Сенбі, 13 Шілде 2024 05:29

Шымкентте дәрі бағасы едәуір арзан

Бүгінгі күні елімізде дәрілік заттар айналымы саласында 19  отандық тауар өндіруші қызмет атқарады. Соның ішінде, Шымкент қаласында 2 ірі отандық тауар өндіруші орналасқан («Химфарм» АҚ, «Dentafill» АҚ).

 

ҚР дәрілік заттарды көтерме саудасындағы субъектілердің саны – 293, қоймалардың саны – 362. Оның ішінде,  Алматы қаласында 187 қойма, Шымкент қаласында 38 қойма орналасқан. Бұл туралы бүгін  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Қашқымбаева Ләззат Рсымбекқызы - Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында  мәлімдеді.

Сонымен қатар, еліміздің 152 ірі дистрибьюторлардың арасында Шымкент қаласында 4 дистрибьютор қызмет атқарады. («Химфарм» АҚ, «НПО Зерде» ЖШС, «Atamiras.S» ЖШС, «AK NIET GROUP» ЖШС). 

Бүгінгі күнгі  жағдай бойынша  Шымкент қаласында 32 субъект, 38 объект дәрілік заттарды көтерме сауда саласында қызметті жүзеге асырады.

ҚР дәріханалардың жалпы саны 8 375 құрайды. Шымкент қаласында дәрілік заттарды бөлшек саудада өткізуді 318 субъектлердің 585 объекті жүзеге асыруда. Қаламызда орналасқан дәріханалардың саны жоғары, яғни бәсекелестік деңгейі жоғары болғандықтан, басқа өңірлерімен салыстырғанда, Шымкент қаласында дәрілік заттардың бағасы төмен болып табылады. Бүгінгі таңда Департаментпен Шымкент қаласының мүдделі органдармен дәрілік заттарды таңбалау мен қадағалауды енгізу барысында бірігіп ауқымды жұмыс атқарылуда.

Айта кетейік,  2024 жылдың 1 шілдесінен бастап дәрілік заттарды көтерме саудадағы субъектілер таңбалау мен қадағалау процесін еңгізбеген медицинадық ұйымдарға, дәріханаларға дәрілік заттарды босату тоқтатылады, осыған байланысты дәріханалар дәрілік заттарды сатып алу және халыққа өткізу мүмкіндігінен айырылады.

 

Оқылды 222 рет