Жексенбі, 22 Қыркүйек 2024 17:15

Шымкентте тұрғын үй және құрылыc саласының сапалары оң өзгерістермен толығуда

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен «Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2024 жылдың 8 айында атқарылған жұмыс қорытындылары туралы» тақырыбындағы баспасөз конференциясында айтылды.

 

Шымкент қаласында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жағымды өзгерістер орын алуда. Қаладағы көпқабатты тұрғын үйлердің басқару жүйесі жаңарып, 1172 тұрғын үй басқару нысаны ретінде тіркелген. Оның ішінде 142 тұрғын үйде мүлік иелері бірлестігі (МИБ) құрылып, 1030 үйде жай серіктестік (ЖС) жұмыс істеп жатыр. Бұл реформалар тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға және үйлерді тиімді басқаруға бағытталған.

Мерлан Әбдірахманұлының айтуынша, Қалада құрылыс жұмыстарын заң талаптарына сай жүргізу күшейіп, 2024 жылы лицензия алу бойынша 609 өтініш қаралып, 76 лицензия берілген. Сонымен қатар, сарапшылық жұмыстарды орындау үшін 43 сарапшыға аттестат берілді, бұл құрылыс сапасын арттыруға көмектесуде.

Сондай ақ, қаланың кондоминиум нысандары «Е-Шаңырақ» ақпараттық жүйесіне толықтай енгізіліп, техникалық паспорттар цифрландырылды. Бұл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқаруды жеңілдетуге және айқындылықты қамтамасыз етуге септігін тигізуде.

Жалпы, Шымкенттегі бұл реформалар қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуді арттырып, құрылыс және тұрғын үй саласындағы басқару жүйесін жаңа деңгейге көтеруде.

Оқылды 145 рет