Тұрғын үйлер Нұрсәт мөлтек ауданындағы Арғынбеков көшесінде, сондай-ақ Тұран шағын ауданында орналасқан. Қатысушыларды іріктеу есепке қою күні бойынша жүзеге асырылады. Есепке қою күні сәйкес келген кезде қатысуға өтініш беру күні мен уақыты бойынша қаралады.
2-10-20 бағыты шеңберінде тұрғын үйді бөлу кезінде 2% бойынша қарыздар саны төмендегі санаттар арасында тепе-тең бөлінеді:
- I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтар;
- мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- көпбалалы отбасылар;
- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар.
Бұл ретте мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, І және ІІ топтағы мүгедектігі бар тұлғаларға тұрғын үйді бөлу кезінде олардың төменгі қабаттардан алу өтініштерін ескере отырып, басқа санаттағы кезекте тұрғандар алдында басымдық белгіленеді.
5-10-20 бағыты шеңбері бойынша тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға тұрғын үйді бөлу есепке қою күнін ескере отырып, жүзеге асырылады.
Іріктеу кезеңі: брондау кезеңі аяқталған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінде жүзеге асырылады.
Маңызды тұс! Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдар мәртебесі бар "І және ІІ топтағы мүгедектігі бар адамдар" санатындағы салымшылардан өтініш берген кезде ҚР Азаматтық Кодексінің 159-бабының негізінде банктік қарыз шарттарын жасасу (толық сатып алуды қоспағанда) мүмкін емес.
Толық ақпаратты Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталынан алуға, қосымша сұрақтар туындаған жағдайда 300 нөміріне хабарласуға болады.