Таяуда аудан әкімі Азат Оралбаев Бадам ауылдық округі аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан спорт кешені, ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстарын тексеріп шықты. Округтегі іссапары барысында аудан әкімі Ордабасы ауылына қарасты Баян бұлақ, Таңбалы бұлақ, Ұзын бұлақ, Қылышбұлақ елді мекендеріне жүргізілген ауыз су құрылысын аралап, тұрғын үйлерге су кіргізу жұмыстарын тексеріп шықты.
Халықпен кездесулерде көтерілген негізгі өзекті мәселелер – инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты. Ауданда 57 елді мекеннің сапалы ауыз сумен 54-і қамтылған. Тұрғындар санымен адам (мың адам) қамтылып, бұл көрсеткіш пайызды құрап отыр. Ауданда 3 елді мекен ауыз сумен қамтылмаған (Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ). Бүгінгі таңда 5 елді мекенде, олар Шұбарсу, Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық елді мекендерінде құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Қараспан, Бейсен, Мақташы, Сарыарық ауылдарына ауыз су жүйесін қазан айында пайдалануға беру жоспарлануда. Шұбарсу елді мекеніне жыл қорытындысымен беру жоспарлануда. Мәдениет, Жұлдыз, Ынтымақ елді мекеніндерін ауыз сумен қамту мақсатында, аудандық бюджеттен жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін 12 млн.теңге қаралды. Құрылысын 2024 жылы қаржыландыру үшін тиісті жұмыстар атқарылады. 2025 жылы аудан тұрғындары таза, сапалы ауыз сумен 100% қамтылады.
Қазіргі уақытта табиғи газбен 57 елді мекеннің 9-ы қамтылған, елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайызды құрап отыр. Аудан бойынша 25 елді мекеннің (Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батыр ата, Ынталы, Аманкелді, Бөген, Еңбекші, Елшібек батыр, Қызылжар, Көкарал, Спатаев, Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу, Төрткөл, Қарақұм) газ жүйесінің құрылыстарына биыл 3,8 млрд.теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 17 елді мекен (Бірлік, Жамбыл, Ақжол, Мақташы, Бейсен, Қараспан, Төреарық, Көлтоған, Берген, Батыр ата, Ынталы, Аманкелді, Елшібек батыр, Спатаев, Қызылжар, Төрткөл,Қарақұм) газға қосылады Нәтижесінде елді мекендерді газбен қамту көрсеткіші 21,6 пайыздан 46,8 пайызға артады. 8 елді мекеннің (Шұбар, Береке, Сарытоғай, Тоқсансай, Шұбарсу, Бөген, Еңбекші, Көкарал) құрылысы 2024 жылға өтпелі.
Сонымен қатар, 15 нысанға жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде (Жеңіс, Арыстанды, Ақсары, Жайылма, Көктөбе, Мәдениет, Жұлдыз, Жаңатұрмыс, Сарыарық, Жусансай, Кемер, Ынтымақ газ құрылысы, сондай-ақ Шұбарсу, Көкарал елді мекендерге жеткізуші газ құбыры). Аудан аумағында 1 398 шақырымды (республикалық маңызы бар-73,3, облыстық маңызы бар-242,8, аудандық маңызы бар-93,6, ішкі көшелер-988,3 шақырым) құрайтын жолдар бар. Биыл «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында бюджеттен 813,9 млн. теңге бөлініп, 13 елді мекендегі (Еңбекші, Спатаев, Қызылжар, Бейсен, Мақташы, Теспе, Жамбыл, Бөген, Бірлік, Берген, Ынталы, Тоқсансай, Береке) 26 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, аудандық бюджеттен 873 млн. теңге қарастырылып, 14 елді мекендегі 23 көшеге орта жөндеу жөндеу жүргізілуде. Атқарылатын жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылы қанағатты жағдайдағы жолдардың үлесін 55,5 пайызға жеткізу жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарының көлемі млрд. теңгені құрап, былтырғы жылмен салыстырғанда 3,5 пайызға өсті. Құқық бұзушылықтың алдын алу үшін «Сергек» жобасы іске асырылуда. Биыл ауданның бюджет көлемі 19 млрд. теңге, оның ішінде өзіндік кірістердің 21,9% құрап отыр. Ағымдағы шығындарға, даму бюджетіне бағытталды.
Азат Әбдіғалиұлы су құбырларының қыс мезгілінде қатты суықтан сақтау үшін жер асты жүйелерін қаптау жұмыстарын жүргізіп, ауыз судың ауылға іркілісіз жетуін қамтамасыз ету қажеттігін айтты. «Кез-келген құрылыс жұмыстарын алғаш бастаған сәттен бастап сапасына көңіл бөлген дұрыс. Сондықтан ауданымызда салынып жатқан құрылыс нысандарында ең бірінші кезекте сапа мәселесі тұруы керек» - деді аудан әкімі Орда мөлтек ауданында салынып жатқан спорт кешенін аралау сәтінде.
Аудан басшысы 210 орынға лайықталған жаңа спорт кешенін аралау барысында аудандық Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына жұмыс кестесіне сай құрылысты мерзімінде аяқтауды айтты. Мұнан соң аудан басшысы аталған мөлтек аудандағы екі қабатты тұрғын үйдің ішкі коммуналдық жүйелерін, сыртқы қасбетін тексеріп, ауыл әкімі, салалық бөлім басшысына тұрғын үй ауласына балалар ойын алаңшасын орнату, көгалдандыру, кәріз жүйесін реттеу, басқа ауылдардан көшіп келген азаматтарды қоғамдық жұмыстарға тарту бойынша нақты тапсырма берді.
Одан бөлек, аудан әкімі Азат Оралбаевтың төрағалығымен апталық аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілістің күн тәртібінде өткен жылғы көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстардың өнімділігі және 2024 жылғы жоспар, аудан аумағындағы қоғамдық саяси ахуал, ауылшаруашылық бағытындағы ағын су арналарының бүгінгі жай-күйі, осы жылы атқарылатын жұмыстар жөнінде кеңінен талқыланды.
Әуелі аудандық Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Арман Искаков биыл аудан аумағына отырғызылатын ағаш көшеттерінің жоспары бойынша баяндады.
«Биыл көктем мезгіліне облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінен 23 150 дана ағаш көшеттері босатылып берілген. Аталған көшеттер 10 ауылдық округі әкімдіктері мен «Темірлан абаттандыру» мекемесіне үлестіріліп, арнайы белгіленген орындарға егілетін болады», деді өз баяндамасында салалық бөлім жауаптысы.
Аудан басшысы округ әкімдері, жауапты мекеме басшыларына көктемгі науқанға осы бастан дайындықты күшейтіп, сапалы ағаш көшеттерін алдырып, суғару көздері, қоршау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуді, жасылдандыру бағытында берілген жоспармен ғана шектеліп қалмай, отырғызылатын көшет санын көбейтуді де тапсырды.
Аудан әкімі салалық бөлім басшысына атап өткен мәселелер бойынша кездесулер ұйымдастырып, қордаланған проблемаларды дер кезінде шешуді жүктеді.
Аппараттық мәжілісте аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Берік Алтынбеков коммуналдық меншіктегі каналдардың қазіргі жай-күйі туралы ақпарат беріп, биылғы жоспарымен бөлісті.
Бөлім басшысының хабарлауынша каналдарды ағымдағы және механикалық тазалау бойынша «Құртай» каналының 1500 м, «Қазыналық» каналының 350 м тазаланса, «Найман» каналын бетондау жұмыстары жүргізілген. Жалпы аудандағы 90 каналдың жалпы ұзындығы 840 шақырымды құрап, 33 542 гектар суармалы жерді суаруға қауқарлы.Аудан әкімі жуырда әкімдік тарапынан каналдарды тазалауға алынған 2 техниканы кесте бойынша аудандағы су арналарын тазалау жұмыстарына жұмылдыруды, көктем, жазғы диқаншылық кезінде ағын судың шаруаларға іркіліссіз жетуін қамтамасыз етуді міндеттеді. Аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы мәжілісте «Ауыл аманаты» бағдарламасы, кіріс көздерін арттыру бойынша да жауапты мекеме басшыларының қысқаша есебін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді.
Бүгінгі таңда таза ауыз су мәселесі адамзат баласы үшін өзекті болып отыр. БҰҰ-ның дерегінше, дүние жүзінде миллиардтаған адам әлі күнге дейін таза ауыз суға қол жеткізе алмай келеді. Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) су ресурстары бойынша климаттық қызметтердің жай-күйі туралы соңғы есебіне сәйкес, суға байланысты тәуекелдер жоғары қарқынмен өсіп келеді. 2000 жылдан бастап су тасқыны – 134, құрғақшылықтың ұзақтығы 29 пайызға өскен.
Қазірдің өзінде мамандар жаhандық климаттың жылынуына байланысты 2050 жылға қарай Орталық Азияда су тақырыбы күрделі мәселе болатындығын болжап отыр. Негізгі өзендері көршілес мемлекеттерден бастау алатын Қазақстан үшін су мәселесі шешімін табуды қажет ететін стратегиялық басымдықтардың бірі екені анық. Елімізде ауылдар мен шалғай өңірдегі халқымызды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бағдарламалар жүйелі түрде жұмыс істеп келеді. Дегенмен жерасты суларының картасын жаңарту, бұл бағытта тиісті ғылыми зерттеулер жүргізу сынды атқарылатын мәселелер де баршылық. Жалпы Түркістан облысында елді мекендерді орталықтандырылған ауыз сумен қамту жұмыстары қарқынды. Сонымен қатар Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тікелей бақылауымен «сақалды құрылыстардың» мәселесін шешу жұмыстары өз нәтижесін беруде. Өткен жылы 70 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджет есебінен қаржы бөлініп, 38 нысанның құрылысы аяқталды. Қалған 32 нысан осы жылы пайдалануға беріледі. Қазіргі уақытта 27 нысанның құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, 120,5 мың халық ауыз сумен қамтылды. Өткен жылдың соңында өңірдегі 11 нысан ел игілігіне пайдалануға беріліп, 81 мың тұрғын таза ауыз суға қол жеткізді. Осы ретте, Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округіне қарасты Ойық елді мекені тұрғындарының қуанышын бөлісуге арнайы барды. Ойықтықтарды құттықтап, осы салада атқарылып жатқан ауқымды жұмыстардың нәтижесімен бөлісті.
Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласында судың 40 пайызы босқа ысырап болып жатқандығын атып өтіп, суды үнемдейтін озық технологияны енгізу ісін тездетіп, оны қолдану аумағын жыл сайын 150 мың гектарға дейін кеңейтуді тапсырды. Осы ретте ҚР АШМ-не су үнемдеу технологияларына инвестициялық субсидия көлемін 50%-дан 80%-ға ұлғайту жөнінде ұсыныс берілген. Жалпы су үнемдеу технологияларын 2028 жылға қарай 100 мың гектар алқапқа енгізу межеленген. Өңірде суармалы алқаптарды ағын сумен қамту, каналдар мен қашыртқыларды тазалау жұмыстары жалғасады.Бұл орайда, Түркістан облысында жалпы егіс алаңы артып, 873,6 мың гектарды құрады. Өңірде көктемгі дала жұмыстары белсенді жүруде. Егістікті әртараптандыруға басым бағыт берілген. Оған сәйкес дәнді дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 15 мың гектарға артып, 335 мың гектарға жеткізілді. Биыл жүгері мен маш өсіруге ниет білдірушілер саны өскен. Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің тапшылығын тудырмау мақсатында биыл ерте пісетін қырыққабат, сәбіз пияз бен картоп, бақша дақылдары артты.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды дала жұмыстарын барлық ауданда күшейтіп, өңірде мақта – тоқыма кластерін дамытуға басымдық беруді тапсырған болатын. Жұмысты жандандырып, шаруаларға берілетін көмектердің жылдам әрі жүйелі түрде үйлестірілуі бақылауда болуын ескертті.Шаруаларға берілетін мемлекеттік қолдау көлемі артты. Минералды тыңайтқыштарға 7 млрд.теңге бөлінеді. Қаржыландыру арқылы 10 мың тонна жүгері, 222 гектар жылыжайлар субсидияланады. Қосымща республикалық бюджеттен 8,5 млрд.теңге қаржы бөлу ұсынылды. Мақтаның 1,7 мың тонна шитін, 85 мың тонна жүгері мен 1,6 мың тонна бидайдың элиталы тұқымы субсидияланады. Қаржыландыру арқылы 462,6 млн м3 ағын су арзандатылған бағамен жеткізіледі. 22 мың тонна жуық жанармайға өтінім тапсырылған. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы саласын несиелендіру 2024 жылы 13,4 млрд.теңгені құрады.Өткен жылы 201,7 мың га күздік егіс жиналды. 300 мың гектар егістікке жер жырты жұмыстары жүргізілді. Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының басшысы Нұрбек Бадырақовтың баяндауынша, көктемгі дала жұмыстарына техника толық дайын. 2023 жылы 1382 комбайн, тракторлар мен қосымша құрал – жабдықтар сатып алынды. Облыста 24 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат