Сейсенбі, 30 Шілде 2024 12:27

Түркістан облысында ветеринария саласына қаржылай қолдау күшейтіліп, көмек берілуде

Түркістан облысында Ветеринария басқармасына қарасты «Ветеринариялық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын жұмыс атқаруда. Аталмыш кәсіпорында 2 мыңға жуық маман бар.

Эпизоотиялық іс-шараның профилактикасы бойынша төрт түлік пен үй жануарларына 16 түрлі аса қауіпті ауруға қарсы іс-шаралар жүргізіледі. Оның ішінде 13 ауруға қарсы вакцина егілсе, 2 ауруға аллергиялық тексерілу, 1 ауруға дегельминтизация жүргізіледі. Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы саладағы жұмыстар мен кемшіліктер талқыланды. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды жауаптыларға жұмысты жандандыруды тапсырды.

– Ветеринария саласына қаржылай қолдау күшейтіліп, көмек беріліп жатыр. Бірақ әлі де кемшіліктер бар. Жұмысты жүйелеңіздер. Вакциналар жеткізу бойынша мемлекеттік тапсырыс процедураларын жылдамдату, мерзімінде жеткізу, малды уақтылы вакцинациялау аса маңызды. Кене шағу деректері де азамай отыр. Төрт түлік арасында кездесетін аса жұқпалы аурулардың алдын алу керек. Бұл ет экспортына да тікелей әсер етеді. Ветаринарияға жауапты басқарма мен инспекция, аудан, қала әкімдері осы саладағы жұмыстарын күшейтсін, – деген Дархан Сатыбалды ветеринариялық лабороториялардың жауапкершілігін көтеру және өзге де мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен бірге Сайрам ауданындағы мал қалдықтарын тастайтындарға қарсы күресті күшейтуді тапсырды.

Түркістан облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Тоқсейіт Елекеевтің айтуынша, 2024 жылы аса қауіпті ауруларға қарсы 30,9 млн. доза вакцина егу жоспарланып, жыл басынан 15,5 млн. доза вакцина аудан, қала орталығындағы уақытша сақтау қоймаларына жеткізіліп, бүгінгі күнге 6 айдағы жоспардың 78 % орындалды. Оның ішінде: құтыруға қарсы – 380,9 мың, аусылға – 5 119,1 мың, сібір жарасына – 3 508,0 мың, нодулярлы дерматитке – 296,4 мың, брадзот – 506,3 мың, пастереллезге – 93,5 мың, қарасанға – 324,8 мың, лептоспирозға – 74,2 мың, листериозға – 18,2 мың, күлге – 1074,6 мың, обаға қарсы 581,0 мың вакцина егілген. Құс тұмауына қарсы 617,1 мың бас үй құсына ауруларға қарсы вакцина егіліп, 291,0 мың бас ірі қара мен түйе туберкулезге, 13,4 мың бас жылқы маңқа ауруына аллергиялық тәсілмен тексерілді және 264,0 мың ит эхинококкозға қарсы дегельминтизацияланған.

Эпизоотиялық іс-шараның диагностика бойынша 6 айда 623,5 мың бас ірі қара және 2172,4 мың бас ұсақ малдан қан сынамаларын алу жоспарланып, бүгінгі күнге 520,4 мың бас ірі қарадан, 1 811,4 мың бас ұсақ малдан қан сынамалары алынып, ветеринариялық зертханаларда тексерілген. 2024 жылы «сібір жарасы» ошақтарын күтіп ұстау, залалсыздандыруға жергілікті бюджеттен 4,6 млн теңге қаржы бөлініп, 310 ошақтың 3% каустикалы ерітіндімен залалсыздандырылып, арнайы белгілері орнатылды.

Түркістан облысында Қырым қанды қызбасы ауруына қарсы жұмыс жүруде. Көктемгі кезеңде 1 595,7 мың бас ірі мал бүркілді, 5 197,0 мың бас ұсақ мал тоғытылды және 39,3 млн шаршы метр қора жайлар мен жапсарлас аумағын, 15,1 млн шаршы метр мал иірімдері, суаттар, және 7,2 млн шаршы метр сыртқы қоражайлар толығымен залалсыздандырылған. Жыл басынан 20 966 бас ит пен мысық чиптеліп, «Танба» дерекқор базасына енгізіліп, есепке алынған. Ветеринария саласын жандандыру бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Түркістан облысында соңғы жылдары ветеринария саласына ерекше көңіл бөлініп келеді. Көптеген жұмыстар атқарылып, сала қарқынды дамуда. Дәл осы ветеринария саласындағы мәселелерге байланысты биылғы жылдың басында Түркістанда ветеринария саласы өкілдері мен мамандарының қатысуымен жиын да өткізілді. Мақсат – 2023 жылда атқарылған жұмыстарды қорытындылап, биылғы жылға жоспарды нақтылау. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлы төрағалық етіп, саладағы атқарылған жұмыстарға тоқталған болатын.

– Мемлекет басшысының ветеринария саласын жетілдіру, ветеринар мамандардың еңбекақысын ұлғайту тапсырмасына сәйкес былтыр мамандардың жалақысы 35-50%-ға көтерілді. Ауыл шаруашылығы жануарларына 16 түрлі аса қауіпті ауруларға қарсы 29,5 млн. доза вакцина егу жоспарланып, жоспар толығымен (100%) орындалды. Ауыл шаруашылығы дамыған өңіріміз үшін ветеринарияның маңызы зор. Осы сала өкілдеріне артылар жүк жеңіл емес. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін, – деді сол кезде облыс әкімінің орынбасары.

Сол жиында облыстық ветеринария басқармасының басшысы Ғани Құрманбайдың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, былтыр облыста жергілікті бюджеттен энзоотиялық аурулардың алдын алуға қажетті дәрі-дәрмектерді сатып алуға 410,3 млн. теңге, іс-шараларды атқаруға 482,6 млн. теңге бөлінген. Бұл іс-шараларды атқаруға кәсіпорыннан 1552 қызметкер жұмылдырылып, мамандар арнайы қорғаныс киімдермен қамтамасыз етілген (1552 дана арнайы киім, резенке етік, 9312 дана респиратор, 3104 дана көзілдірік, 7 760 дана қолғап), сондай-ақ, 17 дана сәйкестендірілген ДУК автокөліктерімен, 17 дана ранцтік аппарат, 17 дана мотопомпалармен қамтылған.

Екі кезеңінде 3056,5 мың бас ірі мал бүркілсе, 9773,7 мың бас ұсақ малды тоғыту, 74,2 млн шаршы метр қора жайлар мен жапсарлас аумақты, 29,2 млн мал иірімдері, суаттар мен бұталарды залалсыздандырған. Дегенмен адамдарды кене шағу жағдайы бойынша 2022 жылы 1 530 адам қаралса, 2023 жылы 1 623 адам тіркеліп, 2022 жылмен салыстырғанда 93 адамға артқан.

Құтыру ауруының алдын алу және таралу жолдарын болдырмау мақсатында қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 17 бригада, 24 аңшы жұмылдырылыпты. Тиісті жұмыстар атқарылған. 2023 жылғы 1 қыркүйегінен бастап, үй жануарларын есепке алу «Таңба» дерекқор базасына иелері бар үй жануарларын тіркеуге қою жұмыстары басталып, оның 7758 ит-мысық чиптеліп, «Таңба» дерекқор базасына енгізіліп, есепке алынған екен.

359,2 мың бас ірі қара, 1805,2 мың бас ұсақ мал, 97,2 мың бас жылқы, 7 мың бас түйе және 2822 бас шошқа бірдейлендіріліп, дерекқор базасына енгізілді деді ветеринария басқармасының басшысы. Өңірдегі 832 елді мекен бойынша 2024 жылы мал өлексесін тастайтын 163 орын, 44 дана «Беккари» шұңқыры, 316 дана ұсақ малды шомылдыратын орындар бар. Жиын соңында ветеринария бойынша әр аудан, қаладағы кемшіліктер талданып, жұмысты ширату жөнінде тапсырмалар берілгенін айта кеткен жөн.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

Оқылды 49 рет