Сәрсенбі, 19 Маусым 2024 21:52

Шымкенттегі барлық шағын аудандар мен тұрғын алабтар қоғамдық көлікпен 100 пайыз қамтылған

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «Шымкент қаласында 2024 жылдың 5 айында жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында атқарылған жұмыстар туралы» тақырыбында  өткен баспасөз конференциясында айтылды. 

 Басқарма басшысы Ролан Ибрагимов қаламызда қоғамдық көлік мәселесі өзекті проблемасы екенін ескере отырып, 2024 жылдың басынан бері бірқатар өзгерістер енгізілгенін айтты. 

Оның берген мәліметіне сүйенсек, 2020 жылы қалалық мәслихатпен жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілген. Схемаға сәйкес, 77 маршрутты құрайтын жаңа маршруттық желісі әзірленді. Маршруттық желісімен 6 ХАБ, 33 жеткізуші,  39 магистралды және  6 айналма маршруттары қаралған. Бүгінгі танда  оның 640-ы газ метанмен, 464-і дизельмен және 36-сы бензинмен жүреді.

 - Қала аумағындағы сонымен қатар, шет аймақтарда орналасқан  барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптар қоғамдық көлікпен 100% қамтылған,-деді Ролан Бекмағанбетұлы. 

Қазіргі уақытта күнделікті 916 автобус және 11 тасымалдаушы компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. 2024 жылғы 5 айда тасымалданған жолаушы саны – 36 738 679 құрайды. Сонымен қатар, жалпы автобустар саны резервпен қоса – 1140.

Биыл Шымкент қаласында 229 қоғамдық көлік жаңарту жоспарлануда. Оның ішінде, бүгінде «Автоимпульс» ЖШС тарапынан «Zhongtong» маркалы 5 жаңа автобус наурыз айынан бастап, «Санжар моторс» ЖШС және ЖК «Абдуганиев» «SAZ LE 60» маркалы 12 автобус мамыр айынан бастап, «Ман-оңтүстік» ЖШС «Youtong» маркалы 3 жаңа автобус қызмет көрсетуде. 

Жалпы бүгінде қаладағы 1142 автобустың 95 пайызға жуығы соңғы 5 жылда алынған. Қоғамдық көліктер жыл сайын кезең-кезеңімен жаңартылуда.

 

Оқылды 220 рет