:

- Байбосыновтар отбасы;

- Теңізбаевтар отбасы;

- Бақтыбаевтар отбасы;

- Шукуровтар отбасы.

Бүгінгі осы аудандық деңгейде өткізілген «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсының І-ші кезеңіне белсене қатысқан барлық 16 отбасыға аудан әкімінің алғыс хаттары мен гүл шоқтары табысталып, сый құрмет көрсетілді.

Байқаудың шарты бойынша аудан әкімдіктерінде сәуір-мамыр айларында Шымкент қаласының тұрғындары арасында өтініштер қабылданған. Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр ауданнан 4 үміткер барлығы 16 отбасы байқаудың екінші кезеңіне қатысады. Бұл кезенде жұзден жүйрік шыққан жеңімпаз екі отбасыға байқаудың шешуші үшінші кезеңіне қатысуға жолдама беріледі. Осылайша олар Нұр-Сұлтанда өтетін республикалық байқауда Шымкент қаласын таныстыратын болады.

Айта кетейкі, «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы жыл сайын Қазақстанның Тұңғыш Президентінің бастамасымен адамгершілік құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін насихаттау, отбасы мәртебесін арттыру мақсатында  2013 жылдан бері өткізіліп келеді.

 

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы "Мерейлі отбасы-2021" ұлттық байқауының жеңімпазы деп Алиевтер отбасы танылған еді. Олар республикалық байқауда Шымкентті танытқан болатын.  

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

 

Түркістан облысының Үйлестіру кеңесінде көші-қон мәселелері қаралды

2022 жылғы 5 шілдеде Түркістан облысының прокуроры М.Алихановтың төрағалығымен заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.Күн тәртібінде Республика аумағында көші-қон жағдайын реттейтін заңнамалардың қолдану заңдылығы, сондай-ақ уәкілетті органдардың қызметінің тиімділігі қаралды.Барлығына белгілі, екі жылға созылған пандемия кезінде шекара арқылы шетел азаматтарының еркін өтуі уақытша шектелген.Шектеу шаралары алынған соң, ағымдағы жылдың 5 айында Түркістан облысына келген 15 мыңнан астам еңбекші мигранттарға жұмыс істеуге рұқсат берілген.Прокурорлармен бұл саладағы бір қатар кемшіліктер мен шешімін таппай жатқан проблемалар анықталды.Негізгі заңдылықты бұзушылықтар шетелдіктерді тіркеу, олардың келіп-кетуіне бақылаудың болмауы, жалған құжаттарды пайдаланумен байланысты болуда.Еңбек мигранттарының ағынына тиісті бақылаудың болмауынан және қажетті шаралардың қолданылмауынан, бюджетке тиісті түсімдерді өндіруге, сонымен қатар аймақтағы жұмыссыздықты төмендетуге кері әсерін береді (аймақта 40 мыңнан астам жұмыссыз тіркелген).Еңбек мигранттарының қызметінен салыққа 400 млн. астам теңге кіріс болмаған.Көш-қон полиция қызметкерлерімен (ішкі істер органдары сотқа жүгінуі тиіс), қылмыс жасаған шетелдіктерді шығару жіберу мәселесі қаралмаған.Соңғы 3 жылда (2020-2022жж.) 300-ден астам шетелдік қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін Республика аумағынан шығарылуы керек еді.Отырыста, проблемалық мәселелер және оларды шешу жолдары туралы ұсыныстар талқыланды.Үйлестіру кеңесінде барлық уәкілетті органдардың қатысуларында жұмысшы тобын құру, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға өзгерістер енгізуге ұсыныс әзірлеу туралы шешім қабылданды.