Сенбі, 07 Қыркүйек 2024 11:14

Елімізде MICS-2024 зерттеуі басталды

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында «МИКС(Мультииндикаторлық кластерлік зерттеу) халықаралық зерттеуі туралы» тақырыбында өткен баспасөз конференциясында айтылды.

 

2024 жылдың 2 қыркүйегінен бастап Қазақстанда халықаралық деңгейде танымал зерттеу – ЮНИСЕФ әзірлеген Халықаралық мультииндикаторлық кластерлік зерттеу (MICS) басталды. Бұл зерттеу еліміздің 24 мыңнан астам үй шаруашылығын қамтиды. Қазақстан үшін бұл MICS зерттеуі төртінші рет ұйымдастырылып отыр: бұған дейін 2006, 2010 және 2015 жылдары өткізілген.

MICS зерттеуінің басты мақсаты – Қазақстандағы әйелдер мен балалардың жағдайын бағалауға арналған негізгі көрсеткіштерді жинақтау. Бұл мәліметтер әлеуметтік және денсаулық сақтау салаларындағы проблемаларды анықтауға, олардың шешімдеріне бағытталған саясаттарды жақсартуға мүмкіндік береді.

2024 жылғы MICS зерттеуі Қазақстандағы ЮНИСЕФ өкілдігімен бірлесе отырып, БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қоры (ЮНФПА) және Азия даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Осы халықаралық серіктестіктердің қолдауы MICS зерттеуінің жоғары деңгейдегі сенімділігін қамтамасыз етеді.

Биылғы зерттеу әйелдер мен балалардың денсаулығы, тамақтану, білім беру, санитария, ерте жастағы даму сияқты маңызды аспектілерді қамтиды.

Зерттеу нәтижелері ұлттық саясаттың тиімділігін арттыруға, осы мәселелердің шешімін табуда нақты ұсыныстар беруге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы MICS зерттеуі – елдің әлеуметтік саласын дамытуға бағытталған маңызды қадам. Ол әйелдер мен балалардың өмір сапасын жақсартуға, денсаулық пен білім беру салаларындағы кемшіліктерді жоюға жол ашады.

Қазақстанда басталған MICS-2024 зерттеуі елдегі әйелдер, ерлер және балалардың денсаулығы мен тұрмыс жағдайын жан-жақты талдау мақсатында жүргізілуде. Әрбір сауалнама денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік даму салаларына қатысты маңызды аспектілерді қамтиды. Бұл зерттеу Қазақстанның мемлекеттік органдарымен келісілген және қажетті мақұлдаудан өткен.

Оқылды 192 рет