Түркістан облысының Әділет департаментінің басшысы Мұхит Тұрғараев «Қазақстан Полициясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Марапатты Түркістан облысының Полиция Департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов табыстады.
«Полиция күні» мерекесіне орай жоғары деңгейде ұйымдастырылған салтанатты жиын заманауи үлгіде салынған конгресс-холл ғимаратында өтті. Жиынға Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов, отставкадағы полиция генерал-майоры Асқар Оспанов, Шымкент қалалық ПД бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков, ішкі істер органының ардагерлері, облыс әкімдігінің басшылығы мен жеке құрам қатысты.
Қатысушылар мерейлі мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. ҚР ІІМ-нен арнайы келген түрлі санаттағы марапаттар өз иелеріне салтанатты түрде табыс етілді. Түркістан облысы ПД басшылығы тарапынан жазылған грамота, алғыс хаттар мен жылдық төсбелгілер үлестірілді.
Жиналған құрметті қонақтарға бірінші кезекте Түркістан облысы Полиция департаментінің өмірі бейнеленген фотосурет пен полицейлердің қызметі мен ерлігі жазылып, жарыққа шыққан газет-журналдардың көрмесі ұсынылды. Жиын соңы мерекелік шараға ұласып, жиналған қауымға ерекше көңіл- күй сыйлады.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат