ШЫМКЕНТТЕ «ЖАСЫЛ ЕЛ» ЖОБА АЯСЫНДА 1500 ЖАС УАҚЫТША ЖҰМЫСПЕН ҚАМТЫЛДЫ

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық- коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Кеуенова Мөлдір Тұрсынбекқызы айтты.
Шымкент қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, еріктілік және қоршаған ортаны құрметтеуге тәрбиелеу бағытында волонтерлік қызметтің рөлін арттыруға және дамытуға бағытталған «Birgemiz», «Bilim», «Менің жасыл қалам», «Birgemiz: Asylmura», «Birgemiz: Qamqor», «Birgemiz: Sabaqtastyq», «Барыңмен бөліс» жобалары аясында оңалту орталықтарына және бейімдеу орталықтарына, қарттар үйлеріне, әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсетіліп тазалық жұмыстары жүргізілді.
Бүгінде қала бойынша волонтерлік бағытта 261 іс-шара ұйымдастырылып, 20 000 астам жас волонтерлер қамтылған. Сондай-ақ, әлеуметтік тапсырыс шеңберінде, «Жасыл ел» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында 1500 жас уақытша жұмыспен қамтылды.
Сонымен қатар, жастардың әскери-патриоттық рухын қалыптастыру бағытында «Жас сарбаз» әскери патриоттық қозғалысы, «Отаныма қызмет етемін!», «Отанды қорғау – қастерлі міндет!» атты іс-шаралар өткізіліп, оған 8596 жас қамтылды. «Жас сарбаз» оқушы жастарға 2 күндік әскери патриоттық оқу-жаттығу жиыны ұйымдастырылып, шамамен 500-ге жуық оқушы жастар қамтылды.
Қазіргі таңда жастар арасындағы ең өзекті мәселенің бірі ол жастар арасындағы есірткі және психотропты заттардың белең алуы.
Аталған жағдай бойынша, Басқарма тарапынан нашақорлық пен маскүнемдіктің зияндығын насихаттау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.
Сондай-ақ, «Түнгі қаладағы жастар», «Жасөспірім», «Көше» атты тақырыптарда кең ауқымды кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер мен жастар арасында заңды өкілдерінсіз түңгі уақытта жүруі бойынша 14 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. жұмыстары жүргізілді.

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ҮНДІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ


Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Үндістан Республикасының Қазақстандағы Елшісі Тантипамула Венката Нагендра Прасад және Үндістан Республикасының Алматы қаласындағы Бас Консулы Котаваде Свапнил Шарадпен кездесті.
Жиында қала басшысы екіжақты байланыс орнатуға дайын екенін білдірді.
– Қош келдіңіздер! Сіздермен жүздесіп отырғанымызға қуаныштымыз! Біздің қала – елімізде үшінші мегаполис. 2200 жылдық тарихы бар, Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. Біздің мақсатымыз – қаланың көркін арттырып, бәсекелестігі жоғары қалаға айналдыру. Осы бағытта бүгінде көгалдандыру мен цифрландыруға күш салып отырмыз. Бұл ретте инвестиция тарту – маңызды бағыттың бірі. Сондықтан сіздермен әріптестік байланыс орнатуға дайын екенімізді жеткізгіміз келеді, – деді қала басшысы.
Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Нагендра Прасад екі ел арасындағы өзара ынтымақтастыққа тоқталды.
– Үндістан мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас ұзақ уақыттан бері жалғасып келеді. Бірақ бұл байланыс мұнаймен ғана шектеліп тұр. Яғни, сауда-саттық, фармацевтикалық және технология саласында әріптестік байланыс кемшін. Осы тараптарды дамытуымыз керек. Мен Шымкент қаласына алғаш келіп отырмын. Кеше қаланы аралап, келбетіне тамсандым. Туризм саласын дамытуға таптырмайтын өңір екеніне көз жеткіздім. Сол себепті сіздерге «Ақылды қала» жобасын әкелдім, – деді Нагендра Прасад.
Сондай-ақ елші: «Шымкент қаласында 2 мыңнан астам отандасымыз оқып жатыр. Бұл көрсеткішті кеше студенттермен кездесу барысында білдім. Олар мұнда өте бақытты. Жайлы әрі қауіпсіз қала екенін жеткізді. Медицина саласын оқығаннан бөлек, қазақ тілін үйреніп, сіздердің мәдениеттеріңізбен танысып жатыр», – деп ыстық ықыласын білдірді. Сонымен қатар, Нагендра Прасад мырза Шымкент қаласымен бауырлас қала орнатқысы келетіндіктерін аңғартты.
Қала әкімі «Ақылды қала» жобасы қызықтыратынын айтып, бауырластық қала орнатуға дайын екенін жеткізді.

 

Түркістанда түркі мемлекеттерінің бағалаушылар бірлестіктерінің кеңесі құрылды

Түркістан қаласында өткен Орталық Азия және Түркі әлемі бағалаушыларының халықаралық форумында Түркі мемлекеттерінің бағалаушылар бірлестіктерінің кеңесі (ТМББҚ) құрылды. Халықаралық ұйымның құрылғаны туралы маңызды құжатына Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың сенат залында қол қойылды.

Түркістан: жедел жәрдем қызметі және медицина саласындағы мәселелер айтылды

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық отырысында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері, жедел медициналық жәрдем қызметінің жай-күйі талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды денсаулық сақтау саласының техникалық базасын нығайтуға қолдау көрсетілетінін айта келе басқарма басшысы мен бас дәрігерлерге жұмысты ширатуды тапсырды.

Түркістан: елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалығын жақсарту жұмыстары сараланды

Түркістан облысында аудан, қалаларды абаттандыру, көгалдандыру және тазалық жұмыстары облыс әкімінің қатаң бақылауында. Аталған мәселе бүгін де мәжілісте арнайы талқыланып, өзі басқаратын аумақты жайқалтып, абаттандыра алмай жатқан аудан, қала әкімдеріне сын-ескертпелер айтылды.

Сауран ауданы: білім және денсаулық сақтау салалаларының өзекті мәселелері қаралды

Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Ғалымжан Үсенбаев ашып, жүргізіп отырды. Жиналысқа аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.

Саурандық шаруалар биыл 44080 гектар жерді игерген

Сауран аграрлы аудан. Жері құнарлы, диқандары еңбекқор. Жер ананы емген диқандар үшін биылғы жыл несібесіз емес. Саурандық еңбекқор диқандар да бұйырған өнімін жинап, шығынын өтеп отыр. Аудандағы ауыл шаруашылығы саласында ілкімді тірлік бар.

Сауран ауданы: мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне тәртіптік жауаптылық туралы құқықтық сабақ өткізілді

ҚР Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсанындағы № 152 Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану қағидаларының талаптарын сақтауға бағытталған құқықтық оқулар өткізу бекітілген. Осыған орай, Сауран ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, әдеп уәкілі Қуандық Құлажанов мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің тәртіптік жауаптылығы туралы құқықтық сабақ өткізді. Сабақ барысында тәртіптік жауаптылық туралы заңдарға түсініктеме берілді.