ШЫМКЕНТТЕ 1 МЛН ШАРШЫ МЕТРДЕН АСТАМ ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

«Өткен жылы қалада бірмиллион шаршы метрден астам тұрғын үй берілген болатын. Биыл да осы межеден асу жоспарланып отыр (1060мың ш.м, өсім - 4,7%).Оның ішінде бюджет есебінен 51 көпқабатты тұрғын үйді (2972 пәтер, 239,3 мың ш.м) пайдалануға беру жоспарлануда» - деді қала әкімі М.Әйтенов.

Баспана кезегінде тұрған азаматтарға әлеуметтік көмек ретінде қайтарымсыз негізде 500 млн. теңгеге 500 тұрғын үй сертификаттарын беру қарастырылды. Одан бөлек, қала тұрғындарының ұсынысы бойынша 18 көпқабатты тұрғын үйге ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен көпқабатты тұрғын үйлердің бірлестіктері немесе жай серіктестікті енгізу жөніндегі реформасы 100 пайыз іске асырып, «Бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үйді басқару жүйесін Шымкент қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы енгізгенін айтты.  

Айта кетейік, бүгінде Шымкентте жалпы тұрғын үй қоры 2 236-ны құрайды. Оның ішінде коммуналдық үй – 130, кондоминиум нысаны тіркелгені – 1 672, ал тіркелмегені 471 болып, тұрғын үй қорының 78,2 пайызын құрап отыр. Осы орайда бұл бағытта жаңа реформа іске асырылуда. Тарқатып айтсақ, «Бір үй, бір бірлестік, бір есепшот» қағидасы бойынша тұрғын үйдің басқару жүйесін бір ізге келтіру. Яғни, көп қабатты тұрғын үйлерде кондоминиум объектілерін басқарудың жаңа жүйесі «Мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) немесе «Жай серіктестіктігін» (ЖС) енгізу болып отыр.

Аталған бағдарламаның артықшылығы – кондоминиум нысандарын меншік иелері тарапынан бақылауды қамтамасыз ету, басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру және ортақ мүлікке күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу.

Біле жүріңіз! Мүлік иелерінің бірлестігі» (МИБ) – коммерциялық емес ұйым. Яғни, көп қабатты тұрғын үй пәтерлері және тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері құрған кондоминиум нысанын басқаруды жүзеге асыратын, оны күтіп-ұстауды қаржыландыратын және сақталуын қамтамасыз ететін заңды тұлға. Бұл жағдайда пәтер және тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің 51 пайызының келісімі қажет. Ал «Жай серіктестік» (ЖС) – бір көп қабатты үйдің пәтерлері және тұрғын емес үй-жайларының меншік иелері кондоминиум нысанының ортақ мүлкін сақтауды қамтамасыз етуге арналған серіктестік. Осы орайда пәтер және тұрғын емес үй-жай меншік иелерінің 100 пайыз келісімі болуы шарт.

 

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

 

Түркістан: 15 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік хаттама толтырылды

Түркістан облысы Полиция Департаментінің нұсқауына сәйкес, 27-29 маусым аралығында тәртіп сақшылары «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық шарасын жүргізді. Шараның басты мақсаты - кәмелетке толмаған жасөспірімдердің мезгілсіз уақытта жүруін болдырмау, қылмыс пен құқық бұзушылыққа жол бермеу және жасөспірімдердің құқықтарының бұзылмауын қадағалау. Рейдтік шара барысында полицейлер жасөспірімдер жиналатын орындар, ойын-сауық кешендері, дүкендер мен саябақтар, көңіл көтеретін орындардың аумақтарын аралады.

Нәтижесінде Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері саябақта сағат 22:00-ден кейін жүрген 15 шақты жасөспірімді анықтады. Олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігі «Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Ескерте кетсек, елімізде заң бойынша кәмелетке толмаған жасөспірімдерге түнгі сағат 22:00-ден кейін компьютерлік клубтарда, ойын-сауық орындарында болуға және 23:00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Сондай-ақ полиция қызметкерлері олардың қатысуында мейрамханалар қызмет жасаған болса, кәсіпкерлерге де заңды шара көрілетіндігін еске салады.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

5 АЙДА 22 МЫҢ ШЫМКЕНТТІК ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Әлеуметтік салада басты мақсаттардың бірі – халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санын азайту екенін айтқан Шымкент әкімі М.Әйтенов халықты жұмыспен қамту шараларына 57 мыңнан астам адамды қатыстыру жоспарланып отырғанын жеткізді.

Сандарды сөйлетсек, 2022 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы жұмыссыздар саны 22 546 адам, жұмыссыздық деңгейі 5,1% құраған.
«2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылға 33 500 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспарланып, нақты 6 004 адам қатысты, жоспар 17,9% орындалды.
Кәсіби білім беру бойынша 2 392 адамды оқуға жолдау жоспарланған, олар:
- 1 632 адам жұмыс берушілердің сұранысына сәйкес жұмыссыздарды жұмыс орындарында оқыту;
- 760 адам жұмыс берушінің жұмыс орынында оқыту;
- 1 976 адам дағдыларға онлайн-оқытуды ұйымдастыру, нақты 127 адам.
Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 3050 адамға кәсіпкерлікті қолдау бағыты көрсетілетін болады. Олар:
- 1 900 адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерге оқыту;
- 1 150 адамға өтеусіз негізде мемлекеттік грант беріледі:
Субсидияланатын жұмыс орныдары бойынша 4 819 адамға жұмысапен қамту шаралары көрсетіледі, нақты 2 864 адам. Олар:
- 90 адам әлеуметтік жұмыс орындары, нақты 122 адам (135,6%);
- 2 098 адам жастар практикасы, нақты 864 адам (41,2%);
- 2 188 адам жоспар ақылы қоғамдық жұмыстар, нақты 1 784 адам (79,9%);
- 227 адам «Алғашқы жұмыс орындарының жобасы», нақты 130 адам (57,3%);
- 24 адам «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы;
- 192 адам «Күміс жас» жобасы.
Жұмысқа орналастыру бойынша 23 239 адамды бос және жаңа жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жоспарланған, нақты 3 013 адам тұрақты жұмысқа орналасқан (15,4%). Олар:
- 19 609 адам бос жұмыс орындары, нақты 3 013 адам (15,4%);
- 3 630 адам жаңа жұмыс орындары.

Ал 5 айда 22 мыңнан астам адам қамтылды. Жобаны қаржыландыру үшін бюджеттен 7,2 млрд.теңге қарастырылған.

«Тең қоғам» орталығында 1900 мүмкіндігі шектеулі азаматқа құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді. Мүгедектігі бар азаматтарды қолдау үшін бюджеттен – 4,5 млрд. теңге қаржы қарастырылды (2021 ж. 3,7 млрд.т).

«Бақытты жанұя» орталығында 7062 көпбалалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетілді.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

ШЫМКЕНТ БЮДЖЕТІ СОҢҒЫ 4 ЖЫЛДА 4 ЕСЕГЕ АРТҚАН

Бұл жайында шаһар басшысы мәлімдеді.  Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялық қызметі алаңында өткен брифингте қаланың мегаполис мәртебесін алғаннан бергі негізгі даму көрсеткіштері мен осы жылдың алты айлық қорытындысын баяндады.

Әкім соңғы 4 жылда қалада өнеркәсіп өнімінің көлемі 60 пайызға, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 30 пайызға, қала бюджеті 4 есеге өскенін айтты.

«Шымкентке республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілгеннен бері өнеркәсіп өнімінің көлемі 492,3 млрд. теңгеден 785,4 млрд. теңгеге ұлғайды. 1,5 трлн. теңгеден астам инвестиция тартылды. Биыл қалаға жарты триллионнан астам инвестиция тарту жоспарланған. Инвестиция тарту бойынша Шымкент 2021 жылдан бері елімізде көш бастап келеді. Сонымен бірге 2,6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй салынып, оның 1 миллионы өткен жылы берілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері шығарған өнім көлемі алғаш рет 1 трлн. теңгеден асты. Ал, қала бюджеті 146,2 млрд. теңгеден 573,7 млрд. теңгеге дейін артты. Осы уақыт ішінде 673,4 шақырым жол жөнделді. Бұл – алдыңғы 8 жылмен бірдей»,-деді М.Әйтенов.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 4 жыл бұрын, яғни 2018 жылыОңтүстік Қазақстан облысының орталығы болып келген Шымкент қаласының тұрғын саны 1 млн-ға жетіп, республикалық маңызы бар қала мәртебесін иеленді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Түркістан қаласына ауысып, облыстың да атауы Түркістан облысы болып өзгерді. Шымкентке қаражат республикалық бюджеттен қаралатын болды. Шымкентке республикалық дәрежедегі қала атауы ресми түрде бекітілгеннен кейін нақты жұмыстарды атқара бастады. Шымшаһарда көптеген өзгерістер болды, жаңа шағынаудандар құрылып, инфрақұрылымдар салынып, сәт сайын қала жаңа ғимараттармен толыға бастады. Және қаланың экономикалық әл-ахуалы да өздігінше дамыды.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

Қазығұртта жалған нөмір тағып алған көлік жүргізушісі анықталды

Полиция қызметкерлерінің негізгі міндеті - қоғам тыныштығын сақтау. Яғни түрлі жол қозғалыс оқиғаларының алдын алып, қылмыспен күресу жолында табанды қызмет ету болып табылады.

Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері рейдтік шараларды жиі ұйымдастырып, тыныштық сақтауда белсенді қызмет атқаруда. Мәселен тексеру жұмыстары нәтижесінде «ВАЗ-21115» маркалы автокөліктің жалған нөмір тағып жүргенін анықтады. Аталған жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі «Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік шара көрілді.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін және автокөлік құралдарына жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттік нөмір орнатқаны үшін жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

 

Түркістан: «Нашақорлыққа жол жоқ» атты асфальтқа сурет салу байқауы өтті

Түркістан Оқушылар сарайында жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын «Есірткісіз болашақ» «Нашақорлыққа жол жоқ» атты қалалық асфальтқа сурет салу байқауы өтті.
Аталмыш байқау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Е.Л.Тоғжановтың төрағалығымен өткен Есiрткi кылмысына карсы iс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу жөнiндегi ұсыныстар әзiрлеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы отырысының хаттамасына сәйкес Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту басқармасы мен Түркістан Оқушылар сарайы ұйымдастырды.
Шараға Түркістан адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразгүл Шайқықызы қатысып, балаларға сәттілік тіледі.
«Суретшінің қолы, қиялы және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығады»- деп ағылшын жазушысы, суретші Джон Рескин бекер айтпаған. Қиялдарына қанат бітірген балалар тамаша туындыларды дүниеге әкелді.
Тартысты жарыста әділ-қазылар өз төрелігін жасап, жеңімпазды анықтады.
Нәтиже бойынша:
І орын — №1 А.Байтұрсынов мектеп-лицейі
ІІ орын — №15 М.Жұмабаев мектеп-гимназия
ІІ орын — №6 М.Мәметова атындағы ЖОМ
ІІІ орын — №19 Төле би атындағы ЖОМ
ІІІ орын – М.Әбенова атындағы ЖОМ
ІІІ орын – С.Рахимов атындағы ЖОМ
«Ерекше туынды» номинациясымен — №8 Н.Төреқұлов атындағы ЖОМ
«Ұйымшыл ұжым» номинациясымен — №5 Ғ.Мұратбекова атындағы ЖОМ
«Позитивті көзқарас» номинациясымен – Е.Иззатуллаев атындағы ЖОМ
«Ең кретивті жұмыс» номинациясымен — №24 М.Шоқай атындағы ЖОМ
«Қызықты шығармашылық шешім» номинациясымен — №10 Әл-Фараби атындағы ЖОМ иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Шекарадан есірткі алып өтпек болған...

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Қарасора» профилактикалық іс-шарасы кезінде шекарадан есірткі алып өтпек болған шетелдікті ұстады. Нақтырақ айтсақ, «Қапланбек» шекара бекетінен Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына шетелдік жас жігіт өтер сәтте, «Малком» атты қызметтік ит белгі беріп тоқтатты.

Полиция қызметкерлері ақпарат түсісімен оқиға орнына жетті. Шетелдікті тінту кезінде оның шалбарының қалтасынан есірткі затына ұқсас зат табылып, нәтижесінде ол «кептірілген марихуана» болып шықты. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алды. Қазіргі таңда күдікті ер адамды уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өз кезегінде Түркістан облысының полиция қызметкерлері есірткі заттарының заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Егер сізде, есірткіні заңсыз сақтау және өткізу жайттары туралы қандай да бір ақпарат болса, дереу полицияға хабарласыңыз.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНА 6 МЫҢ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

Бұқаралық спортты дамыту мақсатында биыл Шымкентте «Шымкент жастар лигасы» жобасы екінші рет ұйымдастырылды. Өткен жылы бұл шараға 140 мектеп қатысқан болса, биылғы жылы спорттың 4 түрінен 151 мектептен 6 мыңға жуық оқушы қатысты. Жастар арасындағы жарыс үш ай көлемінде спорттың  футбол, баскетбол, волейбол, шахмат түрлерінен өтті. Жастар лигасының жалпы жүлде қоры 80 млн. Теңгені құрады. Жеңімпаз командаларға 20 млн. теңге көлемінде ақшалай сый берілді. Лигада шахмат бойынша бірінші орынды №9 мектеп-лицейдің оқушылары, баскетболдан №8 мектеп-гимназиясының командасы жеңіп алды, ал №113 орта мектептің оқушылары волейболдан үздік атанды. Ал №65 мектеп командасы футболдан жастар лигасының чемпионы атанды.. Спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында «Металлург» стадионын реконструкциялау, №12 спорт мектебі ғимаратына қосымша құрылыс және Бозарық шағынауданында ауыр атлетика спорт кешені, «Медициналық колледжі» спорт залының құрылысы жүргізілуде.Сонымен бірге, жеке инвесторлар есебінен «Ипподром» және «Үстел теннисі орталығының» құрылысы жүріп жатыр.

Айта кетейік,  2022 жылдың 5 айында қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып 312-алтын, 271–күміс, 310–қола медаль жеңіп алған.

Тарқатып айтар болсақ, шымкенттік спортшылар жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында 31–алтын, 9–күміс және 16-қола медальдарға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 1-алтын, 1- күміс және 2-қола медальге ие болыпты. Сондай-ақ, рейтингтік Халықаралық турнирлерде спортшыларымыздың жетістігі орасан.
2022 жылдың 01-15 мамыр аралығында Кашиас-ду-Сул /Бразилия/ қаласында өткен ХХIV Сурдлимпиада ойындарында 1 күміс медаль (Рсалы Сабыржан еркін күрестен)  және 5 орынды  (Пернеш Шадияр еркін күрес) иеленді. Оқушылар арасында Франция мемлекетінде (Нормандия қаласы) спорттың 21 түрінен өткен Дүниежүзілік жазғы гимназиядаға Шымкент қаласынан 22 спортшы 11 спорт түрінен қатысып, 5 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алыпты. 2022 жылдың 5 айдың қорытындысы бойынша  3-Еңбегі сіңірген спорт шебері, 27- халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 124 - Қазақстан Республикасының спорт шебері, 197 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.

«Aq-qara.kz» -  ақпарат

Түркістан: 1100-ден астам объект тексеріліп, 500-ден аса хаттама толтырылды

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, облыс көлемінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мақсатында жеке құрамға арнайы тапсырма берді. Осының негізінде киелі өңір сақшыларымен үш күнге жоспарланған «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Аталмыш шараның қорытындысымен полицейлер - 1123 объектіні тексеріп, кәмелетке толмағандар саласына қатысты 537 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады.

Нақтырақ айтар болсақ, балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 19 ата-ана (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүргені үшін 49 ата-ана (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 1-бөлігімен), кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүруі бойынша 420 ата-ана (ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 2-бөлігімен) анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Ал түнгі сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орындарында болуына жол берген 20 ойын-сауық орындарының иелеріне ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша әкімшілік хаттама түзіліп, жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар дүкендер мен сауда орындары, ойын-сауық нысандары тиянақты тексерілді. Нәтижесінде кәмелетке толмағандарға алкоголь өнімін сатқан 14 тұлға анықталып, оларға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 200-бабы «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша және 21 жасқа толмаған адамға темекі өнімін сатқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабы «Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сату» бойынша 11 тұлғаға әкімшілік шара көрілді.

Бұдан бөлек түнгі тексерулер кезінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 4 жасөспірім ұсталып, ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы «Кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық» бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ жастарға жұмыс берген нысандар да жіті тексерілді. Оның аясында балалардың еңбегін пайдалану бойынша 112 дерек тіркелді. Оның ішінде еңбек шарттары түзілмегені 101 болса,1 дерек қайыршылық жасау бойынша анықталды.

 

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Түркістан: Заңсыз жүрген шетелдіктерді анықталды

Полицейлер Түркістан облысы аумағында «Заңсыз келуші-2022» профилактикалық іс-шарасын жүргізуде. Шараның басты мақсаты - Қазақстан аумағына заңсыз келген, жұмыс жасап жүрген шетел азаматтарын анықтау. Сонымен қатар көші қон заңнамасын сақтау бойынша шетелдіктер мен оларды қабылдаушы азаматтар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

Аталған іс-шара кезінде Қазығұрт аудандық полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасында заңсыз жұмыс істеп жүрген 7 азаматты анықтады. Нақтырақ айтар болсақ, шетелдіктерге ҚР ӘҚБтК-нң 517-бабы 5-бөлігі «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша хаттама толтырып, соттың қаулысымен 1 тәулікке арнайы арнайы қабылдап тарату бөліміне жабылды.

Сондай-ақ республика аумағына келіп уақыт мерзімі өтіп кеткен 1 азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлігімен «Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік хаттама толтырып, сот қаулысымен 76 575 теңге көлемінде айыппұл салды. Тұрғын үймен қамтамасыз еткені үшін Қазақстан Республикасының 2 азаматына ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы 1-бөлігі «Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы» бойынша әкімшілік шара көрілді.

Бұл бағыттағы шаралар Қазақстан аумағына заңсыз келушілер мен жұмыс жасайтын шетел азаматтарының санын азайтады. Алдағы уақытта мұндай тексеру жұмыстары полицейлер тарапынан өз жалғасын таба бермек.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат