Сейсенбі, 22 Қазан 2024 11:52

Шымкенттік оқушылар «Қыран елім-Қазақстан» атты флешмобқа қатысты

Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық флешмоб өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырған. Жалпы, аумағындағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 300 оқушысы қатысқан жиында рухты әндер айтылды, домбырамен күй шертілді. 

Қала тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл-күй мен ерекше қуаныш сыйлаған мерекелік шаралар легі толастаған емес. Мәні зор мерекенің мағынасын арттырған бүгінгі шара соның айғағы. «Қыран елім – Қазақстан» патриоттық акцияны қолдау мақсатында алаңға жиналған жастар арнайы бейнеролик де түсірді. Алдағы уақытта оқушылар бұл түсірілімді әлеуметтік желілерге жарияламақ. Сол арқылы интернет қолданушыларға үлгі болуда мақсат еткен. 

Алдағы уақытта, жас ұрпақ бойына отансүйгіштік қасиетті дарытып, Атажұрттың абыройын асқақтатар тұлға тәрбиелеуде бұндай іс-шаралар жиі ұйымдастырлмақ. 

- Республика күні мерекесіне орай бірнеше іс-шаралар өткізілді. Аталған іс шарардың бірі осы көріп отырған Қыран елім – Қазақстан» флешмобы өткізілді. Бұл іс-шараға 300-ге жуық химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары белсенді қатысып, солардың көмегімен өткізілді. Тағыда басқада іс-шарарал өтіп жатыр біздің ауданда,- деді Қаратау ауданы әкімдігінің аппарат басшысы Олжас Қайырғалиұлы.

 

Оқылды 41 рет