Бейсенбі, 29 Тамыз 2024 14:57

Шымкентте стратегиялық сумен жабдықтау нысандары қайта мемлекет меншігіне қайтарылады

«Шымкент қаласындағы бұрын жекешелендірілген стратегиялық сумен жабдықтау және су бұру объектілерін мемлекет меншігіне қайтару» тақырыбында Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында баспасөз конференциясы өтті. Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары – Кәрімов Айдын Мейрамбекұлы және Шымкент қаласы энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы – Меңдіқұлов Рзабек Балтабекұлы қатысып, БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

 

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткен Экономиканы монополиядан арылту жөніндегі комиссияның шешімін орындау мақсатында Шымкент қаласының әкімдігімен заңсыз берілген жер телімдері мен нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.

Айдын Кәрімовтың айтуынша, 1996-1998 жылдары Шымкент қаласының сол кездегі әкімі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын монополиядан арылту аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жекеменшікке беру туралы шешім қабылдаған. Осыған байланысты, қазіргі уақытта заңсыз жекешелендірілген нысандарды мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Тасымалдау барысында қаладағы жалғыз мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның екі су қабылдағышы «Тассай-1» және «Тассай-2», «Уникансервис» тазарту қондырғысы және «ТрансВиК» автокөлік шеберханасы еншілес ұйымдарға бөлінді. Одан әрі құрылған төрт еншілес кәсіпорын мен қосымша “Бадам-Сайрам” және “Ақбай-Қарасу” су қабылдағыштары да жекешелендіруге берілді.

Жиында Шымкентте су және кәріз тарифтерін төмендету жұмыстары туралы да айтылды.

Шымкент қаласының әкімдігі тарапынан аталған шаралар арқылы су мен кәріз жүйесінің тиімділігін арттыру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау көзделуде.

 

Оқылды 111 рет