Бұл мереке 2011 жылы Елбасының жарлығымен бекітілген-ді. Осы кезеңнен бастап елімізде қазан айының соңғы жексенбі көмекке зәру жандарға қолдау көрсетіп жүрген әлеуметтік сала мамандарының төл мерекесі ретінде тойланып келеді.
Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік жаңғырту – жаңа әлеуметтік саясатқа ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе, «әлеуметтік» ұғымымен қорғау, көмек, қызмет, оңалту, ортаға әсер ету, паналау орны, диагноз, қолдау, педагогика қызметкер секілді қоғам өмірінде болып жатқан мәселелерге атүсті қарамай, мемлекетіміздің әрбір көмекке зәру жандарына қол ұшын созып жатыр. Бұл қызметтік міндеті бойынша ғана емес, адал жүректің қалауымен мейірімділік, жақсылық жасай білетін адамдардың кәсіби мерекесі, - деп әлеуметтік қорғау саласы қызметінің маңыздылығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ мерекеде Жетісай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әбжанов Әділхан Досыбайұлы еселі еңбектерімен көзге түскен әлеуметтік қызметкерлерге Жетісай аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясының және бөлім басшысының Алғыс хатын тарту етті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат.