Трассалық пунктте жұмыс істеген 8 жыл ішінде ЖКО - ға 980-нен астам шақыртуларға шықты.Жол-көлік оқиғаларының медициналық-санитарлық салдарын жоюға бірнеше рет қатысты.ТМҚП-де барлық жауапкершілікті ала білді.
М.Н.Турсынбаев басшылығымен ТМҚП бригадасының үйлесімді өзара іс-қимылының, сондай-ақ шұғыл медициналық көмекті дұрыс ұйымдастырудың арқасында алған жарақаттардан болатын өлім-жітімді болдырмауға және ауруханаға дейінгі кезеңде, тіпті ең ауыр науқастарға да медициналық көмектің жеткілікті көлемін көрсете отырып, барлық зардап шеккендерді уақтылы стационарға эвакуациялады.
Фельдшер болып жұмыс істеген кезеңде ЖКО-да мыңға жуық зардап шегуші құтқарылып, медициналық көмек көрсетілді.
2020 жылы Өзбекстандағы бөгет бұзылған кезде Түркістан облысы Мақтаарал ауданының ауылдарын үлкен су жауып тұрды. Мыңнан астам үй зардап шекті. 14 елді мекеннің 31 мыңнан астам тұрғыны эвакуацияланды. Фельдшер, ТМҚП бригадасының құрамында зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсету үшін жіберілді.
М.Тұрсынбаев 50-ден астам жергілікті тұрғынға тексеру жүргізіп, медициналық көмек көрсетті.