Қолөнер өнімдерін презентациялау мен сатудың платформасына айналған іс-шара 2024 жылдың шілдесінен бастап қыркүйек айына дейін әр сенбі сайын Арбат жаяу жүргіншілер алаңында өткізілді.
Іс-шараға қолөнершілер, тоқымашылар, дизайнерлер және суретшілер секілді 25-тен астам шеберлер қатысып, өз өнімдерін сатылымға қойды.
Көрсетілген кезеңде 1450 тауар сатылып, табыстың жалпы құны 2 780 000 теңгені құрады.
Аталған жәрмеңкелердің басты мақсаты креативті индустрия кәсіпкерлерінің өз өнімдерін сәтті түрде монетизациялауына қолдау көрсету болды.
Ауа-райының суытуына байланысты жәрмеңкенің маусымы жабық деп жарияланады. Алайда, қаладағы креативті индустрия саласына қолдау көрсету және дамыту бойынша өз миссиямызды жалғастыра отырып, аталған іс-шараны 2025 жылдың көктемінде қайта жандандыру жоспарлануда.