Түркістан: Мақтааралда жыл соңына дейін 2 ірі кәсіпорынды іске қосу жоспарлануда

Мақтаарал ауданына облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов пен "Түркістан" индустриалды аймақтарының басқарушы компаниясының бас директоры Серік Медетбековтер жұмыс сапарымен келіп, аудандағы бірнеше кәсіпорынды аралады.

Шардара: Көксу, Қызылқұм ауылының шаруаларымен кездесу өтті

Шардара аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында күзгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген дизель отынмен қамтамасыз ету бойынша тасымалдау, жеткізіп беру, жанар-жағармай (дизель отыны) қорының көлемі және оның бағасын нақтылау жөнінде Көксу, Қызылқұм ауыл округтерінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілермен кездесулер өткізілді.