Жексенбі, 28 Қазан 2018 22:07

Түркістан облысы: Келесте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Осы аптаның сейсенбісінде Келес ауданының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламары бөлімінің ұйымдастыруымен «Еңбек» нәтижелі халықты жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы аясында пробация есебінде тұрған және жалпы жұмыссыз азаматтар үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. 

Жәрмеңкеге Келес ауданының әкімі А.Есбаев, Келес ауданының прокуроры Б.Сейфолла, Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Сексенбаев, Келес ауданы прокурорының орынбасары М.Ахмедов, Келес аудандық пробация қызметі бөлімі бастығы, әділет капитаны Н.Аширбаев, Келес ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Г.Құралбаева, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған және жұмыссыз азаматтар қатысты. Аталған жәрмеңкеде сөз алған аудан басшысы Ақментай Есбаев: «Бүгінгі жәрмеңкеге ауданның 17 жұмыс берушісі 21 тұрақты бос жұмыс орнын ұсынды, сонымен қатар солтүстік өңірлерден 100-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Осы ұсынылған бос жұмыс орындарынан өздеріңізге лайықты жұмысты қарап, жұмысқа орналасып кетулеріңізге тілектестігімді білдіремін» - деп сөзін түйіндеді.

Жәрмеңкеге 60 жұмыссыз азамат қатысты, оның ішінде 30-ы – пробация қызметінде тұрған азаматтар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 950 рет