Жексенбі, 26 Маусым 2022 23:38

Арыста мерекелік марапат, жұлдыздармен жүздесу, спорттық сайыс өтті

«Қазақстан полициясының 30 жылдығына» орай Арыс аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен Арыс қаласы мәдениет сарайында концерттік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға әкімшілік және маслихат , «Аманат» партиясы, полиция бөлімінің бастығы мен құрам қатысты. Салтанатты шара Арыс полициясының тарихы түсірілген бейнероликпен бастау алды.

Өз кезегінде департамент бастығының мерекелік төсбелгілері өз иелеріне табысталды. Ерекшелігі сол, аталған жиында ҚР-ның жарық жұлдыздары, өнер майталмандары Нұржамал Үсенбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Сәкен Майғазиев, Еркін Нұржан Нұржан Төлендиев, Заттыбек Көпбосынұлы, «Алдараспан», «Шымкент шоу» , «Шаншар» театрының әртістері өнер көрсетіп, ән шырқап полиция қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады. Концертке қонақ ретінде қызметкерлердің ата-аналары, жұбайлары және балалары, бөлім ардагерлері шақыртылды.

Сондай-ақ спорттық сайыс ұйымдастырылып, жүлделі орын алғандар қаржылай марапатталды. Жалпы жарыс футбол ойынынан өткізіліп, іс-шараға 10 команда қатысты. Осылайша Арыс қаласында "Полиция күні" ауқымды шаралар өткізілді.

 

 «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

 

Оқылды 283 рет