Өйткені айтулы дата, мерейлі жас, яғни Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл! Осынау мейрам қарсаңында Отырар АПБ полицейлері Мәдениет үйінде кең көлемді шара ұйымдастырды. Мерекелік жиынға ішкі істер саласының ардагерлері, Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов, маслихат хатшысы Мырзахан Манапов, "Аманат" партиясынан А. Құрман мен жеке құрам қатысты. Келген құрметті қонақтар құттықтау сөздерін арнап, қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген тәртіп сақшыларын марапаттады.
Өз кезегінде Отырар аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ермек Өсербаев баяндама жасап, ауданда полицейлермен атқарылған жұмыстарды тілге тиек етті. Сондай-ақ алдағы уақытта да қоғамдық тәртіп пен тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етуде шаршамай, бір жұдырықтай жұмыла қызмет ететіндіктерін жеткізді. Оған қоса марапаттау рәсімін өткізді. Шара соңында концерттік бағдарлама қойылып, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.
«AQ-QARA.KZ»- ақпарат