Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Келес аудандық полиция бөлімінде де мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Бірінші кезекте Келес АПБ-нің жеке құрамы арнайы мерекелік киім үлгісімен салтанатты шеруге сапқа тұрғызылды. Жиынға аудан әкімі, аудан мәслихатының хатшысы, «Аманат» париясының аудандық филиалының төрағасы, ауданы прокуроры және Ішкі істер органдарының ардагерлері қонақ ретінде шақырылды.
Іс-шара барысында Келес ауданы құрылғаннан бері полицейлердің атқарған жұмысы арнайы бейнежазбадан көрсетілді. Содан кейін 1 минуттық үнсіздік жарияланып, тәуелсіздік жылдары қызмет бабында қайтыс болған бөлімнің қызметкерлерін еске алу рәсімі өтті.
Іс-шараға келген қонақтар, зиялы қауым өкілдері өздерінің құттықтау сөздерін айтып, Келес АПБ-нің 30-дан астам қызметкерлерін марапаттады. Сондай-ақ
Келес АПБ-нің бастығы полиция полковнигі Б.Каныбеков жеке құрамды кәсіби мерекелерімен құттықтап, 11 қызметкерді Түркістан облысы ПД тарапынан берілген 30 жылдық төс белгімен марапаттады. Одан бөлек бөлімнің жұмысын алға тартып, өз қызметтік міндеттерін жоғары деңгейде атқарып жүрген 10 қызметкерді "Алғыс хатпен" марапаттады.
Сонымен қатар мәдениет үйінің қызметкерлері, көрермендерге концерттік бағдарламасын ұсынды.
Мерекелік іс-шарадан кейін келестік сақшылар қызмет ете жүріп, жұлдыздары ерте сөнген полицейлердің рухына құран бақыштады