Түркістан облысы Мақтаарал ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты № 5 «Мақтаарал» мектеп-гимназиясының ДТІЖО М.Б.Досмугамбетова мен педагог-психолог Б.Темирбекованың ұйымдастыруымен «ОТБАСЫНДАҒЫ ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ» атты іс- шара өтті. Қазіргі күнде тұрақты проблемалардың бірі — отбасындағы зорлық зомбылық мәселесі. Біздің қоғамымызда зорлық – зомбылыққа жол жоқ!. Зорлық-зомбылық құқықта – бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы деп айтылған. Осы орайда жиынға қатысушылар тақырып аясында баяндамаларын жасап, жиналғандарға оқыды. -Бала-адамның келешегі, баланы тәрбиелеу, қоғамның сапалы мүшесі етіп өсіру ата-ананың ардақты борышы. Бала жасында қалай тәрбиеленсе, есейгенде соны істейді. Халқымызда «Баланы жастан» деген мақал бар. Бірақ үнемі «үйтпе,бүйтпе» деп отырса да бала ынжық,жасқаншақ болады. Бірақ, бала тәрбиелеудің жөні осы екен деп,тәрбиеден тыс қаталдық көрсетудің өзі бала өміріне қауіп туғызады. Қаталдық керек десек те... тәрбиелеудің дұрыс жолдарын қолданған жөн. Бала білуге құмар, көргеніне еліктегіш, түсінбесе сұрағыш, көкірегі таза, сыншыл және шыншыл болады. Баланың бойындағы осы қасиетін сақтау үшін оған тура шыншыл, адамгершілік тәрбие керек. Қазіргі уақытта балалардың телевизор, компьютердерден көретіні ұрып - соғу, жан-жануарларды жәбірлеуді көреді. Осыны көрген бала іштей ненің дұрыстығын, ненің бұрыстығын түсіне бермейді.
Соған бейм болып өсуі мүмкін. Сондықтан өскелең жас ұрпаққа ненің дұрыс ненің бұрыс екенін түсіндіру керек,-деп бастады баяндамашы М.Б.Досмугамбетова. 2020 жыл қорытындысы бойынша, Қазақстанда тұрмыстық қылмыс алдыңғы жылдармен салыстырғанда 4,7% өскен. Дағдарыс орталықтарына 11 мыңнан астам әйел хабарласыпты. Көрсеткіштің бұлай жоғарылау себебі неде? Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген адам қайда хабарласуы керек? Ішкі істер департаменті хабарлауынша, отбасындағы қылмыстың артуына карантин мен оқшаулану әсер етті. Тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шегетіндердің 50%-і — әйелдер, 6,4%-і — кәмелет жасқа толмағандар. Зорлықшылардың жартысы мұндай қылмысқа, әдетте мас күйінде барады. Жауапкершілікке тартылғандардың 81%-і еш жерде жұмыс істемеген. Қазір Қазақстанда тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамдарға көмектесетін 40-қа жуық дағдарыс орталығы бар. Олардың 30-ында зардап шегушілер тұра алатын баспана қарастырылған. Былтыр осы оралықтарға 11 мыңнан астам әйел хабарласқан, ал сенім телефоны арқылы 8 мың рет консультация беріліпті. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық көрген адам не істеуі керек? Қазақстанда карантин кезінде «Зорлық-зомбылық құрбандарына арналған іс-қимыл алгоритмі» жасалды. Отбасында зорлық болса, мынадай әрекет жасау керек: Бірден 102 нөміріне хабарласып, полицияға ауызша зорлық көргені туралы арыз беру немесе Qamqor.gov.kz порталы арқылы онлайн-өтінім беру қажет. Зорлық көрген адамның полицияға дереу жетіп, құқық бұзушыға шара қолдануын талап етуге құқы бар. Зорлық көрген адам жарақат алса, 103 нөміріне хабарласып, жедел-жәрдем шақырғаны дұрыс. Содан кейін полиция қызметкерлерінен сот-медициналық сараптамаға жолдама алуы керек. Тегін 150 нөміріне хабарласуына немесе +77081060810 (WhatsApp) нөміріне, www.telefon150.kz уеб-сайтына жазуға болады. Бұл — зорлық-зомбылық жағдайындағы балаларға, жастарға және өзге де адамдарға арналған Ұлттық сенім телефоны. Сенім телефоны тәулік бойы істейді. Олар психологиялық және құқықтық көмек береді, учаскелік инспектордың, дағдарыс орталықтары мен басқа да қажет ұйымдардың байланыс нөмірін береді. Хабарласқан адамның аты-жөні жарияланбауына және өтінімнің құпиялығына кепілдік беріледі. Қазақстанның барлық аймағында тұрмыстағы зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары бар. Өмір мен денсаулыққа қауіп төнсе, осы орталықтарға хабарласып, сонда тұруға болады. Әр аймақта әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмыс істейді, олардан кеңес алып, қолдау табуға болады. Осы орайда,әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция бөлімінің капитаны Түзелов Құрманғазы «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» акциясы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Г.Айтуреева баяндама жасады. Соңынан педагог-психолог Б.Темирбекова тренинг өткізді.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат