Жұма, 30 Мамыр 2025 11:00

Түркістан: Түлкібас ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өтті

Бүгін аудан аумағында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Комплаенс-офицерлерге және ішкі талдау жұмысшы тобына практикалық оқыту семинары ұйымдастырылды.

 

Іс-шараға Заң ғылымдарының магистрі,”Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік”жобасының еріктісі Нұржахан Ермағамбетқызы және ішкі талдау жұмыс тобының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында Нұржахан Ермағамбетқызы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның негізгі бағыттарына назар аударды.

Аталған заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтіндігін және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталғандығын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылатындығын айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды,сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді, мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді, кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтитының атап өтті.

Сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны мен салдары жөнінде кеңінен түсіндірді. Семинар барысында қатысушылармен ашық пікір алмасып, ұсыныстар айтылды.

Оқылды 6 рет