Қорытындысымен өткізілген кәсіподақ ұйымының есеп беру - сайлау жиналысында бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы болып департаменттің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Арапбаева Жанар Қамбарқызы сайланып, өз кезегінде жалпы жиналыста бірауыздан салалық кәсіподақ филиалының конференциясына делегат болып сайланды.
Жиналыс салтанатты жиынға жалғасып, «25 қазан - Республика күні» мерекесіне және «27 қазан - Әлеуметтік қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған іс-шараға ұласты.
Салтанатты жиынды департаменттің басшысы Руслан Кәрібайұлы ашып, атаулы мерекемен құттап, мерекелік күннің тарихи тұстарына тоқталып, департаменттің атқарған жұмыстарындағы жетістіктерін тілге тиек етіп, құттықтау үшін сөз кезектерін жиынға келген қонақтарға берді.
«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы іс-шараға қатысушыларды Республика күнімен және Әлеуметтік қызметкерлер күнімен құттықтап, департаменттің белсенді кәсіподақ мүшелеріне филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгісімен департаменттің №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Илеспаев Анвар Амангелдіұлы, «Құрмет грамотасымен» №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Арапбаева Жанар Қамбарқызы мен №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Өтелбаева Дина Ағабекқызы, сондай-ақ «Алғыс хатпен» халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Смайлова Фариза Әбдіқұлқызы мен халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы Нәлжанов Ғалымжан Қошқарбайұлы марапатталды.
Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.