Бейсенбі, 11 Шілде 2024 15:58

Түркістан облысы: Сауран ауданындағы Құмтүйін елді мекенінің көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Сауран ауданының Қарашық ауылдық округіне қарасты Құмтүйін елді мекеніндегі көшелерге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің халықпен есепті кездесуінде осы аталған мәселе ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше рет көтерілген болатын. Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров осы аталған жұмысты арнайы барып қадағалады.

Сауран аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековтың мәлімдеуінше, Қарашық ауылдық округі, Құмтүйін елді мекеніндегі 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстары басталды. Атап айтсақ, Т.Шүкірбаев, Ш.Қожахметов, П.Рахимжанов, Халжанов, Т.Азизбеков көшелеріне жалпы ұзындығы 4,6 шақырымға асфальт төселетін болды. Аталған көшелерге орташа жөндеу жұмыстары тамыз айында аяқталатын болады.

Аудан әкімі сонымен қатар елді мекенде алдағы уақытта атқарылатын жұмыс жоспарларын айта келе, ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Ауыл ақсақалдары тарапынан бірнеше ұсыныс-пікірлер де айтылды. Жиын соңында ауыл ақсақалы аудан әкімінің атқарып жатқан жұмыстарын жоғары бағалап, қызметіне сәттілік тілеп, батасын берді.

Сауран ауданы Қарашық ауылдық округінің әкімі С.Уразбаевтың ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының  2024 жылы I тоқсанда атқарылған жұмысы туралы есепке сүйенсек, Қарашық ауылдық  округі 3 елді мекеннен құралған. Жалпы халық саны — 11361.

Қарашық ауылы әкімі аппараты 2024 жылға барлық шығындарын өтеуге 84 миллион 967 мың теңгеге  қаржыландырылып, қаржы кезең-кезеңімен толық игеріліп келеді.

Қарашық ауылдық округі бойынша 2024 жылы жалпы салық жоспары 38 920 000 теңге болса, 28 693 438 теңге түсірілді (73 пайызға орындалды). Оның ішінде мүлік салығының жоспары – 2 220 000 теңге, орындалғаны — 186 304 теңге; Жер салығы жоспары – 250 000 теңге, орындалғаны — 140 372 теңге; Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем салығы жоспары — 200 000 теңге, орындалғаны — 19 598 теңге; Бірыңғай жер салығы жоспар – 350 000 теңге, орындалғаны — 143 837 теңге, Көлік салығы жоспары – 21 100 000 теңге, орындалғаны — 15 187 634 теңге; Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы жоспар – 7 000 000, орындалғаны — 4 029 752 теңге; Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер жоспары – 7 800 000 теңге, орындалғаны 8 985 941 теңгеге жеткен.

Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылыпты. 2024 жылы атаулы әлеуметтік көмекке шартты 31 отбасыға, 1 отбасыға шартсыз көмек тағайындалды.

Ауылда тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға демеушілер есебінен 15 отбасыға азық-түлікпен ай сайын көмек берілді. 7 отбасы қатты отынмен қамтамасыз етілді. Қамқорлық бағдарламасы бойынша 2 отбасыға ай сайын жеке кәсіпкерлерден азық түлік беріліп, бір отбасыға ауыл тұрғындары мен жастарының ұйымдастыруымен тұрғын үй құрлысы жүргізілуде.  

Егін шаруашылығы саласына келсек, ауыл округінің жалпы ауыл шаруашылық жері -15 268 гектар. Оның ішінде:

Суармалысы — 1740 гектар.

Жайылым — 11617 гектар. Оның ішінде Ащысайда — 3600 гектар, Қаратөбеде — 3708 гектар.

Шабындық — 287 гектар.

Басқа жерлер — 102 гектар.

   Қарашық ауылдық округі бойынша 5,49 гектар жылыжай бар.

Азық-түлік белдеуі бойынша 174 гектар жерге жаңбырлатып суғару технологиясын орнату жұмыстары жүргізілді.

 Мал шаруашылығы саласы бойынша 2024 жылдың 1 қаңтарындағы мал басы саны туралы ақпараттарды сөйлетсек.

Ірі қара мал — 5 016, қой-ешкі — 11 012, жылқы — 821, түйе — 203, құс — 2100. 

Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласында ауылдық округі бойынша 1 мақта зауыты бар, цехтар саны — 14, дәріханалар саны — 4, кәсіпкерлік нысандар саны — 65, жанармай бекеті — 2, жеке балабақшалар — 3, 2 тіс емханасы және 1 мал базары жұмыс істеп тұр. Жаңадан жеке кәсіпкер Х.Азимов 900 орындық «Яссауи зияткерлік мектебі» жеке меншік мектеп құрылысын салып аяқтады.

   Емхана, пошта, АТС халыққа қызмет көрсетіп келеді. Барлығы ауыл әкімдігімен тығыз байланыс орнатқан.

Тазалық денсаулық кепілі екенін жете түсініп, қарашықтықтар 1800 түп ағаш көшетін отырғызды.

Денсаулық сақтау қызметін ауылдағы  Қарашық елді мекенінде дәрігерлік амбулатория және Құмтүйін елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік тірек қызмет атқарады. Жалпы жұмысшылар саны — 50 адам, 10 жоғары білімді дәрігер және 28 орта буынды медқызметкер және 12 әр түрлі жұмысшы қызмет істейді.

Ауылдық окрукте білім беру саласы бойынша 4 мектеп жұмыс істейді, Қарашық жалпы орта мектебіндегі мұғалімдер саны — 108, кіші қызметкерлер саны — 22, оқушылар саны — 971. Тұран жалпы орта мектебінде мұғалімдер саны – 133, кіші қызметкерлер саны – 38, оқушылар саны — 1068. Құмтүйін жалпы орта мектебінде мұғалімдер саны — 64, кіші қызметкерлер саны — 24 және оқушылар саны – 438. Жеке меншік  Яссауи зияткерлік мектебінде қазіргі таңда 30 оқушы білім алуда.

Ауылдық округте 1 мемлекеттік балабақша және 3 жекеменшік балабақша жұмыс істеп тұр. Тәрбиеленуші балалар саны — 548.

2024 жылғы көктемгі мерзімде әскер қатарына шақырылған 350 азаматқа зерделеу жұмыстары жүргізіліп, хабарлама берілді,  182 шақырылушы қазіргі таңда ЖОО-да және коллеждерде оқуда, 93 шақырылушы — отбасы құрған азаматтар, 16 шақырылушы шетелде жұмыс істейді. Медсараптамадан 8  азамат өтіп, 5 азамат әскер қатарына жіберілді.

Қарашық ауылдық округінің әкімі С.Уразбаев Қарашық ауылдық округі бойынша 2024 жылға қосымша ұсынылған жұмыстарды да атап өтті.

«Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы бойынша Қарашық ауылдық округі 15 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсынылып, Қарашық елді мекенінен 5 көше, Құмтүйін елді мекенінен 5 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге өткізілді.

Қарашық елді мекенінде Қарашық көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалды (сомасы 21 544, 13 мың теңге), С.Жамалов көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалды (сомасы 43 780,46 мың теңге).

Құмтүйін елді мекенінде Түркістан көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалды (сомасы 24 576, 41 мың теңге).

Төле би көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалып (сомасы 12 135 000 теңге), өткізілді.

Қарашық елді мекеніне 2 трансформатор орнату жұмыстарына (сомасы 10 000 000 теңге) сметалық құжаты дайындалып, өткізілді.

Қарашық ауылдық округі бойынша өзекті мәселелерді де тілге тиек ете кетейік. Сонымен, Қарашық елді мекені бойынша:

— Оранғай арығының 4 шақырымына лоток орнату қажет.

Қарашық елді мекенінен су қоймасын салу қажет.

Бас жоспар жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу.

Ауыз су мәселесі.

Карьер мәселесі

Құмтүйін елді мекені бойынша:

— Оңтайландырылған сызба жасалынған жерден тұрғын үй үшін берілетін жерлерге инфрақұрылым жүргізу.

«WWW.AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 101 рет