2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша, жыл басынан бері үлескерлердің қаражатын тартуға жергілікті атқарушы органнан рұқсат алған 13 (жергілікті орган 8, Астана қаласымен - 5) компания бар. Қазіргі таңда осы бағытта қала аумағында 24 тұрғын үй кешені қарқынды салынуда.
Жалпы 2024 жылға қала аумағында 1 360 000 шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға қабылдау жоспары бекітілген.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша 590 792 ш.м. тұрғын үйлер пайдалануға қабылданды.
Сонымен қатар, басқарма тарапынан азаматтарға 18 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі, 2024 жылдың шілде айына дейін жалпы саны – 32 491 мемлекеттік қызмет көрсетілген.
2024 жылдың бірінші жартыжылдығында 155 заңсыз құрылыс нысаны анықталып, тиісті шара қолдану үшін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасына жолданған.
Сонымен қатар, 82 құрылыс нысандары бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар Кодексінің 802 бабына сәйкес айыппұл салынып, 45млн 509 мың 694 тг жуық мемлекет бюджетіне түсім түсті.
Аталған нысандар Шымкент қаласының геоақпараттық жүйесінің кезекші картасында айқындалған.
Басқарма тарапынан Заңсыз құрылысты болдырмау және алдын алу үшін тұрғындар арасында аудан әкімдіктерімен бірлесе түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда еліміздің ірі өнеркәсіптік, сауда және мәдени орталықтарының бірі саналатын Шымкент қаласын кешенді дамыту шеңберінде тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаюда. Бұдан бөлек жаңа өндірістік аймақтар, айналма темір жол тармағы және тәулігіне 20 мың адам қабылдайтын жаңа темір жол вокзалын салу, қаланы шеңберлей отырып, 3 айналма жол салу көзделген.
Жалпы қаланы салу перспективасы негізінен солтүстік бағытта, Тұран, Шымкент-сити тұрғын аудандарының, жаңа орталық ауданының көпқабатты кешендерімен белсенді түрде салынуда.
Одан бөлек, қаланың серпінді дамуына және туристік әлеуетін арттыруға ықпал жасайтын, маңызды ірі замануи жобалар ретінде 2000 орынды «Конгресс холл» салынды. Бұдан бөлек 800 орынды «Опера және балет» театры, 2000 орынды 4 «Оқушылар сарайы», «18 жайлы мектеп», 320 орынды «Перинаталды орталық», 800 орынды «Универститеттік клиника», 5000 орынды жабық «Спорт аренасы» (болжаммен 2024-2025 жылдары), 35 мың орынды «Футбол стадионы» құрылыстары қарқынды салыну бағытында жұмыстар атқарылуда.