Дүйсенбі, 20 Маусым 2022 23:15

Қазұғұрт: Жиын жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмауға арналды

Жасөспірімдер арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылық пен қылмыстардың профилактикасы Түркістан облысы Полиция департаментінің басым бағыттарының бірі болып табылады. 

Осы тұрғыда Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің полиция подполковнигі Мадияр Алтынбеков және білім бөлімі, мектеп директорлары, оқушылар мен ата-аналардың қатысуында кең көлемде жиын өткізілді. Шараның мақсаты – қазіргі таңда өзекті мәселенің біріне айналған жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу және болдырмау. Жиынға қатысқандар әрбір оқушының сабаққа қатысуы, тәртібі теріс әрекеттерден аулақ болуы сөз етіліп, талқыланды. Сонымен қатар жиналғандар өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Егеменді де өркениетті елдің бүгіні мен ертеңін өрге бастар – бүгінгі жастар. Болашақтың тізгінін ұстайтын олардың атқарар әрекетінің түп тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты. Сондықтан қазіргі жағдайда жасы кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күрес жүргізу мәселесі жалпы мемлекеттік деңгейдегі міндеттердің бірі болып табылады.

«AQ-QARA.KZ»- ақпарат

Оқылды 265 рет