Жұма, 23 Тамыз 2024 15:38

Шымкентте 111 нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі

2024 жылы Шымкентте құрылыс саласы жаңа деңгейге көтерілуде. Биыл 163,07 млрд. теңгеге 114 жоба жүзеге асырылып, 111 нысан жыл соңына дейін тапсырылмақ. Бұл біздің қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға арналған үлкен қадам.

 

Бұл туралы Өңірліккоммуникацияларқызметініңалаңында «Шымкентқаласыныңқұрылысбасқармасының 2024 жылдың I жартыжылдығындаатқарылғанжұмысқорытындыларытуралы» тақырыбындаөткен баспасөзконференциясында айтылды.

Биылғы жылы 79 тұрғын үйдің құрылысы аяқталып, 207,6 мың шаршы метр құрайтын жаңа пәтерлер пайдалануға беріледі. Қаламыздың түрлі аудандарында жаңа үйлер бой көтеріп, тұрғындарға қолжетімді баспана ұсынылуда. 13 тұрғын үйдің құрылысы келесі жылға жоспарланған. Бұл алдағы жылдарда да Шымкенттің даму қарқыны жоғары болатынын көрсетеді.

Сондай ақ, әлеуметтік осал топтарға және жұмыс жасайтын жастарға 1180 пәтер сатып алынды. Бұл тек баспана ғана емес, олардың болашаққа деген сенімін арттырудың бір жолы.

Жиында үйлердің техникалық жағдайы да айтылды.

«2024 жылдың алғашқы 6 айында қаладағы 10 382 пәтердің 198 кемшілігі анықталып, оның 188-і қалпына келтірілді. Қалған 10 кемшілік бойынша жұмыс әлі де жалғасуда. Бұл жұмыстардың барлығы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы өмір сүру жағдайларын сақтау мақсатында жүргізілуде»,- деді Олжас Пердебайұлы.

Үйлердің техникалық жағдайы басты назарда: 2021 жылдан бері 233 көппәтерлі тұрғын үйге техникалық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 68 үй сейсмонығайтуды қажет етсе, 67 үй апатты деп танылды. Бұл үйлердің тұрғындары үшін қауіпсіздік бірінші орында, сондықтан қажетті шаралар қабылдануда.

2024 жылы анықталған кемшіліктер саны азайып келеді. Бұл құрылыс сапасының жақсарып жатқанын көрсетеді. Мердігер мекемелер кепілдік мерзімінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша белсенді жұмыс істеуде.

«Шымкент қаласында тұрғын үй сапасы – басты назарда! Біз сіздің қауіпсіздігіңіз бен жайлылығыңызды қамтамасыз ету үшін жұмыс істеп келеміз»,- деді Олжас Пердебайұлы.

Оқылды 94 рет