Сенбі, 25 Маусым 2022 19:20

Сайрам ауданының тәртіп сақшылары да кәсіби мерекелерін атап өтті

Биыл Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл.

Егемендік алған осынау 30 жыл ішінде Сайрам ауданының тәртіп сақшылары ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі еңбек сіңірді деп сеніммен айта аламыз.

Аталмыш мерейлі мерекеге орай Сайрам ауданында салтанатты жиын өткізілді. Іс-шараға Сайрам АПБ-ның бастығы полиция полковнигі Бауыржан Зиятаев, полиция полковниктері Ш.Оңғаров, С.Ботабеков, Т.Қозыбақов, С.Қасымбеков, полиция подполковниктері А.Ирназаров, Б.Ахметов, Б.Асылбеков, С.Салиев және ардагерлер кеңесінің төрағасы Д.Андасбеков бастаған ішкі істер органының ардагерлері, мен жеке құрам қатысты. Қонақтарды оркестрдің көңіл толқытар күйлері қарсы алды. Одан кейін жиналғандар қаза тапқан полицейлерді еске алып, бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Алғашқы құттықтау сөзді аудандық полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Б.Зиятаев алып, ардагерлерді, жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтады. Салтанатты шараның қонақтары Сайрам ауданы әкімінің міндетін атқарушы М.Оразалиев, аудандық мәслихаттың хатшысы Ш.Халмурадов және «Аманат» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы А.Абдикадировтер де полицейлерді мерейлі мерекесімен құттықтап, аудан дамуы жолында аянбай еңбек еткен тәртіп сақшыларын марапаттады.

Сондай-ақ «Қазақстан полициясына 30 жыл» мерейтойлық медалімен аудан әкімі Ұ.Сәдібеков, мәслихат хатшысы Ш.Халмурадов, аудан прокуроры Д.Тлемисов, ҰҚК Сайрам аудандық бөлімінің бастығы А.Абдраман және Сайрам АПБ-ның 14 қызметкері марапатталды. Түркістан облысы әкімінің грамотасына ЖПҚБ-нің УПИ полиция майоры Е.Яврова, ТО Полиция департаментінің алғыс хатымен ЖПҚБ-нің УПИ полиция майоры Р.Салиев ие болса, ЖПҚБ аға УПИ Т.Байдаулетовке бір саты жоғары арнаулы атағы «подполковник» шені берілді. Сонымен қатар Сайрам АПБ бастығының алғыс хатымен 40-қа жуық ІІО-ның ардагерлері мен 22 полиция қызметкері марапатталды.

Мерекелік жиын көркемөнерпаздардың әуелеген ән, күмбірлеген күйімен жалғасты. Полиция өмірінен арнайы дайындалған архивтік бейнефильм көрсетілді. Іс-шара соңында қонақтар естелікке суретке түсіп, ерекше көңіл-күйде тарқасты.

 

Оқылды 262 рет