Дүйсенбі, 29 Қазан 2018 17:43

Түркістан облысы: Төлеби ауданы әкімі азаматтарды жеке мәселері бойынша қабылдады

Бүгін өткен жеке қабылдау барысында төлебиліктер жер қатынастарын реттеу, тұрғын үй кезегі, газ, отбасылық жағдайлары мен әлеуметтік мәселелері туралы, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, тұрғындардың мазасын алып жатқан кәсіпкер жөнінде шара қолданылса екен деген өтініштерін айтты. Бұл туралы «AQ-QARA.KZ» ақпарат агенттігі хабарлайды Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Аудан әкімі барлық өтініштер мен ұсыныстарды мұқият тыңдап, қолданыстағы заңнама аясында қаралатынын түсіндіріп, орынбасарлары мен тиісті мемлекеттік мекеме басшыларына тұрғындардың мәселелерін шешуге тапсырмалар берді.

Естеріңізге сала кетейік, жұмыс кестесіне сәйкес, алдын ала жазылу бойынша, әр аптаның дүйсенбі күні сағат 15.00-де Төлеби ауданының әкімі Бауыржан Омарбеков тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдау барысында тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырып жүрген мәселелерін айтып, олардың шешу жолдарын бірге табуға мүмкіндік ала алады.

Алдын ала жазылуды Төлеби ауданы әкімі аппаратының әкімшілік және құжаттандыруды қамтамасыз ету бөлімінің бас инспекторы Хайтметова Камиля Заманқызы жүргізеді. Қосымша ақпарат алу үшін 8(72547) 6-13-70 нөміріне хабарласуларыңызға болады.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат.

Оқылды 950 рет