Бүгін «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын тиімді іске асуын бақылау үшін ҚР Мәжіліс депутаты Данабек Исабеков, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыхожаев, қалалық фракция жетекшісі Қайрат Имашев, мәслихат депутаты Алина Дубиниа және партия қызметкерлері мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа қабылдаған мекемелерде болды.
Алдымен партия өкілдері Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мекемесінде болды. Аталған мекемеде 14 мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамтылған.
Мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамтыған келесі мекеме – «Диспетчерлік қызмет орталығы» мекемесі. Бұл жерде жұмыс орындары квотасының 2 % мөлшермен 1 мүгедектігі бар адамды жұмыспен қамту бекітілген еді. Қазіргі сәтте орталық квота бойынша бір азаматшаның жұмысқа қабылдаған.
Шымкент қаласында бүгінге дейін 657 мүгедектігі бар азамат жұмыспен қамту шараларына тартылған. Оның ішінде 6 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 14 адам «Жастар практикасы» бағдарламасына, 17 адам «Қоғамдық жұмыс» орнына, 19 адам «Алғашқы жұмыс» орнына, 33 азамат «Күміс жас» бағдарламасына жолданса, 216 адам «Бастау бизнес» бағдарламасы бойынша алғашқы кәсіпкерлік дағдысын оқыды. Сонымен қатыр, 213 адамға тұрақты жұмыс орнына жолданып, 39 адамға қайтарымсыз грант берілді.
Ал, қала әкімінің қаулысы негізінде 38 мекемеге 107 мүгедектігі бар азамат жолданып отыр. Осы азаматтардың 24-і білім беру ұйымдарына, 18-і денсаулық сақтау саласына, 15-і өндарас орындарына, 42 адам коммуналдық мекемелерге және 7 адам түрлі саладағы мекемелерге жұмысқа орналасты.