Қазіргі таңда қалада 250 мыңнан астам жолаушы қоғамдық көліктерде тегін жүреді. Тұрғындарға ыңғайлы болу үшін жеңілдетілген көлік карталарын шығару және сату бойынша 5 пункт ашылды. Сонымен қатар, жолаушылардың сұраныстары мен өтініштері ескеріле отырып, биылғы жылы 39 бағыттың қолданыстағы қозғалыс схемаларына өзгерістер енгізілді. Барлық шағынаудандар мен тұрғын алабтар, соның ішінде шалғайда орналасқан елдімекендер толық қоғамдық көліктермен қамтылған. Тілге тиек етейік, қала аумағындағы және шет жағындағы барлық шағын аудандар мен тұрғын алаптар қоғамдық көлікпен 100 пайыз қамтылған.
Қазіргі уақытта күнделікті 916 автобус және 11 тасымалдаушы компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. 2024 жылғы 5 айда 36 738 679 тасымалданған. Жалпы автобус саны резервпен қоса 1140-ке жетті.
Биыл Шымкент қаласында 229 қоғамдық көлік жаңарту жоспарлануда. Оның ішінде, бүгінде «Автоимпульс» ЖШС тарапынан «Zhongtong» маркалы 5 жаңа автобус наурыз айынан бастап, «Санжар моторс» ЖШС және ЖК «Абдуганиев» «SAZ LE 60» маркалы 12 автобус мамыр айынан бастап, «Ман-оңтүстік» ЖШС «Youtong» маркалы 3 жаңа автобус қызмет көрсетуде. Бүгінде қаладағы 1142 автобустың 95 пайызға жуығы соңғы 5 жылда алынған. Қоғамдық көліктер жыл сайын кезең-кезеңімен жаңартылуда. Биыл 10 мамырдан бастап қалада валидаторлар төлем қабылдауды бастады.
Аталған жүйе әдеттегідей көлік картамен, Avtobys мобильді қосымшасы арқылы Bluetooth, NFC, QR кодтары және контактісіз банк карталары арқылы төлемдерді қабылдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қосымша арқылы мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер және басқа санаттар үшін көлік карталарын сатып алмай-ақ, жеңілдетілген тарифтерді пайдалана алады.Сонымен қатар, қазіргі таңда қоғамдық көліктерде аялдаманы дыбыстағыш құрылғымен қамту жұмысы жүргізіліп жатыр. Бүгінде бұл құрылғы №12, №27, №35, №74, №84 бағыттағы жолаушылар көлігінде жалпы саны 110 автобуста орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 500 көлікте аялдамалар дыбыс құралымен хабарланады деп жоспарланды. Айта кетейік, қоғамдық көлік жүргізушілеріне бірыңғай киім үлгісінің дизайн бекітіліп, тасымалдаушы компанияларға қамтамасыз ету міндеттелген.