Сәрсенбі, 24 Қазан 2018 10:43

Жетісайда мемлекеттік қызмет көрсету жолдары түсіндірілді

Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен арнайы жиын өтті. Күн тәртібінде мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу, сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар жандарға ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін құжат әзірлеу, санаторий-курорттық емдеумен қамту, кресло-арбалар беру жолдары жан-жақты талқыланды.

Жиынды Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұржан Қошқаров жүргізіп отырды. Шара барысында мамандарға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімі, қажетті құжат түрлері түсіндірілді. Негізгі талап бойынша құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты мемлекеттік корпорацияда 15 минут, көрсетілетін қызмет берушіге 30 минут белгіленген. Мәселен, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну қағаз түрінде беріледі. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетілуі тиіс. Бұл ретте мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлейтінін айта кеткен жөн.

Жиын барысында су сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін қажетті құжаттардың да тізімі көрсетілді. Ол үшін азаматтың өтініші, жеке басын куаландыратын құжаты, тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын , мүгедектігі туралы мәліметтерді көрсететін қағазы болуы тиіс. Қоларбаға қол жеткізу үшін де азаматтардан осындай негіздегі құжаттар талап етіледі.

«AQ-QARA.KZ» – ақпарат»

Оқылды 778 рет