Жексенбі, 14 Шілде 2024 11:14

Түркістан облысы: Саырағаш тұрғындарының мәселелері шешілуде

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Самал-3» шағынауданына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-нің «Оңтүстікауызсу» филиалы, «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесінің басшысы Б.Қалдыбаев қатысты. Жиын барысында ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Көшпелі кездесуде аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында арнайы жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын және сараптаманың қорытындысын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылғанын жетікізіп, аталған жұмыстар өзінің жіті бақылауында екенін атап өтті.

Сонымен қатар, электр жарығы бойынша аудан басшысы «Самал-2» мөлтек ауданы, Мойынқұм көшесіне тартылған, сот шешіміне сәйкес иесіз болып танылған 1200 метрлік электр желісін ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміне өткізу процедураларын шұғыл жүргізіп, бағаналар мен желілерді жаңарту жұмыстарына тиісті құжаттарды әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді.

Жалпы, облыста 833 елді мекеннің 720-сы сапалы ауыз сумен қамтылған. Яғни, 2 миллионнан астам адам қамтылып, бұл көрсеткіш 95 пайызды құрап отыр. Мүлдем ауыз суы жоқ 10 елді мекендегі 9 мың тұрғын ауыз суға қол жеткізеді. Сондай-ақ, 10 елді мекендегі тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылды. Былтыр жыл соңына дейін ауыз сумен қамтылған елді мекендер саны 738-ге жетіп, тұрғындардың 97 пайызына тіршілік нәрі жеткізілген. Жалпы 2025 жылдың соңына дейін облыстағы елді мекендердің барлығы ауыз сумен қамтылмақ.

Облыс тұрғындарының 80 пайызы ауылды елді мекендерде тұрады. Сондықтан ауылдарды қажетті инфрақұрылыммен қамту – басты бағыттардың бірі. Түркістан облысында бір жылда мүлдем ауыз суы жоқ 10 елді мекендегі 9 мың тұрғын ауыз сумен қамтылды. Сондай-ақ 10 елді мекендегі тозығы жеткен ауыз су құбырлары жаңартылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылдың қорытындысымен Түркістан облысының халқы 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз етілуі тиіс. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың барысын үнемі пысықтап отыратыны белгілі. Облыста 720 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етілген. Былтыр жыл соңына дейін 16 елді мекенде су жүйелері жүргізіліп, ауыз су берілгенін айта кеткен жөн.

Елді мекендерді үздіксіз және сапалы ауыз сумен қамту үшін жер асты су кен орындарын, су көздеріне іздеу-барлау жұмыстарын жүргізіп жатқан уәкілетті органдар тарапынан су қорлары бекітілуде. Бұл мәселе бойынша облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков былай дейді: «Өңірде халықты орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2018 жылы облыста 622 елді мекен (7 қала, 615 ауылдық елді мекен) ауыз сумен қамтамасыз етілген болатын. 5 жылда орталықтандырылған ауыз сумен елді мекендердің жалпы саны 720-ға жетті (7 қала, 713 ауылдық елді мекен) немесе 86,4 %-ға артып, 2025,3 мың адам сапалы ауыз сумен қамтылып отыр.

Табиғи газбен қамтамасыз ету саласында ауқымды жұмыстар атқарылды. Соңғы бір жылда 21 елді мекендегі 53 мыңға жуық тұрғын газбен қамтылды. Оған қоса Жетісай ауданында қуаты сағатына 50 мың текше метрды құрайтын 2 автоматтандырылған газ тарату станциясының (АГТС) құрылысы аяқталуына жақындады.

Былтыр 103 нысанның құрылысы жүргізіле бастады. Оның ішінде 68 нысанның құрылысы жылдың соңына дейін аяқталды. Нәтижесінде газбен қамтылған елді мекендердің саны 522-ге жетіп, қамту деңгейі 63 пайызды құрады. Елді мекендердің 98 пайызы электр желісімен қамтылған. Былтыр 71 нысанның құрылысына бюджеттен 10,7 млрд. теңге бөлінді. Нысандар пайдалануға тапсырылғаннан кейін, 55 мың тұрғын сапалы электр қуатымен қамтылады.

Облыста қажетті электр қуатының 80 пайызы сыртқы көздерден тасымалданады. Электр қуатының тапшылығын «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесіп, бу-газ қондырғы станциясын (ПГУ) салу арқылы шешу жоспарлануда. Станцияның қуаттылығы 1 мың МВт-ты құрайтын болады. Нысан үшін жер учаскесі белгіленді. Құрылыс жұмыстары барысында 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылады (құрылыс мерзімі 2024-2026 жж.). Жобаны іске асыру нәтижесінде облыстың электр қуаты тапшылығы шешілмек.

Осыдан үш жыл бұрын елімізде «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» атты ұлттық жоба бастау алған еді. Ұлттық жобаға сәйкес, іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде 2025 жылға қарай ауыз сумен толық қамтамасыз етуге (сумен жабдықтау және су бұру желілерінің 16 мың км салу және реконструкциялау), қалаларда сарқынды суларды 100 пайыз тазартуға қол жеткізіледі, инженерлік желілердің тозуы (жылумен, сумен жабдықтау, су бұру) 55 пайыздан 47 пайызға дейін қысқарады. Өз кезегінде, аталған көрсеткішке қол жеткізу үшін Түркістан облысының әкімдігі тарапынан ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Ендігі жерде өңірдегі ауыз сумен қамту бағытындағы жұмыстарға ерекше тоқталып өтсек.

Ең алдымен, былтырғы жылдың басында облыстағы елді мекендерді ауыз сумен қамту жұмыстары күшейтіліп, жұмыс жоспары қатаң қадағалауға алынатын болған. Мұны облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде өңір басшысы Дархан Сатыбалды айтып, жауапты басқарма басшысы мен аудан, қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды жүйелеп, бірінші кезекте ауыз су мәселесі толық шешуді және салаға қатысты жобаларды жеделдетуді тапсырған болатын. Облыс басшысының айтуынша, ауыз су мәселесін шешуге арналған жобалар сапалы болып, жұмыс тиянақты атқарылуы тиіс. Алдымен жер асты суын іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, жобалық-сметалық құжаттарын әзірленеді. 2025 жылы елді мекендер 100 пайыз ауыз сумен қамтамасыз ету міндетін орындау мақсатында өңір басшысы қажетті ұсыныстарды жүйелеп, қаржы бөлу мәселесін шешуді тапсырған-тұғын.

Былтырғы жылдың басындағы жағдай бойынша өңірдегі 831 елді мекеннің 719-ы ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұған дейін облыстағы жүзден астам елді мекен ауыз суға жарымай отырған.  Десе де, бұл түйткілді шешу бағытында біраз шаруа қолға алынып, атқарылып жатыр. Мәселен, былтыр 57 ауыз су нысанының құрылысына бюджет есебінен 13,3 млрд теңге бөлінді. Соның ішіндегі 43 нысан былтыр аяқталды. Қалған 14 нысан биыл, яғни, 2024 жылы пайдалануға беріледі. Сөйтіп су құбыры жүргізілмеген 17 елді мекен ауыз сумен қамтамасыз етіліп, 11 елді мекендегі тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылмақ.

Былтыр сәуір айында ауыз суға зәру болып келген Сарыағаш ауданына қарасты, Дербісек елді мекенінде су құбырларын тарту жұмыстары жүргізіліп жатқаны мәлім болды. Ауыз судың азабын тартқан ауылдағы бұл жұмыс аяқталса, 15 мыңнан астам тұрғын таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі екен. Одан бөлек, осы аудандағы Қабланбек ауылдық округіне қарасты Ақниет, Қанағат, Жонарық елді мекендерін таза ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары да қарқын алған. Аталған құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 878 тұрғын үй, яғни үш елді мекеннің 7 мыңнан аса тұрғыны таза ауыз суға қол жеткізеді деп көзделген. Демек биылдың өзінде жиырма екі мыңнан астам сарыағаштық сапалы ресурсты тұтынуға мүмкіндік алады деген сөз.

Сондай-ақ, былтыр көктемнің орта тұсында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі Жетісай ауданында да ауыз сумен қамтылған ауылдардың саны артатынын хабарлаған. Сол мәліметте Жетісайдағы қала, кент пен ауылдық округтерге қарасты 112 елді мекеннің 105-і ғана орталықтандырылғын ауыз су жүйесімен қамтылғаны, ол жерлерде 83 ауыз су ұңғысы мен 85 су мұнарасы, 24 су сақтағыш пен санитарлық қорғау аймақтары талапқа сай жұмыс істеп тұрғаны баяндалған. Ресми дерекке сүйенсек, алдыңғы жылы Жетісай қаласының ауыз су жүйелерін қайта құру үшін 272 млн 289 мың теңге, Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атаконыс елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау жүйелерін салу үшін 1 млрд. теңге қаржы бөлінген. Сонымен бірге ауыз сумен қамту мақсатында Қазыбек би ауылдық округіндегі екі жарым мыңнан астам тұрғыны бар Құрбан ата елді мекеніне 422 млн 778 мың теңге, Ж.Ералиев ауылдық округіндегі Сейфуллин елді мекеніне 610 млн 613 мың теңге бөлінген еді.

Былтыр көктемде Сауран ауданындағы Аша ауылына таза ауыз су берілді. Ол уақытқа дейін ашалықтар құдық суын ішіп келген екен. Ресми ақпаратқа сәйкес, жобаның жалпы құны 628,203 млн теңгені құрайды. Бұл қаржыға құбыр жүргізуден бөлек, тереңдігі 720 метрлік 2 су ұңғымасы қазылып, сыйымдылығы 200 текше метрді құрайтын екі су қоймасы салынған. Оған қоса, ауданға қарасты Ескі Иқан, Ибата, Қосмезгіл, Жүйнек, Қарашық және Шорнақ елді мекендеріне де жуырда таза ауыз су тартылмақ.

Сонымен қатар, көп уақыт өтпей жатып Бәйдібек ауданындағы Ақжар және Сарқырама елді мекендеріне де ауыз су берілді. Жалпы, бүгінгі таңда Бәйдібек ауданда 50 елді мекен болса, соның 44-іне орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізіліп, біреуіне модулді су қондырғысы орнатылыпты.

 «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының бір бағыты – тұрғындарды толықтай сапалы ауызсумен қамту болғандықтан, Түркістан облысында да ауылдарды қажетті инфрақұрылыммен қамту басты бағыттардың бірі ретінде белгіленген. Себебі бүгінде Түркістан өңіріндегі тұрғындарының 80 пайызы ауылда өмір сүріп жатыр.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 53 рет