Сыбайлас жемқорлық – қарапайым тілмен айтқанда қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Жемқорлықты білдіретін белгілердің бірі пара беру және алу. Онымен күресу барша тұлғаның міндеті. Осындай қылмысты болдырмау және алдын алу мақсатында Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің ұжымымен кең көлемде жиын өтті.
Мақсаты — жемқорлықты болдырмау және алдын алу мақсатында ұжым қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Жиналғандар, қазіргі кезде сыбайлас жемқорлық әлемнің кез келген елінде оның саяси дамуына байланыссыз, оның ішінде Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келетінін, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленетінін айтты. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тежейді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізеді, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табылады дегенді алға тартты. Сондай-ақ жиында сыбайлас жемқорлықтың зардабы мен бұған қарсы атқарылатын жұмыстар талқыға түсті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары Мемлекет басшысының "Қазақстан-2050" Стратегиясында, "100 нақты қадам" Ұлт Жоспарында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іріктеу міндеттерін іске асыру жолымен нақты айқындалған. Бұл ретте сыбайлас жемқорлық көріністерін төмендету бойынша нысаналы бағдарларға қол жеткізу алгоритмі Қазақстанның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында көрініс тапқан, ол бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоспарлаудың көп деңгейлі жүйесіндегі басты бағдарламалық құжат болып табылады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы" Жарлығын іске асыру шеңберінде сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары әзірленді. Осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес негіздерін бекітуге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарын барынша азайту мен жоюға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті қоғамның әрбір мүшесі сыбайлас жемқорлықты қоғамдық және әлеуметтік зұлымдық ретінде қабылдаған жағдайда ғана қалыптасады. Азаматтар сыбайлас жемқорлық құбылыстарынан аулақ болуы үшін олар өз құқықтарын нақты білуі, оларды қорғай білуі, жеке, кәсіби өмірде және қоғамда сыбайлас жемқорлық әдістерін қолданудан бас тартатын тұрақты моральдық ұстанымға ие болуы тиіс. Жалпы, қоғам ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес үшін құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауатсыздығын жою маңызды. Халық өз құқықтарын, нақты жолдарын, оларға қарсы қандай да бір заңсыз іс-әрекеттер жасаған жағдайда қандай іс-әрекеттер жасау керектігін толық білуі тиіс. Бүгінгі күннің басты мақсаты конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу, мемлекет пен азаматтардың тыныс-тіршілігінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін және оның көріністерін азайту, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту болып табылады,- деп тарқасты жиналғандар.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат