Жұма, 02 Тамыз 2024 17:20

Шымкент: Қаратау ауданында көшелерді жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Қаратау ауданы әкімінің міндетін атқарушы Бекназаров Ерлан Нұрланұлы баяндады.

 

Аудан аумағында жалпы 595 көше бар. Оның 125 көшесі жарықтандырылған. Қамту көрсеткіші 21 %. 2023 жылы аудан аумағындағы маңызға ие 19 көшені жарықтандыру жұмыстары атқарылса, тұрғындар тарапынан 18 көше жарықтандырылған. 

2024 жылы дейін аудандағы 266 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, жарықтандырумен қамту көрсеткіші 68 % құрайды. Аталған жұмыс Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан атқарылады.

Жолдар құрылысы Аудан аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымды құрайтын –  595 көше бар. Оның 414 шақырым асфальт, 197 шақырым шағал тас болса,  20 шақырымды топырақ көшелер құрайды.

2024 жылы аудан аумағында жалпы 45 көшеге 33,2 км. асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, барлық көшелерде жұмыстар басталған және аудан әкімі аппаратының тұрақыт бақылауына алынған. Бұл жұмыстардың аяқталуына орай, асфальттанған көшелер 77,6 % құрайды.

Қаратау ауданы аумағында 603 үй бар. Оның ішінде 52 үй жарықтандырылған. 2023 жылы аудан аумағындағы 9 үй жарықтандырылса, 2024 жылы 13 үйді жарықтандыру жоспарланған. Олар: Арғынбеков көшесіндегі 8 үй, ӘІО аумағындағы 5 үй. Бүгінгі күні мердігер мекеме анықталып, келісім-шарт түзу жұмыстары жүргізілуде.

Сондай ақ аудан аумағындағы су алу қаупі бар орындар мен ирригациялық арық салу бойынша жұмыстар бойынша аудан аумағында су басу және көлдеу қаупі бар 33 мекенжай анықталып, 2023 жылы 17 орынға ирригациялық арық жүйелерін салу жұмыстары жүргізілген.  Ал, қалған 9 орынды 2025 жылы атқару жоспарда.

Ал, көп қабатты үйлердің қасбеттерін жөндеу жұмыстары орталық көшелердегі көп қабатты үйлердің қасбеттерін ретке келтіріп, жаңаша келбет қалыптастыру мақсатында тұрғын үй басқармасына 52 көпқабатты үйдің қасбетін реттеу және әрлеу үшін ұсыныс жолданған.

 

Оқылды 202 рет