Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Рәміздерінің 30 жылдығына орай, «Маскүнемдік пен есірткіге қарсы күрес» тақырыбында жастар арасында қалалық плакаттар және көркем шығарма байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты - есірткі мен темекінің, спирттік ішімдіктің адам өміріне зиян екендігін білдіру, жастарды жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу, бос уақытты тиімді пайдалану және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Байқауға колледжіміздің шығармашыл студенттеріміз қатысып, белсенділік танытты. Байқаудың бас жүлдесін БМ 20-9 тобының 2 курс студенті Жексенбек Балнұр (жетекшісі: Абдуллаева А.) иеленді, 1-орын ҚТжӘ 19-9 тобының 3 курс студенті Байжанова Әсем (жетекшісі: Матибаева А.), 2-орын ҚТжӘ 19-9 тобының студенті Вахидова Юлдуз және Қуатбек Нұрдана, 3-орын КБ 20-9 тобының студенті Әбдірахман Зебо және ҚТжӘ 20-9 тобының студенті Әкім Жұлдызай алғыс хатпен марапатталды. Плакаттар байқауы бойынша колледждің талантты суретшілері КБ-20-9 тобының студенттері Рахимова Севинч пен Бахадирова Зебо қатысып, жүлделі 3-орынды иеленді. Барлық қатысушыларға арнайы дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.