Бүгін «1 маусым – халықаралық балалр күні» мерекесі қарсаңында аудан орталығында заманауи балалар ойын алаңшасымен қамтылған «Bala Time» кешенінің ашылу салтанаты болды.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Айдос Құлмаханов және ауыл ардагерлері қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа кешеннің ашылуымен құттықтап, кешеннің лентасын қыйды.
Аудан әкімінің орынбасары игі іске мұрындық болған кәсіпкерге ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыс етсе, ақсақалдар ақ батасын берді. Ол өз сөзінде: «Ауданда жаңа кәсіпкерлік нысандарының ашылуы - кәсіпкерлердің бәсекелестігін арттырып, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Сондықтан іскер азаматтардың осындай бастамаларын әрдайым қолдауға дайынбыз»,-деп атап өтті.
Жеке кәсіпкер Азамат Әділханұлы нысанды жалға алып, ішіндегі ойын элементтерін өз қаржысына орнатқан. Кешенде балалар ойын алаңшасынан бөлек, ата-аналарға арналған күту орны мен келушілерге жағдай қарастырылған. Ойын алаңына 2 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға кіру рұқсат етіледі.
«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат