Дөңгелек үстелге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру саласындағы өзгерістерді талқылау үшін Білім, Денсаулық сақтау, Әлеуметтік жұмыспен қамту басқармаларының өкілдері, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының қызметкерлері, педагог мамандар мен журналистер қатысты. Шарада кәсіби қабылдаушы отбасылардың ерекшеліктері мен баланы қабылдаған отбасылардың құқықтарын қорғау мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Қатысушылар кәсіби қабылдаушы отбасылардың міндеттері, олардың еңбек ақысы, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері жайлы қызу пікір таластырып, талқылау барысында «Кәсіби қабылдаушы отбасындағы баланың құқықтары кімнің бақылауында болады?», «Отбасының міндеттерін қалай қадағалау қажет?» деген сауалдар талқыланды. Сонымен қатар, отбасылардың қолдау механизмдерін жетілдіру қажеттігі де аталып өтті.
«Ұлттық бала асырап алу агенттігі» жобасының басшысы Фарида Рахметова бұл институттың балалардың құқығын қамтамасыз ету үшін әлеуметтік қызметкерлер мен қорғаншылық органдарының санын көбейтудің маңызды екенін атап өтті. Бұл шаралар өтініштерге жылдам жауап беруге, асырап алушы отбасыларға қажетті көмек көрсетуге, балалардың құқықтарының сақталуын қадағалауға мүмкіндік береді.
Іс-шараның нәтижесінде мемлекеттік органдарға Кәсіби қабылдаушы отбасы институтының маңыздылығы туралы егжей-тегжейлі баяндалды.