Сенбі, 22 Қыркүйек 2018 17:08

Түркістан облысы: созақтықтар ауданның 90 жылдығын тойлауға дайындалып жатыр

Қазан айының екінші онүкіндігінде Созақ ауданының құрылғанына 90 жыл толғалы тұр. Аталған мерекелік күнді ерекше әрі есте қаларлықтай етіп атап өту үшін аудан халқы тынбай жұмылып, ұйымдастыру ісіне білек сыбана кірісті.

Мәселен, «Тәуелсіздік» саябағын көркейту көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Тал көшеттері отырғызылып, гүлдер егілуде. Бүгінде Шолаққорған ауылы әкімдігі мен «Қазсушар» Түркістан облысы Созақ ауданы филиалының қызметкерлері, мектеп, балабақша жұмысшылары саябақты әрлеу, көркейту жұмыстарымен айналысуда. 

Шолаққорған ауылының әкімі Әділ Елібаев. «Бүгінде аудан орталығын 90 жылдық мерекеге дайындық істеріне кірісіп кеттік. Барлық мекемелер тойдың дайындығына кірісіп кеткен. Жол бойына талдар егіліп, саябақтарды әрлеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Ауданның торқалы тойына дейін көркейту көгалдандыру жұмыстарын аяқтап, мерекелік күнге дейін дайын боламыз»,- дейді. Бүгін, яғни сенбі күні Шолаққорған ауылындағы барлық мекемелер тұрғындармен бірлесе отырып кең көлемді сенбілік өткізгенін айта кетейік.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 990 рет